13 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Сандық және эксперименттік есептерді шешу әдістемесі.
Негізгі ұғымдар: сандық есептер, шешу тәсілі, пропорция, моль саны, зат массасы, молярлы концентрациясы, молялды онцентрациясы, титр, грамм-эквивалент, эквиваленттер заңы, мольдік үлес, математикалық теңдеулер, эксперименттік есептер, сапа, сан, аналитикалық реакциялар, сапалық талдау, сандық талдау.
Сабақтың мақсаты: Сандық және эксперименттік есептерді шешу әдістемесін талқылау.
Практикалық сабақты ұйымдастыру формасы: шағын топтарда практикалық сабақтардың мәселелерін талқылау, жеке тапсырмаларды орындау.
Практикалық сабақта талқылауға арналған сұрақтар:
Сан есептерін шығарту әдістемесі. Жіктелуі.
Сан есептерін шешу тәсілдері.
Эксперимент есептерін шығарту әдістері.
Химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру.
14 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Көмірсутектерді оқыту әдістемесі. Оттегі қосылыстарын оқыту әдістемесі.
Негізгі ұғымдар: құрылым теориясы, органикалық қосылыстар, номенклатура, изомерия, гомология, қаныққан және қанықпаған көмірсутектер, алкандар, алкендер, алкиндер, спирттер, эфирлер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, эфирлер, амин қышқылдары.
Сабақтың мақсаты: Көмірсутектерді оқыту әдістемесін талқылау. Оттегі қосылыстарын оқыту әдістемесін талқылау.
Практикалық сабақты ұйымдастыру формасы: шағын топтарда практикалық сабақтардың мәселелерін талқылау, жеке тапсырмаларды орындау.
Практикалық сабақта талқылауға арналған сұрақтар:
1. Органикалық химияны оқудын ерекшеліктері.
2. Органикалық химияның бөлімдерінің құрылысы және мазмұны.
3.Органикалық химия курсының жүйесі.
4.А.М. Бутлеровтың құрылыс теориясың оқытудың ерекшеліктері.
5.«Изомерия» және «гомология» ұғымдарын оқыту ерекшеліктері.
6.Көмірсуларды оқыту әдістемесі.
7. Оттекті қосылыстарды оқыту әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |