Семинар сабақтарының қысқаша мазмұны. 1-дәріс. Грамматика және олардың салалары. Грамматиканың зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
Дата18.01.2017
өлшемі175,31 Kb.
#2150

«Морфология» пәнінің дәріс – семинар сабақтарының қысқаша мазмұны. 

       1-дәріс.  Грамматика  және  олардың  салалары.  Грамматиканың  зерттеу  нысаны. 

Тілдің  грамматикалық  құрылысы.  Грамматикалық  ұғымдар,  түрлері.  Сөз  таптары. 

Сөздерді таптастыру принциптері. 

       Тілдің  грамматикалық  құрылысы,  оған  тән  басты-басты  грамматикалық  ұғымдар, 

олардың  ерекшеліктері,  жалпы  сипаты.  Грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық  форма, 

ол  екеуінің  жиынтығынан  құралатын  грамматикалық  категорияның  негізгі  грамматикалық 

ұғымдар  қатарына  жататындығы.  Грамматикалық  категорияның  морфологиялық  сипаты 

жағынан  лексика-грамматикалық  және  таза  грамматикалық  болып  бөлінетіндігі  жайында. 

Ғылымда  сөз  атаулының  атауыш  сөздер,  көмекші  сөздер,  одағай  сөздер  деп  бөлінетіндігі. 

Қазақ тіліндегі сөздерді грамматикалық топтарға проф. А.Ысқақов анықтаған семантикалық, 

морфологиялық, синтаксистік үш негізгі белгі, ұстаным негізге алынатындығы. 

      Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1. Грамматикалық ұғымға не жатады? 

2. Сөздің лексикалық мағынасы деген не? 

3. Сөздің грамматикалық мағынасы қандай мағына? 

4. Сөздерді қалай топтастырамыз? 

5. Сөз таптары қалай топтасты және дамыды? 

6. Грамматикалық категория деген не және ол нешеге бөлінеді? 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі (Морфология). 1991, Алмты. 

2. Қазақ грамматикасы (Морфология бөлімі). Астана, 2002. 

3. Оралбай Н. Қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007. 

4. Қордабаев Т. Сөздерді тапқа бөлу тарихынан. Қаз.мектебі. 1984. 

 

2-дәріс.  Грамматикалық  форма,  оның  түрлері.  Грамматикалық  категория.  Сөз 



таптары. Сөздерді таптастыру мен топтастыру. Морфологиялық талдау. 

     Грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық  форма,  ол  екеуінің  жиынтығынан  құралатын 

грамматикалық  категорияның  негізгі  грамматикалық  ұғымдар  қатарына  жататындығы. 

Грамматикалық категорияның морфологиялық сипаты жағынан лексика-грамматикалық және 

таза  грамматикалық  болып  бөлінетіндігі  жайында.  Ғылымда  сөз  атаулының  атауыш  сөздер, 

көмекші  сөздер,  одағай  сөздер  деп  бөлінетіндігі.  Қазақ  тіліндегі  сөздерді  грамматикалық 

топтарға проф. А.Ысқақов анықтаған семантикалық, морфологиялық, синтаксистік үш негізгі 

белгі, ұстаным негізге алынатындығы. 



Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1. Грамматикалық ұғымға не жатады? 

2. Сөздің лексикалық мағынасы деген не? 

3. Сөздің грамматикалық мағынасы қандай мағына? 

4. Сөздерді қалай топтастырамыз? 

5. Сөз таптары қалай топтасты және дамыды? 

6. Грамматикалық категория деген не және ол нешеге бөлінеді? 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі (Морфология). 1991, Алмты. 

2. Қазақ грамматикасы (Морфология бөлімі). Астана, 2002. 

3. Оралбай Н. Қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007. 

4. Қордабаев Т. Сөздерді тапқа бөлу тарихынан. Қаз.мектебі. 1984. 



       3-4-дәрістер.  Зат  есім.  Оның  лексика-грамматикалық  сипаты,  мағынасы,  тұлғасы. 

Зат  есімнің  грамматикалық  категориялары.  Көптік  және  тәуелдік  категориялары. 

Септік және жіктік категориялары. 

       Зат  есімнің  жеке  сөз  табы  ретінде  танылу  белгілері,  тұлғалық  түрлері,  мағына  байлығы. 

Ішкі  мағыналарының  ортақтығына  қарай  жинақтық  және  дара,  жалпы  және  жалқы,  деректі 

және дерексіз, адамзат және ғаламзат зат есімдері болып бөлінуі. Зат есімдердің жекелік және 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет