Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі



бет17/41
Дата22.09.2023
өлшемі370,86 Kb.
#109786
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы-emirsaba.org

«Ұқсастық пен айырмашылық». Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына өздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т.б. Дұрыс жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т.б айқындалады.
«Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да болады.
«Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған.
«Кім жылдам?» Берілген мәтіндегі жиі кездесетін әріпті тез және нақты сызу қажет, мысалы, А немесе Е. Бағалаған кезде жіберілген уақыт пен жіберілген қателер саны есептеледі. Сызылмаған әріп көлемі аз болса, соғұрлым бағалау жоғары болады. Жіберілген қателер саны көрсетілген әріптерге бөлініп, 100-ге көбейтіледі. Уақытына қарай тапсырманы күрделендіруге болады. Мысалы, бір әріпті сызып, екіншісінің астын сызып, үшіншісін шеңбермен сызыуға болады.
«Қателерді түзету» жаттығуы. Жүргізуші қағаз парағына сөздердегі әріптер тасталып кеткен және орындары ауыстырылып жазылған бірнеше сөйлем жазады. Оқушыға мәтінді оқып, 1 рет қана қатесін тез арада қызыл сиямен жөндеу бұйырылады. Содан соң ол парақты басқа оқушыға береді, ол қалған қателерді басқа түстегі сиямен түзейді. Жарысты қос адаммен де өткізуге болады.
«Ең зейінді» жаттығуы. Оқушылар жарты шеңбер болып тұрады. Арасынан бір оқушы жүргізуші болып таңдалынып алынады. Жүргізуші тұрған оқушылардың тұрысын есіне сақтап алады. Содан соң теріс айналып тұрып, қатысушылардың тұру ретімен айтып шығуы тиіс. Жүргізуші болып келесі оқушы болады. Ойын осылай жалғаса береді.
Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі.
Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Алаштың ардақты ұлы А. Байтұрсынов «Бала білімді, тәрбиені өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беріп отыру»- деп жазды. Осындай психологиялық тәсілдерді қолдана отырып, тренингтік жаттығулар орындату барысында оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, ой-өрісі дамиды, шығармашылық пен дарындылық пайда болады. Қорыта айтсам, оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың ойлау процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар оқушы білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет