Тапсырмалар:Қарақалпақ халық қосықтарындағы зар заман сипаттары. «Бір аламат заман болды» қосығының зар замандық бағдары. Албан Асанның «Әжеп (ғажап) сұмдық заман болды» толғауымен үндестігі.
14-СОӨЖ тақырыбы:Қарақалпақ халқы, әдеби тілі
Тапсырмалар: Қарақалпақ әдебиетілінің қалыптасуындағы фольклор мен халық ауыз әдебиетінің, жыраулар поэзиясының рөлі.
Есеп беру түрі: Реферат
СӨЖ тапсырмалары:Бердақ шайыр - қарақалпақ әдебиетінің көрнекті өкілі
Есеп беру түрі: реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Д. Хамзабек., Б. Омарұлы., А.Шәріп. Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік. Монография. – Алматы: ARNA-B, 2013. – 193 бет.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.
Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 256 бет
Он бесінші апта №15 дәрістің тақырыбы: Ұйғыр әдебиетіне жалпы шолу. Ұйғыр әдебиетінің ХІХ ғасырда дамуы. Біләл Назым шығармашылығы (1824-1894)
Терминдер мен анықтамалар: ұйғыр әдебиеті, мәдениеті, Біләл Назым шығармашылығы
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Өмірінің негізгі бөлігін Шығыс Түркістанда, ал соңғы жылдарын Қазақстанда өткізген Біләл Назым (1825-1900) шығармалары көркемдік-эстетикалық маңыздылығымен ерекешеленеді.
Ақынның «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс», «Назыгум», «Сәлделі сайтан» дастандары –ХІХ ғ-ғы Шығыс Түркістандағы халықтардың тағдырларын поэзиялық тілмен бейнелеген елеулі эпикалық шығармалар. Ақынның дастандарындағы жырлаған оқиғалар мен кейіпкерлер көркем әдебиет пен фольклор дәстүрлерінің өзара сабақтаса, өрілуімен танылады.
Ақынның аталған дастандарында ортақ негіз болған нәрсе –тарихилық. Тарихилық дегенімізі –көркем шығармалардың тақырыбы мен идеясына, композициясы мен сюжетіне, стильдік өрнектеріне арқау болатын өмірдің нақты деректілік мазмұны.
Ақын Біләл Назымының аталған дастандарындағы тарихилықтың нақты көрінісі – ХІХғ-ғы Шығыс Түркістандағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың жырлағандығы «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс» дастанында ХІХғ-ғы Шығыс Түркістан халықтарының қытай-манчжур билеушілеріне қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалысы жырланады.
Осы шындық оқиғаны тарихнамалық зерттеулер толығымен айғақтайды. ХҮІІІ-ХІХ ғ-да Шығыс Түркістан халқы қытай-манчжур феодалдарына қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Ең ірісі Жәңгір қажы бастаған көтеріліс (1826-27) еді. Ұйғырлар мен дүнгендердің 1864-77) жылдарындағы халық қозғалысы да нәтижелі болды. Бұған өзге халықтар да қатысты. Бұл қозғалыстың нәтижесінде Яку бек әмірлігі мен дүнген хандығы құрылды. 1878 жылы ұлт –азаттық көтерілісі басылғаннан кейін бұл аймақ Цин империясының провинциясының айналып, сол кезден бастап Шыңжаң аталды.
Біләл Назымның «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс» дастанына арқау болған оқиғалар аталған 1864-77 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысты қамтыған. Дастанда халық қозғалысының көсемдері, батыр қолбасшылары Абдұрасұл бектің, Садыр палуанның, Жалал батырдың. Несіреуден ахуан және т.б. әскербасылардың, халық әскерінің жеңімпаздық істері тарихи деректілікке негізделе әдеби көркем тілмен жырланады. Біләл Назым халықтың ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан тарихи тұлғалардың ең бастыларын тізбектей жырлайды.
Дастандағы оқиғалардың дамуында ақын халықтың ұлт-азаттық қозғалысына қарсы дұшпан жақтың адамдарын да нақты бейнелейді. Азаттықты аңсаған халықтардың қасиетті қозғалысына бөгет болғандардың қатарындағы Жажин, Шанфун, Тұңжилан, Жаңжұң есімді қытай-манчжур билеушілері озбырлықтары, зұлымдылықтарымен көрсетіледі. Ал, жергілікті халықытардың ішінен шыққан Мәзәмханның, Ахмедханның сатқындық, жауыздық әрекеттеріне де баға беріледі. Шығыс Түркістанға осы халық қозғалысының түркі нәтижесінде Якуб бек әмірлігі мен Дүнген сұлтандығы құрылып, біраз уақыт бойы өлкенің өзін-өзі басқару дербестігі болады. Сол кезде Шығыс Түркістанмен саяси –экономикалық байланыстарды орнатуға Ресейден, Англиядан арнайы экспе-р ұйымдастырылады.
Ақынның «Назыгум» дастанында Қашқар жеріндегі ұйғыр халқының батыр қызының қайсарлығы, отаршыл жауларға бас имеген ерлігі жырланады. Дастандардың сюжетіне Шығыс Түркістан тарихындағы Жәңгір қажы бастаған 1826-1827 жыл/ғы ұлт-азаттық қозғалысының күрескерелір арқау болған. Қашқардағы Қытай манчжур билеушілеріне қарсы көтеріліп, уақытша жеңіске жеткенмен ақыры жеңіліске ұшыраған халық ерлігінің ішіндегі тұтқынға түскен Назымгумнің жауға бас имеген өжет мінезі сипатталады. Қытай мен қалмақ билеушілерінің тұтқынынан қашып, қайтадан қолға түсіп жүргенде де Назымгул зорлықшылардан өлтіріп кегін алады. Жау қолына қайтадан түскенде де бас имеген батыр қыздың жендетте басын шауып өлтіреді. Дастанның билеген отаршыларға қарсы халықтың ызасын, ашу-кегін Назыгум сынды батыр қыздың көркем бейнесі арқылы таныту.
Біләл Назымның «Сәлделі Сайтан» атты сатиралық дастанныда да Шығыс Түркістанның тарихындағы әлеуметтік мәні болған шындық оқиға сыншыл тілмен жырланған. Шығыс Түркістан ұйғыр. Қазақ,дүнген халықтарының ХІХғ тұрмысына Қоқаннан барған қожалардың әсері, ықпалы мол болған. Дастанның басты кейіпкері Юсуфхан өзін «исламның насихатшысы қожамын» деп өтірік таныстырып халықты алдайды.
Қожаларды әулиедей құрметейтін халық осы әзәзілдің сөзіне нанып, оған сый-құрмет жасап, оның шарапаты арқылы бақытты болатындарына сенеді. Адамдардың арамзалық қылықтарын шындық етіп насихаттайтын қошеметшілері де табылды. Бұл – дастан оқиғасының Шығыс Түркістан қожалар ықпалы жүрген кезеңмен сәйкестігін танытатын ерекшелік. Дастанның сатирлаық тілі халықтың аңқау көңілін де, алдаушыны да, өтірік қолпаштап пайда табушыларды да осылайша мысқылдайды.
Елді алдаушы Юсуфханның шын сырын білетін Әбдішәпітрің әзәзіл қожаың жұмсаған адамдарының қолынан қаза таыуы да нанымды суреттеледі. Ақын алдаушыларды әшкерлейтін адалдық иелерінің осылай мерт болуына бүкіл тіршіліктің де қайғыратын қалпын кейіпкерлік суреттермен өте әсерлі елестетеді.
Дегендей:
Ер түбіне есер жетті
Тұтасып қара бұлт нөсерлетті.
Қайысып қабырғасы тау жылады,
Қайғыдан жапырылды балқұрағы,
Дүние үн қатқандай күйініп бір,
Ақ қайың діріл қағып иіліп тұр.
Халықты алдаған, адал адамдарды өлтірген Эсуфханның оқиға шешімінде дарға асылып жазаланы. Тұрмыстық – салттық әдет –ғұрыптың дәстүріне сәйкес жырланады. Демек, ақын Біләл Назым барлық эпикалық дастандарында көркем әдебиеттің шынайылылығы, хал-ң мазмұн танытатын тарихилық әдісін көркемдік шішммен пайдаланған.
Біләл Назым дастандарындағы фольклор дәстүрлері шығармалардың тұтас желісінде аңғарылады. Ең бастысы-дастандар құрылысының фольклордағы эпикалық жыршылдық дәстүріне сай жырланғандығы. Дастандардағы көп оқиғалар өзара жалғастырыла, ұштастырыла жырланып, фольклордағыдай мол уақытты қамти жырлаушылық табиғаты дараланып байқалады.
Ақын дастандарындағы фольклорлық сипаттардың бірі-өлеңмен жарлау мен қара сөзбен әңгімелеу араласы қолданылуы. Бұл – түркі және ұйғыр фольклорындағы ежелден қалыптасқан үлгі. әңгімешілік – ертегішілік ақындық, жыршылдық және әуездік аспаппен қосыла орындаушылық бәрі қосыла келе фольклордағы өнер тұтастығы (синретизм) табиғаты ерекшелігін құрайды.
Ақынның дастандарға фольклор дәстүрінің тағы бір көрінісі –халық әдебиеті жанрларының бірі жоқтаулардың да қолданылуы. Жоқтаулар ұйғыр әдебиетінің ежелгі жанрларының бірі. Біләл Назымның өзінің шығармаларында жоқтаудың сарындарын шеберлікпен пайдаланады. Әсіресе, «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс» дастандарында жоқтаудың бірнеше түрлерін қолданады. Солардың бірі ұлт –азаттық қозғалысының жауынгер басшы көсемі Абдұрасулбек қапыда, опасыздықтың құрбаны боп өлтірілгенде әйелінің айтқан жоқтауы.Ері бұл фәниден көшкенде әйелінің айтатын зарын мұңын ақын шынай қалпымен жеткізеді:
Айналайын арысым,
Көз жетпейтін асылым.
Көзімнің жасы құйылып,
Қалды ғой күлкім тиылып,
Саялап қана жүр едім.
Жығылды алтын тірегім.
Қайғы бір басты ордаңды,
Қадірлі басын қорланды.
Іленің бойын бу басты,
Бақшанды тасқын су басты,
Көрер ме тәңірім жасыңды,
Жыласын жайып шашыңды
Ақынның осы дастанында ағасының інісіне баласының әкесіне арналған жоқтаулары да бар. Ер Жалады жоқтап жырлаған інісі Біләл ақынның жыры-лирикалық қаһарының да осы дастан оқиғаларының қалың ортасында жүрген күрескерлік тағдырының көрінісі. Інісі батыр Жалалды жоқтаған ақын қайғыны «Тағдыр тұман адастырды», «Дүниенің дауылы», «Көзім жасы болды зілдей қорғасын» және т.б. көркемдінгі әсерлі тіркестермен бейнелей жырлайды.
Бауыр етті, ақыл-есті қайғы қанжар түйрейді.
Егер ақын күйрер болса, жалғыздықтан күйрейді.
Сәулет кетті, бағын тайды, жұлынды үміт жүлгесі,
Қасіреттен қолда ақынның ауырмаған сүлдесі.
Сағындырды- ау, сағындырды-ау бауырымның
Біләл Назымның дастанындағы фольклор дәстүріндегі жоқтаудың шығармашылықпен жырлаған тағы бір үлгісі – балалардың әкелерін жоқтауы. әкелері Нөсіреддин жау қолынан өлгенде балалары Фахіреддин мен Низамиддиннің жоқтауларын ақын екі түрлі мазмұндық мәнермен береді. Фахіриддиннің жоқтауында ұлдың ендігі әкесіз өміріне деген қайғылы көзқарасы айтылады. Низамиддиннің жоқтауында әкесінің тірі кезіндегі қуат, дем берген, арманшыл асқақа тұлғасы дәріптеледі. Ақын осы өлеңдегі фольклордағы жоқтау жанрына шығармашылық жаңалық енгізіп, жоқтаушы ұланның әке рухына ант, серт бергендей қаһармандық мұраттарын да жеткізеді.
Біләл Назым шығармаларындағы фольклор дәстүрлерінің сақталуы -әлем халықтары әдебиеттеріне тән заңдылық. Халықтың қара өлеңдерінің өлшемдік өрімдерін, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді жаңғырты қолдану, тыңдаушыларына тікелей арнап жырлау – бәрі де ақын мұратының халыөтық сипатын танытатын ерекшеліктер.
№15 практикалық сабақтың тақырыбы:Ресей империясы құрамындағы түркі халықтарындағы ағартушылық идея, жәдидшілдік
Тапсырмалар: ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағыРесей империясы құрамындағы түркі халықтарынның тарихи-әлеуметтік жағдайы. Отаршылдық езгіден шығудың ағартушылық- жәдидшілдік идеясы. И. Гаспринский бастаған идея және түркі халықтынының ағартуышылқ жолы. Қазақ даласындағы ағартушылық идеялардың жалпы түркі тектес мұсылман халықтарымен ортақтығы және өзіндік ерекшеліктері. Жалпы әдебиеттегі көрінісі.