Семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары»


Етістіктің мағыналық түрлері, негізгі және көмекші етістіктер



бет36/49
Дата28.04.2023
өлшемі164,78 Kb.
#88216
түріСеминар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Байланысты:
Абдиманапова Диана Сөзжасам прак. тапсырмалар

2.Етістіктің мағыналық түрлері, негізгі және көмекші етістіктер.

3.Күрделі етістік тердің аналитикалық формалы етістіктерге ұқсас-тықтары мен айырмашылықтары.


4.Етістік категорияларының ерекшеліктері, салт және сабақты етістік-тер, олардың бір-біріне ауысуы. 

5.Етіс категориясы, оның мағыналық және тұлғалық сипаты. 


Жаттығу блогі


1- жаттығу. Етістіктерді тауып, мағыналық және тұлғалық жағынан талдау жасаңыз. Әр лексика-грамматикалық категорияның ерекшеліктеріне байланысты етістікке сипаттама бере отырып, мысалдағы сөздерді категориялық топтарға ажыратыңыз. 
Жалғыздық бір құдайға жарасқан, онан басқаға жараспаған. 2. Жабайы торы атын бір тынықтырып, Ержан бүгін тағы да аңға шығып кетіп еді /Ғ.Мүсірепов/. 3. Оның қасындағы қалың бет, бітік көз қазақ, жас та болса, ауыр отырып, солғын амандасты /Ғ.Мүсірепов/. 4. Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім – сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі /Р. Ғамзатов/. 
2-жаттығу. Етістіктерді грамматикалық ерекшеліктеріне қарай талдаңыз. 

-Келер жылы төл алудан ырғып, бір көтерілсең.. – деп, абыройдан дәмелендіріп қойды. (Т.Ахт.). Барша байлықтардың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда. Мен рахметімді алдымен жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан, о, қасиетті Жер-ана. Сенсің менің ардақтым! (Ы.Ж.).




3-жаттығу. «Де» етістігінің қолданыстағы мына көрсетілген 5 ерекшелігіне көркем шығармалардан мысал теріңіз, картотека жасаңыз.

1. Төл сөз үшін «де « етістігі әрқашан қажет.


2. Сұра деген етістіктің мағынасына да ие.
3. Өзінен бұрын тұрған сөздің белгілі бір септік жалғауында тұруын қажет етпейді.
4.Көсемше формалы етістік пен ешқашан тіркес құрай алмайды. Де етістігі мен тіркесетін етістіктер тиянақты формада тұруы керек. Ашық, бұйрық, қалау, шартты райларының біреуінде.
5. Одағаймен тіркесіп, күрделі сөз жасай алады. Мысалы, е-е дер емес ек (М.Әуезов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет