Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Жіктеу және сілтеу есімдіктерінің септелу ерекшеліктері



бет31/48
Дата18.12.2023
өлшемі243,44 Kb.
#140388
түріСеминар
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Байланысты:
Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы «Морфология және сөз-emirsaba.org

3.Жіктеу және сілтеу есімдіктерінің септелу ерекшеліктері

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.


Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы: жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

Атау



мен



сен



ол

Ілік



менің



сенің



оның

Барыс



маған



саған



оған

Табыс



мені



сені



оны

Жатыс



менде



сенде



онда

Шығыс



менен



сенен



онан (одан)

Көмектес 





менімен



сенімен



онымен

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.


Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер.


4.Белгісіздік есімдігінің мағынасы, морфемдік құрамы


Белгізідік есімдігі — затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі.Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін (Абай). Адамның кейбір кездері Көңілде алаң басылса (Абай). Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі белгісіз бір адам мағынада кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай белгісіз бір кездер мәнінде колданылған. Белгісіздік есімдігіне: біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбр, бірнеше, әлденше, біраз, әрқашан, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әрқашан деген сөздер жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет