ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Жумагалиева Д.М. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,Талдықорған қ. danchik_0194@mail.ru Ғылыми жетекші: п.ғ.к., доцент Жолтаева Г.Н.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу, жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету туралы” Заңына сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар білім алуға және шығармашылық, дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең құқылы [1].
Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз - оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді:мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі –жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды.Бұл балалардың оқу үлгерімі ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныпта белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктер: сабақ процесіне жай қосылады; оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды; берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды; оқу мен жазуы жай; оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды; есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді; тез шаршағыш; сыныптастарымен аз араласады; өз ойын анық айта алмайды [2].
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 7-8 жастан анық байқалады. Оның негізгі белгілері: сабаққа белсенділігі болмайды, берілген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жібереді, тез шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде [3].
Психикалық дамуы тежелген балаларда арнайы оқытусыз сөздік белсенділік пайда болмайды, айналасындағы адамдар сөзге дейінгі қатынас түрлері де қалыптаспайды, заттық іс-әрекет дамымайды. ПДТ оқушылар тез шаршайды, кейде бастаған іс-әрекетін орындаудан бас тартады. ПДТ эмоционалды ерікті ісінде баяу жетілуінде, сондай-ақ интелектуалды жеткіліксіздіктен дамиды. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психикасының дамуы тежелген балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын байыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады.
Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
шаршап кетпеуін қадағалау;
оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;
Мамандардың оқыту түзету процесінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейіне жеткізуге болады. Білім беру мекемесінде оқитын ПДТ балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажет. ПДТ баламен жүргізілетін жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастыру керек. Дидактикалық материалды жеткілікті түрде қолдану, қазақ тіліндегі оқулықтардың жеткілікті болуы, көрнекі құралдардың эстетикалық және педагогикалық талаптарғасәйкес келуі, ойын құралдарының әртүрлігі, іс-әрекеттен тыс техникалық құралдардың жеткілікті қолданылуы -бұл баланың сөз сөйлеуін жақсы меңгеруінің бір шарты болып табылады [4].
Жалпы және арнайы білім беру: интеграция мен дифференциация. Бүгінгі күні білім алуда ерекше қажеттіліктері бар және еңбек қабілеті шектелген адамның қоғамға интеграциясы (бейімделуі, қатысуы, сініп кетуі), оған дамуындағы ауытқулармен мүмкіндіктерінің шектелуін толықтыратын жағдайларда, әлеуметтік өмірдің барлық түрлері мен формаларына қоғамның басқа мүшелерімен бірге және бірдей қатысуына құқық пен шынайы мүмкіндіктердің берілу үдерісі мен нәтижесін білдіреді.Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім беру жүйесіндегі интеграция минималды шектейтін альтернативаның (таңдаудың) мүмкіншілігін білдіреді: білімді арнайы (түзете оқыту) білім беру мекемесінде намесе мүмкіндіктері бірдей болса, жалпы білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі білім беру мекемесі, мектеп және т.б) алады.
Интернальді интеграция (біріктіріп оқыту) – бұл арнайы білім беру жүйесінің ішіндегі интегрция
Экстернальді интеграция (біріктіріп оқыту) – арнайы мен жалпы білім берудің өзара әрекеттесуін көздейді. Жалпы білім беретін мектептің қалыпты сыныбында бірлесіп оқу. Білім беретін мекемелердегі арнайы сыныптар. Психикалық дамуы тежелген балаларға арнайлған сыныптар,педагогикалық қолдау (толықтырып оқыту) сыныптары.
Қазіргі жалпы мектептегі білім берудегі мәселе болып тұр, үлгермеушілік пен баланың мектеп ортасына бейімделу қиындығы саналады. Аталмыш мәселені шешуде жалпы білім беретін мектеп оқушыларына диффенциалды (жіктеп) оқытуды ұйымдастыруды айтуға болады. Ол балаға жеке ықпал етуді және оған білім беру формасы мен әдістерін таңдауда оның жеке бас ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін есепке алуының күшейтуін қарастырады [5].
Психикалық дамуы тежелген балалардың оқу әрекеті. Мұндай балалардың оқу әрекетінде үлгермеушілігі алғашқы бірінші сыныпқа барғаннан басталады. Бірақ алғашқы белгілері 2 - 3 сыныпқа келген кезден байқала бастайды. Бұл балаларды оқу әрекетіне тән жағдайлар:
- Сабаққа деген ынтасы болмау.
- Сабақ барысына немқұрайлы қарап, қатыспау
- Сабақты жай, немесе мүлдем қабылдамау
- Мұғалімнің немесе басқа біреудің көмегінсіз өзіне тапсырылған тапсырманы өз бетінше орындай алмау
- Оқу, жазуды жай немесе үлкен қиындықпен меңгеру
- Оқығаның түсінбеу, немесе түсінігін өз сөзімен жеткізіп айтып бере алмау.
- Санау, есептеу барысында көптеген қателіктер жіберіп отыруы
- Тез шаршап, оқу процесіне ат салыспау, өзін дұрыс ұстамау.
- Сөздік қоры аз, өз жасына сай болмау, сөйлеу мәнері жүйеленбеу
- Өз қатарластарымен араласпау.
Арнайы жүргізілетін әдістемелердің барысында психикалық дамуы кешеуілдеген балаларың қабылдауының бұзылыстары анықталды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерінің ішінде – қабылдауының бұзылуы, зейіннің бұзылуымен байланысты.
Мысалы, Дж.Равеннің тестін қарастырсақ, бұл әдістеменің мақсаты – баланың көрнекі міндеттерді шеше отырып, аз уақыт ішінде және шапшаң түрде көрген нәтижелердің бейнелерін есте сақтай отырып, оларды тәжірибе жүзінде пайдалана алуын анықтау. Бұл әдістемеде суреттер қолданылады. Оны көрсетпес бұрын балаға суретте екі кілем және кілемнің тесілген жерлерін жамау үшін маталардың кесінділері бейнеленген, кілемнің суреттері және жамаулары бір-бірінен айнымайтындай болуы тиіс деп айтылады.
Қорытынды нәтежесі
10 балл — бала тапсырманы орындауға 20 сек. аз уақыт ішінде орындады.
8-9 балл —бала тапсырманы орындауға 21-30 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.
6-7 балл — бала тапсырманы орындауға 31-40 сек. жұмсаған жағдайда қойылады.
4-5 балл — бала тапсырманы орындауға 41-50 сек. жұмсаған жағдайда.
0-3 балл— бала тапсырманы орындауға 51-60 сек. жұмсаған жағдайда.
Даму деңгейінің қорытындысы:
10 ұпай – өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
6-7 ұпай – орташа
4-5 ұпай – төмен
0-3 ұпай – өте төмен