Семинар Тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында оқу орнын басқару Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі29,24 Kb.
#18805
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
14 апта семинар,срсп инклюзия Утегенова Айым Айдосқызы М-31

14 СОӨЖ Тақырыбы: Әлемдік практикада мүгедектердің білім деңгейі мен олардың қоғамдық өмірге қатысу деңгейі

Мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамда тең құқықты мүше бола отырып, ерекше қолдауды қажет етеді. Қоғамда бірінші жоспарда интеграциялау мәселелері бойынша мүгедектерді жұмыспен қамту болып табылады. Оларды жұмыспен қамту сұрақтарын шешу барлық елдерде іс жүзінде өзекті мәселе.Жұмыспен қамтумен біздің басқарма айналысады. Жыл сайын аудандық жұмыспен қамту бөлімдеріне 200-дей мүгедектер жұмыс іздеп келеді. Жеке оңалту бағдарламасы сараптамасына сәйкес мүгедектік тобына тәуелсіз жұмысқа тұруға және жіберілуге барлық мүгедектер құқылы. Мүгедектер көбінесе Алматы қаласын дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған бағдарламасы және жұмыспен қамту 2010 бағдарламасы аясында қалалық және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылады.

Әлеуметтік еңбек орындары үкіметтік емес ұйымдармен ұсынылады. Мұндай жұмыс орындары негізінен әлеуметтік қызмет көрсетумен байланысты болады. Мүгедектер де кәсіптік дайындықтан немесе қайта даярлаудан өтуге құқығы бар. Сондықтан олар өз еріктері бойынша жұмыспен қамтамасыз ету аудандық бөлімдеріне жіберіледі.Жұмыспен қамтамасыз ету және мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру сұрағын шешу мақсатында «мүгедектерге жұмыс орындарының квотасын анықтау туралы» қала әкімшілігінің қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес меншік нысанының түрлеріне байланыссыз барлық ұйымдар жұмыс орындарының жалпы бөлігінің 3 пайызы  мүгедектерге квота  ретінде жұмыс орындарын белгілейді.Оңалту орталықтары жұмыстарын жеңілдету үшін балалардың келу кестесі құрастырылған, орын бөлу кезінде аймақтардан алдын-ала келетін өтініштер есептелген [4;65 ].

Әлемнің дамыған елдерінде мүгедек балаларды дені сау құрбыластарымен қатар оқытып, сол арқылы сауықтыру әдісі бар. Осынау тәсілді елімізге алғаш рет алып келген және осы бағытта балабақша түріндегі «Аруана» атты емдеу-диагностикалық орталығын ашқан кәсіпкер – Шынар Мәлікқызы.

Шынар – «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияда білім алған алғашқы түлектердің бірі. «30 жасқа дейінгі өмірімді тек білім алуға, ізденуге, біліктілігімді жетілдіруге, мамандығымды шыңдауға жұмсадым» дейді өзі. Әрине, елімізде «Болашақпен» оқып келген жастар жерде қалмайтыны белгілі. Шынар да жоғары лауазымдарда жұмыс істеді. Бірақ басты мақсаты мансап қуу емес еді. Ол өз алдына кәсіп ашып, ұзақ жыл бойы жинақтаған білімін ел кәдесіне жаратуды ойлады.«Шетелде оқып жүрген кезімде мүгедек жандарды жиі ұшыратынмын.Мұндай кембағал жандар елімізде жоқтай көрінетін. Сөйтсем, албырттықпен аңғармаппын, біздегі мүгедектердің жағдайы тіптен мүшкіл екен ғой» дейді Шынар.

