2. Грамматикалық мағынаның түрлері және олардың тілде берілу тәсілдері туралы айтыңыз
Грамматикалық мағына – сөздің жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағына арқылы олардың әрі жалпылық, әрі ортақтақ қасиеті негізінде сөздер грамамтикалық топтарға топтасады.
Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі – семантикалық тәсіл. Ол - сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып жалпылануы арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Екінші – синтетикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық тәсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар: қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлғалардың (формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс - приставка қосылу арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, қосылуы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі; екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруімен грамматикалық мағынаның берілуі; супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер арқылы берілуі. Үшінші – аналитикалық тәсіл. Аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі (мысалы, алтын сағат, темір күрек, ағаш үй, шәкірт бала сияқты тіркестерде алғашқы зат атаулары алтын, темір, ағаш, шәкірт, екінші зат атауын білдіретін сөздермен тіркесу арқылы заттық мағынада емес, қатыстық-сындық мәнде қолданылған) негізгі сөз бен көмекші сөздің (көмекші етістік, шылау, т.б.) тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің қосарлануы арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, дауыс ырғағы, интонация арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Сондай-ақ, аралас тәсілдер де болуы мүмкін яғни грамматикалық мағынаның берілуінде бір емес бірнеше тәсілдің элементі болуы мүмкін.
І. Семантикалық тәсіл. Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы. Мысалы, белгілі бір топ сөздердің жалпы зат атауын немесе заттың сынын я санын, немесе жалпы қимыл, іс-әрекетті білдіруі, сөйтіп, белгілі бір топтарға (сөз таптарына) жіктелуі.
Лай суға май бітпес қой өткенде, күлеміз қасқыр жалап, дәме еткенде (Абай). Берілген сөйлемдегі сөздерді жалпы грамматикалық мағыналарының ортақтығы жағынан мынадай топтарға бөлуге болар еді: І) Су, лай, қой, қасқыр, дәме, еңбек, жеміс, көз, қолқабыс, бір топ, 2)(май) бітпес (қой) өткенге, күлеміз, жылап, (дәме) еткенге, жасамаймын, көрем (ін) деп жасаймын, берем (ін) деп екінші үлкен топ. 3) лай, кейінгіге т.б. үшінші топ. Бірінші топтағы әр сөздің нақты лексикалық мағынасын айқындай отырып, ол сөздердің бір-бірімен жақындығы жоқ екендігін анықтап, абстракциялану, жалпылану барысындағы мәніне назар аударсақ, яғни нақты су мәніндегі зат атауының жалпы зат атауы мәні нақты лай мәніндегі зат атауының жалпы зат атауы мәні, нақты түлік, малдың бір түрі қой мәніндегі зат атауының жалпы зат атауы мәні, дәл нақты қасқыр мәніндегі зат атауының жалпы зат атауы мәні, дәл сол сияқты дәме, еңбек, жеміс, көз, қолқабыс нақты ұғымдық атаулардың жалпы зат атауы мәні, екінші топтағы әр сөздің (май) бітпес - біту, (қой) өткенге - өту, күлеміз - күлу, жылап - жылау, (дәме) еткенге - ету, жасамаймын – жасамау, көремін деп — көру, беремін деп - беру өздері ғана білдіре алатын нақты іс-әрекет, қимыл, процесс болып, одан жалпы іс-әрекет, қимылды білдіруге және үшінші топтағы лай дегеннің су зат ұғымының сапалық бір белгісі (таза емес, тұнық емес т.б.) болу негізінен жалпы заттың сапалық белгісі болу, кейінгі сөзінің нақты ұрпақ, жастар сияқты болашақ қауымның қатыстық белгісінен жалпы қатыстық (одан субстантивтену) белгіге көшуі көрініп тұр.
|
Синтетикалық тәсілдің қазақ тілінде ең жиі кездесетіні қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Әсіресе форма тудыратын қосымшалар арқылы неше алуан грамматикалық мағына беріледі: көптік, тәуелдік, жақтық мағыналар, жіктік жалғау арқылы жақтық, жекешелік-көптік мағыналар, септік жалғаулары арқылы қимыл, іс-әрекеттің иесі, меншіктілік, тура және жанама объектілік, мезгілдік, мекендік-бағыттық, құралдық-амалдық сияқты мағыналар, шырай жұрнақтары арқылы бір тектес сынның салыстырмалы я күшейтпелі сипаты, етіс жұрнақтары арқылы қимыл, іс-әрекеттің субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынастарды білдіру, болымсыз етістік жұрнағы арқылы сол қимылдың болмауы, шақ жұрнақтары арқылы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болып кеткенін, я болып жатқанын, я әлі болмағанын (шақтық мағыналарды) білдіруі рай тұлғалары арқылы қимылдың болу-болмау шартын, тілек-ниетін, біреуге бұйыруын т.б. білдіруін көрсетуге болады.
Мысалы, жоғарыда берілген екі мысалдағы су-ға, біт-пе-с, өт-кен-ге, күл-е-міз, жыла-п, дәме ет-кен-ге, және жаса-ма-й-мын, еңбек-тің, жеміс-і-н, көз-бен, көр-е-м(ін), жаса-й-мын, кейінгі-ге, бер-е-м(ін) сөздерді алып қарай-ық. Су (жалпы зат атауы, деректі т.б.) түбірге -ге қосылу арқылы жалпы объект, қимылдың бағыты, орны мағына-сы үстелген. Сондай-ақ біт қимылының -пе болмайты-нын, орындалмайтынын -с шақтық мағына, өт қи- мылы-на -кен өткен шақтық мағына -ге септік – мақсаттық мағына, күл іс-әрекет -е ауыспалы осы шақ мағынасын, -міз қимылдың 1-жақ және көпше (көп субъект арқылы) орындалатынын, жыла қимылына -п қимылдық амалын, (дәме) ет қимылына -кен өткен шақтық -ге себептік – мақсаттық мағына, күл іс-әрекетке -с ауыспалы осы шақ мағынасын,-міз қимылдың І-жақ және көпше (көп субъект арқылы) орындалатынын, жыла қимылына -п қимылдық амалын, (дәме) ет қимылына -кен өткен шақтық -ге себептік-мақсаттық мағына, жаса іс-әрекетке -ма болымсыздық мағынаны –й ауыспалы осы шақ мағына, -мын қимылдық 1-жақ арқылы жалғыз (жекеше) орындалатынын, еңбек жалпы зат ұғымының -нің меншіктілік-иелік (жемісін) мәнін, жеміс жалпы зат ұғымының -і 3-жаққа (еңбек) тәуелді екенін -н белгілі қимылдың (көру) тура объектісі екенін білдіру, көз жалпы зат ұғымының -бен құралдық, амалдық мәнін, көр іс-әрекетке -е ауыспалы осы шақ мәнін -м -мін осы қимылдың 1-жақ арқылы жалғыз (жекеше) орындалатынын, жаса іс-әрекетке -й ауыспалы осы шақ, -мын осы қимылдың 1-жақ арқылы жалғыз (жекеше) орындалатынын кейінгі қатыстық мәнге -ге жанама объектілік (және субъективтік) мән, бір қимылға -е ауыспалы осы шақ мәнін, -м ( -мін) осы қимылдың 1-жақ арқылы жалғыз (жекеше) орындалатынын білдіреді.
Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің барлық түрлері дерлік кездесіп отырады. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде, әдетте ол сөздердің сол тұлғаларында бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтамыз. Бұл - әсіресе түбір тұлғадағы зат есімдердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан анық көрінеді. Мысалы, Мықшима аяғымда былғары етік, Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп (Абай). Бұл сөйлемдердегі былғары, киіз сөздері заттық мағынада емес, етіктің, байпақтың, қазықтың, үйдің қатыстық-сындық сипаты мәнінде яғни осы соңғы заттардың неден жасалғанын білдіру мәнінде қолданылған. Зат атауын білдіретін сөздердің бұндай әдеттен тыс ерекше грамматикалық мағыналары ол сөздердің заттық мағынаны білдіретін екінші сөзбен тікелей тіркесінен пайда болған. Сол сияқты қол сағат, қалта сағат, қабырға сағат, алтын сағат, жібек орамал, тас үй, тас жол, киіз үй, кірпіш үй, ағаш үй, оқушы бала, т.б. тәрізді тіркестердің бірінші зат есім сыңары зат есімге тән емес қатыстық-сындық мәнді білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап береді. Сөз жоқ, бұл жерде сөздердің орын тәртібі де белгілі дәрежеде рөл атқарып тұрғанын естен шығаруға болмайды.
Грамматикалық мағынаның түрлері:
а) жалпы грамматикалық мағына;
ә) категориялық грамматикалық мағына;
б) қатыстық грамматикалық мағына.
Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағына (жалпы заттың аты, жалпы қимыл.т.б.) басқа да жалпы грамматикалық мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы заттың атауы болуы мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық мағына жекелеген (жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы есім); деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға байланысты (кімдікі) немесе адамнан басқа затқа байланысты атау болуы мүмкін. Сөзде жалпы грамматикалық мағына біреу ғана емес, бірнеше де болуы мүмкін. Мысалы, үй, бала, Алматы немесе жақсы, көк, тасты, құмсыз немесе кел, тұр, ойла т.б. сөздердің лексикалық мағыналарының жалпылануы нәтижесінде жалпы заттық немесе жалпы сындық немесе жалпы сындық немесе жалпы қимыл, іс-әрекеттік сияқты жалпы грамматикалық мағына туған. Ал солардың әрқайсысының өзінен тағы да кішірек жалпы грамматикалық мағына байқалып кішірек топтарды көрсетуге болады. Жалпы заттық мағынадағы сөздерді адамға байланысты (кімдік) заттар (бала, кісі, жолдас, т.б.), адамнан басқа затқа байланысты (нелік) заттар (үй, тас, ағаш, т.б.), жалпылық немесе жалқылық ерекшелігіне байланысты (Алматы, Қүлагер, Ертіс, т.б.), сондай-ақ деректі-дерексіз т.б. топтарға бөлуге болады. Жалпы сындық мағынадағы сөздерді сапалық сын-белгі (жақсы, жаман, үлкен, биік т.б.) түске байланысты сын (көк, қызыл, ақ т.б.) қатыстық сын (тасты, құмсыз, аудандық т.б.) деп, жалпы қимылды білдіретін сөздерді қимылдық мәнді (кел, кет, шап т.б.) қалыпты білдіру (тұр, отыр, жатыр т.б.) абстракты іс-әрекет (ойла, қиялда) т.б. толып жатқан мәнді білдіруіне қарай топтарға бөлуге болар еді.
Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау қажет. Жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы беріліп, сөздің сыртқы тұлғасына, түріне қатысты болмай, демек, түрлену жүйесіне қатысты болмай, таза грамматикалық семантика ретінде болса, категориялық грамматикалық мағына, ең алдымен, белгілі грамматикалық формалар арқылы беріледі де екіншіден, сол арқылы белгілі грам-матикалық топтағы сөздердің (сөз таптарының) түрлену жүйесі болып табылады, үшіншіден, соның нәтижесінде сол топтағы сөздердің грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категориясын құрауға негіз болады. Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау қажет. Түсінікті болу үшін бірнеше мысалды талдап көрелік. Талдан таяқ жас бала таянбайды. Бала бүркіт түлкіден аянбайды дегендегі екі бала сөзін салыстырып көрейік. Бірінші бала зат атауы (адам), атау септік арқылы субстанттық, иелік (таянбау қимылының иесі) 3-жақ мағынасын білдіріп тұрса, екінші бала заттық мағынада емес, сындық қатыстық мағынаны білдіріп тұр. Бұл грамматикалық (сындық-қатыстық) мағына бала сөзінің бүркіт сөзімен тікелей тіркесуінен пайда болып, соның арқасында объективтену процесіне ие болған. Менде ақыл тұра ма? (Шәкәрім) дегенде сұраулық мағына -ма шылауы арқылы беріліп тұр.
Бұл – кітапты көп оқиды және бұл кітап дүкенде сатылып жатыр деген сөйлемдегі бұл сөздерінің интонациясына назар аударсақ та жеткілікті. Әрине, бірінші бұл дегеннің атау септік тұлғасында тұрғаны - бөлек әңгіме. Немесе мына диалогта үйде сөзінің мағынасына назар аударайық:
– Қайда болдың?
– Үйде.
– Үйде? Қай кезде?
Басқа грамматикалық мағыналарды ескермегеннің өзінде екінші үйде дегенде сұрау мағынасы тек интонация арқылы берілген.
Қатыстық грамматикалық мағына сөздердің сөйлемде атқаратын қызметтерімен байланысты және көбіне контекстік болып келеді де, сөздерді топтастыруда сөздердің синтаксистік қызметі принципіне негіз болады. Сонымен бірге грамматикалық мағынаның бұл үш түрі, бір жағынан, грамматикалық мағынаның грамматикалық форма деген ұғыммен байланыстылығын және грамматикалық категория деген ұғымның мәнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын (категориялық мағына) көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол морфология саласымен шектеліп қоймай, синтаксиске де еніп кететінін (қатыстық грамматикалық мағына) көрсетіп, морфология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін тигізеді. Үшінші жағынан, жалпы грамматикалық мағына жекелеген сөз топтарының семантикалық сипатын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |