Тәрбие дегеніміз – баланың дамуына ықпал ететін үшінші фактор. Орта фактор сияқты бұл
дамып келе жатқан адамға сырттай ықпал жасайды. Оның басқа факторлардан айырмашылығы адамның
дамуына әрқашанда мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады.
Тәрбие мен қоршаған ортаның арасында күрделі байланыс бар. Мәс: тәрбие ең алдымен
әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестікке түседі. Тәрбие әрқашан да әлеуметтік экономикалық
қатынастардың сипатына сай келеді. Мектептегі тәрбие жаппай ықпал етудің мемлекет қолындағы
барлық құралдардың (баспасы, кино, радио, теледидар) оқушыларға тәрбие берерлік ықпалымен
нығайтылады. Тәрбие жеке тұлғаның дамуына орасан ықпал етіп, тұқым қуалаушылықпен ортаның
ықпалына белсенді әсер ете алады. Сонымен тәрбие жеке тұлғаны қоғам талаптарына сәйкес бағыттап
отырады.
А) белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады:
Ә) ортадағы жағдайлардың дамуна қажетті материалдарды іріктейді;
Б) жеке бастың дамуына теріс зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аулақтанады
Тәрбие баланың қалыптасуындағы негізгі күш. Жеке тұлғаны дамытуда оны белсенді өмірлік
позициясын тәрбиелеу қазіргі қоғамды қайта құрудың демократиялық принциптерін жүзеге асырудың
басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Белсенділік адамның іс-әрекеті барысында қоғам мен жеке тұлғаның бір-бірімен қарым-қатынас
жасауы барысында өзін-өзі тәрбиелеуде сонымен қатар әлеуметтік қоғамдық еңбек процесінде айқынЖеке тұлғаның дамуы биологиялық заңдылықтар арқылы да анықталады. Жеке тұлға өзін
қоршаған орта мен күрделі қарым-қатынас орнатып, сол ортаны өзгертуге араласады, өзінің өмір сүру
процесі кезінде көптеген нәрселерді шешеді. Жануарлар дүниесінің ұзақ эволюциясы нәтижесінде адам
жоғары дәрежелі нерв жүйесіне, үлкен ми сыңарлары (жарты шардың) қыртысының тым нәзік
құрылысына ие болып отыр. Осының бәрі адамды күрделі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді. Адам
тибиғатының зор табысы сонда, оның үлкен ми сыңарлары икемді келеді, соның нәтижесінде адамдар
күрделі байланыстар, қатынастар жасайды.
Екінші сигнал жүйесі арқылы терең топшылылаушылар, қорытындылар, жинақтаулар
жүргізіледі. Адам тибиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу қасиеттері және жеке өз
басына байланысты музикалық сезімталдығы т.б. нышандар қоры болады: көру, байқау
рецепторларының ерекше сезімталдығы, суретшілік қабілетінің негізінде болады. Ортадағы
жағдайлардың сәл өзгерістігін сезу, барлаушылық қабілеттерге негіз болады.
Ең соңында баланың табиғи фондасындағы нерв әрекеттері типінің мәні зор. Себебі ол нерв
процестерінің (қозу, тежеу т.б.) жүру ерекшеліктерін белгілейді.
Қоғамдық өмір мен іс-әрекет процестерінде табиғаттан ала келген баланың сезім органдары (түртүсті жіктеу, байқау, дыбысты есту, музикалық сезім). Қарым-қатынас процестерінде оның сөзі дамиды.
Сөз топшылау (қорытындылау) құралына айналады. Сөйлеу мәнері сөздік қарым-қатынас осының бәрі
табиғаттан алынған нышан – сана екінші сигнал жүйесі болып есептеледі. И.П.Павловтың ілімі
бойынша даму ішкі нерв жүйксінің қызметінің және сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі,
айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі. Тұқым қуалаушылық ұрпақтың ата-анамен биологиялық
ұқсастығы. Организмнің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін, қабілеттерінің дамуына қажетті
табиғи мүмкіндіктерді нышан дейміз. Нышан өздігінен дамымайды оны қозғау және дамыту тәрбиеге,
әлеуметтік жағдайға байланысты.
Жеке тұлғаның дамуында орта негізгі фактор
Орта дегеніміз адамның өмір сүретін әлеуметтік қоршауы.
Балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына ата-анасы мектеп және әлеуметтік орта ықпал етеді.
Олар қоршаған ортадан өзінің дамуына қажетті талабына, нышанына сай деректерін алады.
Бала ата-анасы мұғалімдер, отбасы мүшелері, мептептегі жолдастарымен әр салалы қатынас
орнатады. Міне осы қатынастар оның қалыптасуна шешуші роль атқарады. Мыс: ұлы жазушылардың
табиғи қабілеттерің дамуына өскен ортасы, отбасы дәстүрі, пікірлес достарынң зор ықпал тигізетіні
белгілі, бірақ ортаның өзі балаға тағдырлы түрде әсер ете алмайды. Баланың өмірі сол ортаның
талаптары мен сол ортадағы шындықпен ондағы адамдармен байланысты болады. Қорытынды:
биологиялық фактормен баланысты қоршаған ортаның арасындағы өзара тығыз байлыныстылық
болады. Өмірді мақсатты түрде ұйымдастыру арқылы ғана баланың табиғаттан ала келген қасиеттері
дамытылады.
Тәрбие дегеніміз – баланың дамуына ықпал ететін үшінші фактор. Орта фактор сияқты бұл
дамып келе жатқан адамға сырттай ықпал жасайды. Оның басқа факторлардан айырмашылығы адамның
дамуына әрқашанда мақсат көздеп, ықпал ету болып табылады.
Тәрбие мен қоршаған ортаның арасында күрделі байланыс бар. Мәс: тәрбие ең алдымен
әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестікке түседі. Тәрбие әрқашан да әлеуметтік экономикалық
қатынастардың сипатына сай келеді. Мектептегі тәрбие жаппай ықпал етудің мемлекет қолындағы
барлық құралдардың (баспасы, кино, радио, теледидар) оқушыларға тәрбие берерлік ықпалымен
нығайтылады. Тәрбие жеке тұлғаның дамуына орасан ықпал етіп, тұқым қуалаушылықпен ортаның
ықпалына белсенді әсер ете алады. Сонымен тәрбие жеке тұлғаны қоғам талаптарына сәйкес бағыттап
отырады.
А) белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады:
Ә) ортадағы жағдайлардың дамуна қажетті материалдарды іріктейді;
Б) жеке бастың дамуына теріс зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аулақтанады
Тәрбие баланың қалыптасуындағы негізгі күш. Жеке тұлғаны дамытуда оны белсенді өмірлік
позициясын тәрбиелеу қазіргі қоғамды қайта құрудың демократиялық принциптерін жүзеге асырудың
басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Белсенділік адамның іс-әрекеті барысында қоғам мен жеке тұлғаның бір-бірімен қарым-қатынас
жасауы барысында өзін-өзі тәрбиелеуде сонымен қатар әлеуметтік қоғамдық еңбек процесінде айқын Жеке тұлғаның дамуы биологиялық заңдылықтар арқылы да анықталады. Жеке тұлға өзін

жасауы барысында өзін-өзі тәрбиелеуде сонымен қатар әлеуметтік қоғамдық еңбек процесінде айқынкөрінеді: Бала өзін қоршаған ортада қоғам талабына сай өмір сүретін еңбек ететін белсенді жеке тұлға
ретінде қалыптасуы керек.
Оқушылардың жас және дара ерекшеліктері.
Акселерация проблемасы баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін
білуі қажет.
Педагогика мен психология ғылымдары балалардың анатомиялық, физиологиялық
өзгешеліктеріне қарай балалық шақты мына төмендегідей кезеңдерге бөледі:
1. Сәбилік кезең (1-3жасқа дейін).
2. Мектеп жасына дейінгі кезең (3-6,7 жасқа дейін)
3. Мектептік кезең (7-мектеп бітіргенге дейін)
Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін) тоғыз жылдық (10-15), ортамектеп
оқушылары 15-17,18 – ге дейін болып үшке бөлінеді.
Баланың денесінің өсіп жетілуінің негізгі көрсеткіштері бойының өсіп толуы, салмағының артуы,
бұлшық еттерінің шығуы, кеудесі кеңейіп, ұлғайып, әр жас кезеңде түрлі өзгерістерге түседі.
Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің
бірі организмнің жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация - (лат: жеделдеу) деп атаймыз.
Акселерацияға тән ерекшелік балалардың бойының, саламағының, бұлшыұ еттерінің жедел түрде өсіп
жетілуі.
Акселерация биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, урбанизация факторы елдің
миграциялық өсу жағдайы транспорт және байланыс қатынастарынң дамуы, сонымен бірге радио
толқындардың және гоеграфиялық, климаттық жағдайлардың өзгеруі сияқты мәселелерді қамтиды.
Дененің жедел дамуы баланың психологиялық жетілуіне ықпал жасайды. Сондықтан білім беру
мен тәрбие жұмысының мазмұны әлсіз жұмыс факторлары акселерация құбылысының ерекшеліктеріне
сай құрылуы керек. Сонымен жеке тұлғаның дамуы өзара байланысты комплексті бірнеше факторлар
ықпал жасайтын күрделі педагогикалық психологиялық процесс.
Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір шатық кезеңге тән
анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп
атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты,
өзгерім-паздықты айқындайды, тәрбиелеушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым қатынастар
жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне
көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға
болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшелік-теріне байланысты.
Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлға-ланып, ақыл-саналары дамып, білімдері
тереңдей бастайды. Балалардын жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі
принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал,
қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәр-биесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір
сүруге дайын болу.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың
жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғам-дық , әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық.
Перзент сүю-ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру -бүкіл
тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғатан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи
заңына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отыру қажеттігін пе-дагогиса ғылымы ерте
кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Ко-менская, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала
табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы
биологиялық фактордың рөлін айрықша көр-сетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға
баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қрастыра отырып, бұл қзғалыстан сан жағынан
жинақталу,ал сапа жағынан елеулі өзгірістер болатынын алға тартады . Мәселеге бұлайша қарау
балалардың дене және психикалық дамуының бір-қатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік
береді.Осының негізінде мектеп жа-сындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай
кезеңдерге бөлу қабылданды:
1)төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа жейін); 2)негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезен (12 жастан 15 жасқа дей-ін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан
бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін);
2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жаска дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11-12 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (11- 12 жастан, 14- 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14-5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи
негізі-жас сатылары немесе биологиялық жетілуі сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала
дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген
өзгерістермен сипат-талады.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен7 жасының аралығындағы өзіне тән
ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен
сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс
үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды
әжептеуір игеріп, аз және көп сандарды, айдың, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл
жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері маиұнға айналып белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс
жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді.
Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері -6 жастан өтіп 7 толған балалар екені әркімге
де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы- негізінен биологиялық және физиологиялық
заңдылықтарды басшылыққа деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр
да зерек ұғымталдығымен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да
бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі
Кітап оқуын ұйымдастыра
Экскурсия
Жорық
Көтеріңкі
Әрбір қадамын ойлап, әрбір сөзді байыпты
сөйлеуі, қарым-қатынасты тұрыс құруы
Беру жүйесін жасау, бақылау
Ерікті зейін, ерікті ес қабілетін, қабылдау
ойлау әрекеттерін бала өзі реттейді
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері бала-ның бұрынғы
дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі саты-сына көшуге дайындап отырады.
Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыла-рының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді
мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгіз-еді. Алаңсыз балалық
шақа яқталып, баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып
табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару
баланың қоғам-дағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді.
Осының бәрі баланың коғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып
оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектеп-тің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін
кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Оқытудың алғашқы сатысында
олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінезқұлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың
қалыптасуына жағдай туғыза-ды.
Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқа-лады. Бірінші сатыда
ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар
мен жағдайларды сыртқы бел-гісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар
бі-луге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардың өмі-pi туралы сұрақтары
көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек
адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста бол-ғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып оқушы-лары ұзақ уақыт бір
қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп,
сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
Мұғалім оқыту процесін жекe бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тап-сырмалар беріп, оларды
бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек.
Оқуға және қоғамдық жұ-мыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау,
өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін
жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудың қажет екен-дігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға
деген жауапкершілігін тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі
қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жатты-ғулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін
дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама,
оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ , өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге
үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру
керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен
адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз
мүмкіндік-терін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекше-ліктерді оқу
тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін еліктеуге бейімділітін пайдаланып,
қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі
қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл
аудара-тын мәселе — баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу
отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз
болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру,
өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеу-меттік құнды
сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен
дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене
еңбегіне даяр болады, дүние туралы үғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз
орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптас-тыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек,
эстетикалық, дене тәрбие-сін өзара байланыста кешенді жүргізу.
21
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
-қыздарда -11-13 жас:
-ер балаларда -13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты мотарлық аппараттың қайта қорылуы
мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондықтан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек. жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көр-сетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға
құштарлық тән.
Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы
түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік
беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.
Бұл кезеңде сезім, достық қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтық, өзара сенім,
қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау көмек көрсету іс-әрскеттерін бірігіп орындау, жолдасының
кемшілігін айты, жоюға көмектесу.
Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар өздерінің
сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі ісәрекеттерінің барысында осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі балалалық шақтан
жасөс-пірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігінжәне қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін
мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұ-рыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде
ықпал етуі қажет.
7. Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері. Баланың дербес ерекшелігі тәрбие
процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшелік-терге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері,
жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет жатады. Жүйке жүйесінің типтік қасиеттері -
адамның мінез-құлқының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізі.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін жете білуі қажет. Нерв жүйесіне байланысты
темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін пси-хологиялық негізде ұйымдастырып, іс
жүзіне асыру мүмкін емес. Жеке адам-ның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке
тәуелді. Дербес қабілеттерінің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байла-нысты.
Әрбір адамның қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін да-мытуды жан-жақты
және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Жүйке жүйесіне байла-нысты темперамент типтерін басшылыққа алып
отыру керек.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін
айтады. Психология ғылымында темперамент 4 типке бөлінеді: холерик, сангвиник, меланхолик,
флегматик. Оларды тәрбиелеу - баланың дамуына ықпал жасап, даму дәрежесіне сүйену.
Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында (ойын, еңбек, қоғамдық жұмыстары т.б.) балалардың
мінез-кұлықтарын ескеріп, темпераментін тәр-биелейді. Сангвиник баланың іс-әрекетін бақылап, берген
тапсырманың ор-ындалуын қадағалап отыру керек. Меланхоликті белсенкке, ынтымақтастық-қа,
ұжымшылықтыққа тәрбиелеген жөн. Тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет:
- баланың өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау;
- өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету;
- баланың әртүрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу;
- баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету.
№