Біреуге қарайласуды өзінің адамдық парызы санайтын Шынарды мүгедек жандардың денсаулығы бейжай қалдырмады. Әсіресе, туа бітті ауруға шалдыққан балалардың болашағына алаңдаған ол сәбилерге қалай да көмектесудің жолдарын іздестірді. Кембағал балаларға берілетін әлеуметтік көмектер денсаулығына демеу бола алмайтынын түсінген Шынар ұзақ ізденудің арқасында сал ауруына шалдыққан жеткіншектерді құлан таза ауруынан айықтыруға болатынына көз жеткізеді. «Әлемдегі, соның ішінде еліміздегі кейбір ауқатты отбасылардың мүгедек болып туған балалары Венгрияның Пете институтында білім алады. Бұл оқу ордасының мамандары сал ауруына  шалдыққан  жандардың 70 пайызын сауықтырып шығарады. Солардың әдіс-тәсілдерін елімізге әкелу арқылы мен, тым болмаса, сал ауруына шалдыққан балаларды емдеп шығаруды өзіме мақсат етіп қойдым», дейді Шынар. Ол мұратына жету үшін аз тер төккен жоқ. Венгрияға талай мәрте барып, тіпті, екі жыл сонда тұрып келді. «Қытайдың мамандары мидың қатып қалған тамырларын жібітіп, адамның қол-аяғына жан бітіреді» дегенді естіп, аспан асты еліне де сапар шекті. Тіпті, осы үшін өзі жақсы білетін ағылшын, неміс тілдеріне қоса, қытай тілін де меңгеріп алды. Талай елдің тәжірибесін зерттеп, мәселенің мән-жайына әбден қаныққаннан кейін Шынар «Дені сау балалар мен денсаулығында ақауы бар балаларды біріктіру және оқытудың инклюзивті әдісі» атты қанат қақты жобасын «Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасына ұсынады. Әрине, балаларды тәрбиелейтін әрі емдеп шығаратын  орталық-  ты ашу оңай болған жоқ. Табанынан таусылып, талай мекеменің есігін тоздырды. Ол ол ма, емдеу-диагностикалық орталығын ашқаннан кейін

«Балаларымыз қалай мүгедек балалармен қатар балабақшаға барады?» деп шала бүлінгендер де табылды. Алайда, бұл қиындықтардың ешқайсысы Шынарды жасыта алған жоқ.

Бүгінде «Аруана» емдеу-диагностикалық орталығында 150 бала тәрбиеленуде.

Шынар Мәлік ашқан орталықтың ерекшелігі сол, мұнда сау балалармен бірге сал ауруына шалдыққандар да тәрбиеленеді. Бірақ көп емес, отыз сау бала оқитын бір топта бар болғаны бірекі ғана мүгедек бала бар. Оқытудың осы тәсілі енгізілген кәсіпкер бірқатар нәтижеге жеткенін, балалардың бойында адамгершілік қасиеттердің ұшқынын көбірек байқағанын айтады.«Жалпы, сал ауруына шалдыққан балалар жүріп-тұра алмаса да, олардың ақыл-есі түзу, жүрегі жұмсақ болып келеді.Ең бастысы, дені сау балалармен қатар ойнап, өздерін олармен тең көрген балалар ешқашан өздерін кем-қор санамайды. Бұл олардың психологиясына да оң әсер етті. Ал дені сау балалар оларға қамқорлық көрсету арқылы мейірімділіктің не екенін сезінді. Оқытудың мұндай әдісі қандай балаға да тиімді екеніне көз жеткіздік» дейді Шынар Мәлікқызы.

Мұндай жобаға «Аруананың» ата-аналары да риза көрінеді. Расымен, сал ауруына шалдыққан балалары бар отбасылардың анасы көбіне үйінде отырады. Ал осы балабақша ашылғалы ата-аналар еш алаңсыз жұмысқа баратын болған. Себебі, балалары ешкімнен кем емес, балабақшаға барып қана қоймай, логопед, психолог, ЛФК-дәрігері сынды мамандардың жіті бақылауында екендігін олар да біледі.

Әзірге «Аруана» 1-7 жас аралығындағы балдырғандарды қабылдауға ғана мүмкіндігі бар. Енді Шынар Мәлік  7  жастан  18  жасқа дейінгі жеткіншектерді оқытатын оңалту орталығын ашуды ойластырып жүр. Оған себеп болған балалардың өздері екен. Енді Шынардың мақсаты – балалардың тілегін орындап, оларды тең құрбыларымен қатар тәрбиелейтін орталық ашу. Егер сауықтыру ем-шаралары дұрыс жасалып, психологиялық-моральдық тұрғыдан қолдау көп болса, сал дертіне шалдыққан балалалар 16 жасына қарай құлан таза жазылып кетуі мүмкін екен. Шынар Мәлікқызы да бұған нық сеніммен болашақ орталықтың іргетасын қалауға кірісіп кеткен жайы бар.

Мәселен, 2005 жылы мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 124 мыңды құраса, бүгінгі күні 150 мыңнан асқан. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде нәрестелердің денсаулығындағы мүкістердің 70-80 пайызы бір жасқа дейін анықталып, дер кезінде емделеді екен. Себебі түзету мен сауықтыру әдістерін дер кезінде қолданса, 3-5 жасқа дейін толықтай оңалып кететін балалар болатынын айтады мамандар. Алайда, бұл жағдай елімізде әлі кенжелеп тұр. Бізде көбіне баланың диагнозын қою уақыты 6-7 жылға созылып кетіп жатады да, баланың дамуы тежеліп қалады. Осы тұрғыда кеше «Дара» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен педагогикамен айналысатын 70-тен аса маман Алматыда бас қосып, республикалық семинар барысында балалар дамуына ерте араласу әдісінің соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, нәрестенің денсаулығындағы ақауларын барынша ерте анықтап, сауықтыру мүмкіндіктерін талқылады.

Мүгедек жандардың өмір сүру сапасын арттыруды көздеген «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша 2020 жылға дейін мектептердің 70 пайызы инклюзивті білім берумен толық қамтамасыз етілуі тиіс, яғни арнайы қажеттіліктері бар (мүмкіндігі шектеулі) балаларды қабылдауы қажет. Дегенмен, мамандардың айтуынша, баланың инклюзивті білім алуы үшін де оны алдын ала соған дайындау қажет. Себебі арнайы мамандар, ата-аналар о баста баламен жұмыс істемесе, кейін мектепке барғанда қиындықтар туындамақ. Қазіргі таңда елімізде 3 жасқа дейінгі 6 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Егер олардың дамуына ерте араласу мәселесі түбегейлі шешілмесе, бұл балалардың көпшілігі мектепте оқуға дайын болмауы мүмкін. Ал ерте араласу әдісі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметке бейімделуіне де үлкен әсер етпек. Мысалы, бұл әдіс кең қолдау тапқан елдерде мүгедектердің 40 пайызға жуығы жұмыс істейді, ал бізде бұл көрсеткіш  12 пайызды ғана құрап отыр. Бұған қатысты Ресейден жеткен Санкт-Петербургтың ерте араласу институтының директоры Лариса  Самарина:

«Егер есту қабілеті нашар сәбиге бір жасқа дейін арнайы құрал кигізсе, ол сөйлеуді үйреніп, толыққанды өмір сүре алады. Ал егер үш жастан кейін кисе – оны сөйлеуге үйрету өте қиынға түседі. Сол сияқты көру қабілеті нашар, церебралды паралич, басқа да ауруларға шалдыққан балаларға қатысты да осыны айтуға болады. Күнделікті өмірде, тұрмыста қажетті дағдыларды мұндай балаларға қаншалықты ерте сіңірсек, соншалықты олар тіршілікке бейімделіп, қоғамда өмір сүре алады. Қазір Ресейде де мұндай балалардың дамуына ерте араласу жұмыстары қарқынды түрде жүруде» дейді [ 5; 34].

Мүгедек балалардың инклюзивті білім алуына  байланысты  «Дара»  қайырымдылық қоры «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның қолдауымен «Қазақстанда инклюзивті қоғамды құру» жобасын іске асырып келеді. Соның негізінде, мектеп жасына дейінгі арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету орталықтары жұмыс істемек. Қазірдің өзінде Астанада сондай екі орталық жұмысын бастаған. «Мұнда әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық дайындық жұмыстары жүргізіледі. Енді жылдың соңына дейін Көкшетау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында да осындай орталықтар ашу жоспарланып отыр»  дейді«Дара» Қайырымдылық қорының менеджері Хадиша Сержанова. Оған қоса, арнайы қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін психологиялық көмек көрсетілмек. Ол үшін ата-аналар клубы құрылып, айына 2-3 рет бас қосып тұрмақ.

Екі күнге созылатын «Ерте жастағы балаларды түзеу-педагогикалық қолдауы» атты республикалық семинарға келген арнайы білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагогтары, дефектолог-мұғалімдер, логопедтер мен психологтар Қазақстанда ерте араласу әдістерін енгізу, ерте диагностикалау арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау  мәселесін талқыламақ. Сондай-ақ бұл саладағы соңғы жетістіктер мен әдістемелік құралдар таныстырылады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет