Семинар сабақтың тақырыбы: Есімдік «Есімдік»


Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер



бет3/4
Дата20.10.2022
өлшемі23,52 Kb.
#44457
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
7 саб

Сұрақтарға әзірлену үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. –Алматы,1961.
2. Омарова Б. Сұрау есімдіктері, оның грамматикалық ерекшеліктері. Канд. дисс. автореф… - Алматы, 1999.
3. Қалиев Ғ., Оралбаева Н., т.б. Қазіргі қазақ тілі (жаттығулар жинағы). -Алматы,1997.
4. Хасанова С., Әбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. –Алматы, 1996.


Дәйектеме: Есімдік - тілдегі атауыш сөздер тобына енетін әрі олардың ішінде есім сөздердің орнына жүретін орынбасар сөз екендігі, олар орынбасарлық мағынаны нақты атамай, жалпы мәнді білдіретін сөздер тобына жататыны, өзі орнына жүретін сөз таптары қандай қызмет атқаратын болса, сондай синтаксистік қызмет атқаратынын мысалдармен дәлелдеу. Есімдіктердің септелуі зат есімнің септелуіне ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшелігі бар сөз табы екені, жіктеу және сілтеу есімдіктерінің септелуі ерекшелігі. Есімдіктің мағыналық топтары, олардың грамматикалық формаларға түрленуі мен сөйлемдегі қызметі. Промилдану процесі арқылы кей сөз таптарының есімдікке айналуы.


Жаттығу блогі
1-жаттығу. Есімдіктерді тауып, оларды мағыналық түріне қарай топтап жазыңыздар да, олар қай сөз табының орнына жүріп тұрғанын түсіндіріңіз.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Не іздейсің көңілім, не іздейсің (Абай). Сол жерде Түлкі келді Арыстанға: «Жығасың», - деді, - бәрін алысқанда (А.Байтұрсынов). Сонда ол кісі өз жайын баян етті (Ы.Алтынсарин). Бұл кім?- деп сұрады Қартқожа (Ж.Аймауытов). Бәтіш қайда қалды?, қашан?, қай мезгілде? (Ж.Аймауытов). Жан-жақты көлеңдеді, көзіме әлденелер елеңдеді (Ж.Аймауытов).


2-жаттығу. Сөйлемдердегі есімдіктерді сөз формасына қарай талдаңыз.
Бұл сөзді жиылған жұрт қабыл алды (А.Байтұрсынов). Тәртіптен қалмайды ешкім басын тартып (А.Байтұрсынов). Сарп етті жан аямай маймыл үшін, ешбір жан мақтамады еткен ісін (А.Байтұрсынов). Кейбіреуге таяғым,тиіп те кетті сартылдап (Абай). Біреуі олай, біреуі былай қарап, түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ (Абай). Мынау келген Назар ма? Ақсақалды ауыл азар ма? (Абай). Қарашы қанша жұлдыз бар, күліп қана жүзеді ай (М. Жұмабаев). - Жасың нешеде? – Он жетідемін (З. Ақыш).


3-жаттығу. Текстен есімдіктерді табыңыз, олардың жасалу жолын түсіндіріп, есімдіктің қай мағыналық, тобына жататынын дәлелдеңіз.
Абай өзіме бірдеме айтпақ, па екен деп те ойлады (М. Ә.). Құнанбай естімеген сияқты ешбір белгі бермеді (М.Ә.). Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, келе Абайды құшақтай алды (М.Ә.). Әркімде жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді (М. Ә.). Әлдекімнің рақаты, әлдекімнің қызығы, сайраны үшін болар (М.Ә.). Ешбірін де ол білмейтін . Ә.). Әрқашан жан күйер жақын қабырына ыстық-ыстық жастар төгеді (М. Ә.). Әлдеқалай жел ұшырып түсірген шөп-шалам болса, оны алып тастайды (М. Ә.). Әрқайсысы да осы ойдың соңында еді (М. Ә.). Жоқ, ешкім ұрған жоқ (М. Ә.).
4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден өздік, жалпылау есімдіктерін тауып, түрленуін байқаңыз.
Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Ә.). Сырт киімін Абай өзі шешіп еді (М. Ә.). Бар жолдастарымен қонақ етіп, құрбыдай күтті (М. Ә.). Дауын онның өзі айтсын (М. Ә.). Өзің осы жолы сыншы болып қайтыпсың (М. Ә.). Мұнда барлық ел боп қуанып қарсы алды (М. Ә.). Барлығының аузында бір жаңалық (М. Ә.). Бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес (М. Ә.). Бәрін Кирилловке ерегісіп істеп жүргені (X. Е.). Неге айтпадым бар сырымды (Х. Е.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет