Түйсіктердің түрлері: Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі органдарына сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлеріне бөлеміз.
Түйсіктердің органдары қайда орналасқанына және қайдан тітіркендіргішті алуға байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.
Экстерорецепторларорганизмнің сыртқы бөліктеріне орналасқан — оған жататындар көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу (тері) органдары жатады. Бұл органдарды көп жағдайда сыртқы сезімдердің органдары деп атайды. Олардың көмегімен біздің организмнен тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Түйсіктер бұл органдарға сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторларбұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл органдардың көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер — бұлшық ет, қозғалыс (кютестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлар дененің ішкі органдарында ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б. ішкі органдарда тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б. айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
Көру түйсіктері. Көру түйсіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түйсінетін түстеріміз хроматикалық және ахроматикалық деп екіге бөлінеді.
Хроматикалықтүстерге кемпірқосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, көк, қара көк, күлгін. Бұл түстердің арасында хроматикалық түстердің көптеген белгілері кездеседі.
Ахроматикалықтүстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан барлық қоңыр түстер жатады.
Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі: -Тақырыпқа байланысты теориялық материалдарды анализдеу.
-Тақырыптың теориялық негізін практика жүзінде дәлелдеу.
1-тапсырма: Вагонга екі адам келіп кірді. Біреуінің қолында ауыр чемодан, екіншісінде кішкене корзинка бар. Купеге кіріп, заттарын жайғастырды да, олар жүктерінің ішінен қалыңдығы бірдей екі кітап алып, оқуға кірісті. Біраздан кейін оқып отырған кітаптары жайында қалып, өздері қалғи бастады. Поезд бір станцияға келгенде, екеудің біреуі ұшып тұрып: "Ойбай, келдік тез шық" деп айқай салды. Апас-қапас заттарын алып, олар поездан жүгіре түсті. Біраз жүрген соң корзинкалы адам қолындағы затының жеңілдеп қалғанын байқады. Ашып қарап еді, ішіндегі кітабы жоқ екен. Қасындағы жолдасы: "Кітап мүмкін чемоданға салынған шығар"- деп оның ішіндегі заттарды олай-былай ақтарып көріп еді, одан жолдасыныкі түгіл, өзінің кітабы да көрінбеді.
Корзинкалы адам жоғалған нәрсесін неліктен тез сезе қойды, ал чемоданды адамның мұны не себептен байқай алмағанын түсіндіріп беріңдер.
- Дәріс-тақырыптық тексеру тесттері;
-«Түйсік-психикалық процестің бастапқы формасы ретінде» тақырыбында реферат талдау;
-«Түйсік» тақырыбына кроссворд шешу;
- Қорытынды жасау.