Семинар сабақтары жоспары мен әдістемелік нұсқаулары



бет2/5
Дата02.11.2022
өлшемі33,36 Kb.
#46940
1   2   3   4   5
Тапсырма:
1. Мәдениеттілік пен өркениеттілік
2. Адам және мәдениет
3. Мәдениеттер типологиясы
4. Шығыс пен Батыс: мәдениеттер сұхбаты
Өткізу формасы: Жұмыс топпен, дискуссия түрінде өткізіледі. Студенттер оқулықтарға сүйене отырып тақырыпты талдайды. Реферат. Глоссарий
Әдістемелік ұсыныстар: Тақырыпты меңгеру үшін қойылған сұрақтарды тереңірек түсіну қажет. Пікірталас кезінде мәліметтерді дәлелдерге сүйене отырып талдайды. Реферат арнайы тәртіппен жазылу тиіс: 1) Кіріспе, 2) Негізгі бөлім, 3) Қорытынды. Реферат алғашқы беттен және әдебиеттер тізімінен тұрады.Реферат жазу үшін кем дегенде 10-15 беттен кем болмау керек.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге, ЖК жазылады және ауызша қорғалады.
3. Мәдениет және өркениет: олардың айырмашылығы мен бірлігі
Тапсырма:
1.Ежелгі өркениеттердің пайда болуы
2. Қазіргі сегіз суперөркениеттер (С. Хантингтон бойынша)
3.Діни нанымдардың көне архаикалық түрлерінің ежелгі адамның дүниетанымы мен мәдениетінің дамуына әсері.
4.Тотемизм, анимизм,фетишизм, шаманизм, магия терминдерінің мазмұнын түсіндіріңіз.
5. Құранның қасиетті сөздері жазылған бойтұмардың тіл-көзден сақтайтын қасиетіне деген сенім қазіргі кезеңге дейін сақталып келу себебі
6.Жас үйленген жұбайлар немесе алыс жолға сапарға шыққан жолаушы алдымен қарттардан бата алуының себебі
Өткізу формасы:
Жұмыс топпен дискуссия түрінде өтіледі. Студенттер ғылыми әдебиеттерден алынған мәліметтерді дәлелдерге сүйене отырып талдайды. Реферат. Кроссворд.
Әдістемелік ұсыныс: тапсырманы орындау үшін студенттер Ежелгі Шығыс тарихын, мәдениетін зерттеуге арналған арнайы оқулықтармен,түпнұсқалармен және жазба деректермен өзіндік жұмыс жасауы қажет.
Бақылау түрі: Жұмыс нәтижесі дәптерге, ЖК (жеке компьютермен теріп жазу) жазылады және ауызша қорғалады

  1. Скифтер мен сақтардың және басқа прототүркілердің антикалық мәдениетпен арақатынасы

Тапсырма:
1. Қазақ мәдениетінің бастаулары. Сақ, гұн, қаңлы, үйсін т.б. мәдениеттер
2. Қауымдық құрылыс кезіндегі қоныстар және материалдық мәдениет ескерткіштері.
2. Түрік өркениеті және оның ерекшеліктері. Көне түріктердің космогониясы мифологиясы.
3. Көнетүріктік руникалық жазулар. «Орхон-Енисей» ескерткіштері.
4. Ортағасырлық қалалық мәдениеттің негізгі сипаттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет