3-СОӨЖ тақырыбы: «Ашиг-Гариб», «Аслы мен Керем», «Көроглы», «Аббас пен Гюльгаз», т.б. дастандар
Тапсырмалар: ежелгі әдеби мұраларды салыстыра талдау
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары:Азербайжан халқының мақал-мәтелдері көркемдік табиғаты.
Есеп беру түрі: ауызша баяндама (қазақ мақал-мәтелдерімен салыстыру)
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Антология азербайджанская поэзия в 3-х томах. М., 1960
Бизақов С. Түркі әлемі. Алматы, 1998.
Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. – Алматы: «Білім», 2000.- 248 бет
Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 256 бет
Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.
Күмісбаев Ө. Иран әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. 2-басылуы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 274 б.
Төртінші апта №4 дәрістің тақырыбы: Қарақалпақ әдебиетіне жалпы шолу.
Терминдер мен анықтамалар: «Зар заман» кезеңі, «Қырық қыз» дастаны
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Қарақалпақ – ауыз әдебиетіне бай халық. оның «Қырық қыз», «Ашық Ғаріп», «Шадьяр» т.б. батырлық және лиро-эпостық жырлары ертеден мәлім. Жазба әдебиеті 18ғ-дан басталады. Ол кезде әдебиет әлеміне Жиен жырау Тоғайұлы (18ғ)ғ Күнқожа Ибраимұлы (1799-1880), әжінияз Қасыбайұлы (1824-78), Бердақ Қорғабайұлы (1827-1900), Омар Өтеш (1828-1902), Омар Сүйірбабатұлы (1879-1922), Құлмұрат (1838-1917), Сыдық Шамр (1857-1917) сияқты ақындар шығып, өздерінің тамаша өлеңдері мен жыр-дастандарын ел ішіне кең таратты. Жиен жыраудың «Босқан ел» толғауы мен Бердақтың «Ақимақ патша» атты дастаны-қарақалпақ әдебиетіне елеулі із қалдырған аса маңызды шығармалары. әжінияздың «Боз отауы», Бердақтың «Ерназар би», «Айдос би» деген шығармалары19ғ-ды тарихи шындыққа құрылды. Қарақалпақ әдебиетінде кеңес үкімітінің алғашқы кезеңдерінен бастап, басқа да жанрлар дамыды. Жаңадан проза, драматургия жанрлары тып, әдеби сын, әдебиеттану ғылымы дамыды. А.Мусаев (1880-1936), С.Мәжитов(1869-1938), А.Өтепов (1904-34), А.Дабылов (1898-1970), С.Нұрымбетов (1900-71) сияқты ақын-жыраулар сол кездегі жаңа заман кеңес өкіметін, оның көсемдерін мадақтаған өлеңдер жазды. А.Бегімов (1907-58), Ж.Аймырзаев (1910ж.т.), М.Дәрібаев (1909-42), Ә.Шамұратов (1912-53), Б.Қайыпназаров (1916ж.т.) т.б. елеулі еңбек етті. Бұлардан кейін келіп қосылған Х.Сейтов (1917ж.т.), Х.Тұрынбетов (1926-68), Т.Жұмамұратов (1915ж.т.), И.Юсупов (1929ж.т.)т.б. ақындар өздерімен бірге қарақалпақ поэзиясына сыршылдық лирика, сатира, юмор, мысал т.б. жанрларды аса келді.
Қарақалпақ әдебиетінде 20жылд-ң 2 жартысынан көріне бастады. М.Дәрібаевтың «Мыңдардың бірі», Ә.Шамұратовтың «Ескі мектепте» атты көлемді прозалық шығармалары 30 жылдары жарық көрді. 50 жылдары жазылған А.Бегімовтың «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтың «Амудария жағасында» (1958), Т.Қайырбеговтың (1929ж.т.)»Қарақалпақ қызы» (1-2кітап,1953-65) романдары қарақалпақ прозасын биік белеске көтерді.
Қарақалпақ әдебиетінде драматургия 20 жылдардың ортасында пайда болды. Қарақалпақ драматургтары С.Мажитовтың «Ерназар – Алакөз», «Бағдагүл», «Тазагүл», Қ.Әуезовтың «Жиек жолында», А.Өтеповтың (1904-34), «Теңін тапқан қыз» пьесалары – сол кездегі үздік туындылар. Кейінгі жылдарда жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгүл - абат», «Раушан», «Бердақ», А.Бегімбаевтың «Боз отау», «Ашық Ғаріп», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», Н.Дәуқараевтың (1905-53) «Алпамыс» С.Хожаниязовтың «Сүлейменге сүйкенбе», «Жас жүректер» пьесалары республика таетрларының репетуралрын байыта түсті. әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да дами түсті. Қарақалпақтың тұңғыш ғалымы Қ.Дәуқараев, Өзбекстан ҒА-ның корр.мүшесі проф.И.Сағитов,М.Нұмұхамедов, филол.ғыл. докторлары Қ.Айымбетов, Н.Жапақов, С.Ахметов т.б. бұл салада жемісті еңбек етіп келеді.
Қарақалпақ, қазақ әдебиеті ежелден туыстас. Екі ел әдебиетінің озық туындылары қос халыққа ортақ. Қарақалпақ дастаны «Қырық қыз» (1959), қазіргі қарақалпақ ақындарының шығармаларынан құрастырылған «Қарақалпақ жырлары» (1962) қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.
№4 практикалық сабақтың тақырыбы:Башқұрт халқы туралы мағлұмат. Ауыз әдебиеті. Қобайыр /толғау/ жанрының негізгі тақырыптары. Әнмен айтылатын «Салауат», «Азамат», «Орал» - жырлары.
Тапсырмалар: башқұрт және қазақ әдебиетінің фольклорына ортақ арналады схемалық талдау, презентациялау