Семинар сабақтардың оқу материалдары Pol 1203 Саясаттану Алматы, 2022 Кіріспе



бет1/6
Дата31.01.2023
өлшемі78 Kb.
#64054
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары, семинара тапсырмалары 3


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
Философия және саясаттану факультеті
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы
Семинар сабақтардың оқу материалдары
Pol 1203 Саясаттану

Алматы, 2022




Кіріспе
Курс сипаттамасы. Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстардың мемлекет арасындағы, қарым–қатынас барысындағы өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар мен үрдістерді, тенденцияларды бейнелейді. Осы тұрғыдан алғанда саясаттың белгісі таптық, партияның мемлекеттің мүдделері мақсат – міндеттерінің жиынтығы деп айтуға болады. Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін дүниеге келген. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады.
Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:

Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға және билікті қолдану әдісіне ықпал етіп отырады. Саясаттың өзекті мәселесі – белгілі идеология негізінде құрылған мемлекеттік билік жүйесі. Мәселен: орта ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм идеологиясы негізделген саяси режим пайда болды. Саясат қоғамның әртүрлі салаларына байланысты мынандай бағыттарға бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр т.б. саясаттар. Саясат әртүрлі деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады. Саясат қоғамда үлкен өзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі қажет. Ол зандылықтар ғылым арқылы айқындалады. Сондықтан саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми саясат болуы тиіс. Саясатты ғылым ретінде қарастыратын болсақ, ол-ғылым. Өйткені саясат қоғамдық даму зандылықтарына негізделеді. Саясат таппен бірге пайда болғанымен ғылым болып кешірек қалыптасты. Яғни қоғам дамуының зандылықтары ашылғаннан кейін ғана және ірі қоғам қайраткерлері, ойшылдар ғылым негізінде әлеуметтік процестерге ықпал ете бастағаннан бастап саясат ғылымға айналды деп айта аламыз. Әрекетсіз – заңдылық жоқ. Егер адам әрекеті қоғамның даму заңымен жанаспаса онда ол нәтижесіз болады. Сонымен саясаттың мақсаты тек қана объективтік факторларды ғана жасауда емес, сонымен бірге ол субъективтік факторларды да қарастыру керек.
Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлар біріншіден, қоғамдық дамудың зандарының ашылуы және олардың саяси әрекеттерде басшылыққа алынуы. Екіншіден, әлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты әлеуметтік күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік зандылықтарды өзінің практикалық қызметінде қолдана алады. Үшіншіден, саясаттың ғылым болуына ықпал ететін фактор – ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі және оның халық санасында орнығуы. Төртінші жағдай, ол саяси әрекетті жүргізетін ұйымдардың институттардың болуы. Ол үстем таптың ұйымы. Олай болса, осы ұйымдар таптың, жеке адамның мүддесін қорғау үшін белгілі ғылымға сүйенуі керек.
Сонымен саясат ғылым ретінде – ол партия мен мемлекеттің мақсат міндеттері, зандылықтары, қозғаушы күштері, халық қызметінің негізгі мазмұны туралы логикалық бірліктегі білімдер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда неге саясат ғылым болады десек, өйткені ол қоғамның саяси өмірі жөніндегі ілім. Осыдан саяси ғылым келіп шығады, ал оның негізгі мәселелері: қазіргі жағдайдағы саясаттың мәні мен мазмұны: оның айқындаушы бергілері мен принциптері және негіздері; қоғамдық өмірдің негізгі бағыттары бойынша басты мақсат – міндеттері, олардың зандылықтары, қозғаушы күштері және олардың бір-біріне ықпал ету механизмдері; саясаттың әртүрлі жақтарының арасындағы қарым-қатынас; саяси мәдениеттің және сүріп жатқан саяси мемлекеттер мен партиялардың саясатына, әлеуметтік саяси күштердің әрекеттеріне ғылыми сипаттама беру. Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның саласы – саясаттану болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет