Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты



бет19/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты


  1. Сын есімнің жалпы сипаты, морфологиялық құрылымы

Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім. Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматиакалық сөз тобын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады.Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар.Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
3. Сын есімнің шырайлары туралы көзқарастар
Біртектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әртүрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды. Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:
Салыстырмалы шырай бір заттың сынын (я сапасын, түсін) екінші заттың бір тектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің (түстердің) бір-бірінен я артық, я кем екенін білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалады. Ол қосымшалар
1) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: үлкен-үлкенірек, ащы-ащырақ, биік-биігірек, жасыл-жасылырақ, қалың-қалыңырақ т.б.
2) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: толық-толықтау, кіші-кішілеу, қоңыр-қоңырлау, ұзын-ұзындау, т.б.
3) -ғыл,-қыл,-ғылт,-қылт, -ғылтым,-қылтым: сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым, т.б.
4) -шыл,-шіл, -шылтым,-шілтім: мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім, ақшылтым.
5)-ғыш, ілдір: сарғыш, көгілдір, бозғыш, т,б.
6)-аң,-қай,-ша,-ша. қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша, сұрша, т.б.
Күшейтпелі шырай біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі. Ол бір заттың бастапқы сынын (белгісін) күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады да, күшейтпелі буын немесе өте, аса, ең, тым, нағыз, орасан, ыңғай, кілең, тіпті, т.б. күшейткіш үстеулері арқылы жасалады:
а) қызыл-қып-қызыл, жас-жап-жас, ұзын-ұп-ұзын, қысқа-қып-қысқа, толық-топ-толық, т.б. Тек ақ, көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ, көкпеңбек болып бірігіп жазылады.
ә) биік - тым биік, тәтті – аса тәтті, жақсы – ең жақсы, күшті - өте күшті, т.б
Сын есімнің шырай категориясы жалпы сын есімнің түрлену жүйесі емес, тек сапалық сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты. Шырай қосымшалары түбірге қосымша мән, реңк үстейтінін мысал арқылы салыстыра отырып талдау жүргізу. Жай шырай туралы ғалым С.Исаевтың пікірі. Жай шырайдың шырай түрлерінің бірі ретінде шырай шеңберіне кіре алмайтыны, өйткені ол өзі басқа шырай түрлеріне мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да оппозициялық қатар құрай алмайтындығы.
1-жаттығу. Үзінділерден негізгі және туынды сын есімдерді табыңыз, туынды сын есімнің жұрнақтарын ажыратыңыз.
Ұзынша, арық, көсе, қыр, мұрынды, сида қара, тарбиған қара ауыз, тарбиған қызылша сақалды, күрең сары, боз, сұр, қапсағай қара тағы да толып жатқан суретті адамдар. (С.С).Қара сақалды, қара қалпақты, жүзі суық үлкен кісіге өз аруағын қорғай тіл қатқаны да, қызға әйелдің батыл адам екенін байқатты.(Х.Е.)Әуе тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ. (С.С.).Хасен-ұзынша бойлы, шүңірек үлкен сұр көзді, қыр мұрынды, ат жақты, ашаң сіңір денелі, көселеу сұр жігіт. (С.С.).Сұңғақты қыздың қолында кішкене көк чемодан.Ол өзі аңсаған бақшалы қаланың әлі де талай жерін аралай бермекші еді.Әдемі бір үн келеді, құлаққа сазды, қуатты үн, болашақ үні. (С.Ш.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет