Сабақтас басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін, болу уақықытын көрсетеді: Ет желініп бола бергенде, Сәмет кіріп келді



бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі20,52 Kb.
#122767
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлем


Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлем
Қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері: 
  • Мезгіл бағыныңқылы; 


  • Себеп бағыныңқылы; 


  • Қарсылықты бағыныңқылы; 


  • Шартты бағыныңқылы; 


  • Мақсат бағыныңқылы; 


  • Қимыл-сын немесе амал бағыныңқылы; 


  • Түсіндірмелі; 


  • Салыстырмалы. 




Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін, болу уақықытын көрсетеді: Ет желініп бола бергенде, Сәмет кіріп келді.
Бағыныңқы сөйлемдегі басыңқының себебін анықтайтын сөйлемді себеп бағыныңқылы сөйлем деп атаймыз: Қаламыз курорт болғандықтан, онда өнеркәсіп орындары жоққ тән.
Бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы іс, оқиға мазмұнына қарама – қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлем қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем деп аталады: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмас, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. 

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем баяндалған іс-қимылдың мағыналық жақтан бір-бірімен өзара байланысы негізінде жасалады: Енді жол түссе, ол орманды толық игеруге елдің күші жетеді.
Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас деп атаймыз: Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.
Бағыныңқы сабақтас басыңқыдағы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіретін сөйлем қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас деп аталады: Жұлығынан аяғы шығып, алба–жұлба болып, бүрсеңдеп, бір әйел кірді. 
Көпшілік сабақтастың бағыныңқы компоненті өз басыңқысын әр түрлі мағыналық жақтан сипаттай келсе, түсіндірмелі сабақтаста мұндай көрініс керісінше болады, айқындылық, түсіндірушілік қызмет басыңқының үлесіне тиеді. Мысалы: Бастан-аяқ мәнін ойласа, бұл өзі – Жігітектен кешірілу сұраған сөз. Мұнда біріші сөйлемнің баяндауышы әрқашан шартты рай тұлғасында жасалады, екі қанаттағы баяндауыштар да осы шақтық ұғымда болады. 
Компоненттеріндегі берілген оқиғалар мен жай-күйлер өзара салыстырыла келген сабақтастың түрін салыстырмалы сабақтас деп атаймыз: Ауыл қандай әбігер болса, Жұлдыз да сондай әбігер.
Ал, енді орыс тіліндегі сабақтастың түрлеріне тоқталатын болсақ.
Толықтауыш бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными обстоятельственными) екі түрге бөлінеді: 1. мекен бағыныңқылы сабақтас кеңістіктегі қатынастарды білдіреді: Там, где ветры слизали снег, земля по ночам гулко лопается; 2. мезгіл бағыныңқылы сабақтас мезгілдік қатынастарды білдіреді: Пока ему заваривали крепкий чай, он сидел и молчал, продолжая думать. 
Шартты бағыныңқылы сабақтас ( СПП спридаточной частью условия) сөйлемдерде реалды және ирреалды қатынастар берілуі мүмкін. Реалды шарт сөйлемдерде если, коли, когда, раз жалғаулықтары арқылы беріледі: Когда командир не робеет, солдаты за ним в огонь и в воду пойдут. Ирреалды шарт сөйлемдерде если бы, когда бы жалғаулықтары арқылы беріледі: Если бы мне предложили что-нибудь из двух: быть трубочистом в Петербурге или быть здешним князем, то я взял бы место трубочиста.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас (СПП с прдаточными цели) сөйлемдерде соңғы сөйлем алғашқысына чтобы, для того чтобы, с тем чтобы, затем чтобыжалғаулықтары арқылы байланысады: Я разбудил Пашку, чтобы он не свалился с дрог.
Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерде (СПП с придаточными сравнения) реалды (как, подобно тому как) және болжамды салыстырулар (как будто, будто, словно, точно, как если бы) орын алады: Мелкие листья ярко и дружно зеленеют, словно кто их вымыл.
Себеп бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными прчины) сөйлемдерде себептік мағынаның түрлі реңктері берілуі мүмкін. Бағыныңқылар себеп мәндегі жалғаулықтар арқылы бекітіледі: потому что, оттого что, так как, из-за того что, вследствие того что в связи с тем что, поскольку, ибо және т.б.
Жол беруші бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными уступительными) сөйлемдердің бағыныңқысында басыңқыда айтылған оқиғалардың нәтижеге әкелу мүмкіндігін айтады, бірақ ол гәтиже болмайды. Оның жалғаулықтары – хотя, несмотря на то, что; невзирая на то, что; пускай, пусть, даром что. Мысалы: Он выглядит чистым и опрятным, несмотря на то, что одежда его изрядна поношена.
Нәтиже бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными следствия) сөйлемдерде бағыныңқы сөйлемдер басыңқыға так что жалғаулығы арқылы байланысып, әрдайым екінші позицияда болады. Мысалы: Снег становился белее и ярче, так что ломило глаза. 
Бағынышты-жалғастырушы бағыныңқылы сабақтас (СПП с прдаточными подчинительно-присоединительными) сөйлемдерде бағыныңқы басыңқыға отчегопочему, кейде зачем есімдіктері арқылы байланысады. Мысалы: Пала роса, что предвещало завтра хорошую погоду.
Қазақ тілінде де, орыс тілінде де құрмалас сөйлемдер көп бағыныңқылы болып бөлінеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамында бағыныңқы сөйлемдер үнемі екі жай сөйлемнен ғана құралмайды, олардың ішінде екі, үш не одан да көп сөйлемдерден құралатыны да аз кездеспейді. Мысалы: Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған–ды. Көп бағыныңқылы сабақтастың екі түрі бар: 
  1. Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтас жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады: Көрік өзі қызып, балға өзі соғылып, жлғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып тұр. 


  2. Бағыныңқы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара, бір-біріне тізбектеле, өзімен тетелес тұрған бағыныңқылы сөйлемдермен құрмаласатын сабақтастың түрін сатылы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп атаймыз. Мысалы: Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік. 



Орыс тілі де осыдан алшақ кетпейді. Бағыныңқылардың неге байланысты екені және өзара қандай қарым-қатынаста болғандығына байланысты олардың негізгі екі типі анықталады.
1.Сатылай байланысқан бағыныңқы сөйлемдері бар көп компонентті сабақтас сөйлемдер: Скажи ему, чтобы держался до тех пор, пока не дам приказа отступать.
2. Бір басыңқыға қарайтын көп компонентті бағыныңқы сабақтас сөйлемдер. Мұның екі типі бар: а) біртекті өзара байланысқандар. Мысалы: Но кажется, что песня все еще длится, что ей не будет и конца. ә) әртекті өзара байланысқандар. Мысалы: Те из молодогвардейцев, которых водили на пытки последними, что в тюрьму приехал обербургомистр.
Қазақ тілінде сонымен қатар көп басыңқы сабақтас құрмалас сөйлем деген түрі де бар. Бір бағыныңқы сөйлемге бірнеше басыңқы сөйлемдердің әрқайсысы өз бетімен тікелей байланысуы арқылы жасалған сабақтас көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Әттеген-ай, ең болмаса, енді бір он бес күн артқа салсақ, құтырған қазатарға қанды көбік жұтқыза шайқасар едік, Орынбор әскері де заулап жетер еді.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің аралас құрмалас деген түрі де бар. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Аралас құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілері:

  1. Аралас құрмалас сөйлем білдіретін ой салалас пен сабақтастағы ойдан күрделірек болады. 


  2. Аралас құрмалас сөйлем салаласа және сабақтаса құрмаласқан үш және онан да көп сыңарлардан жасалады. 




Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 


  1. Ешбір жалғаулық шылаусыз: Кеше іңірде жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік ауылынан құйғытып шыға келген жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын жапты. 


  2. Жалғаулық шылау арқылы байланысады: Қарттардың айтуынша, ол жаққа ешкім барған емес, сондықтан бұрынғы жолы өшіп, тек сорабы қалған. 






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет