№2 семинар тақырыбы: Мектептің тəрбиелік жүйесі: мəні, құрылымы, қағидалары,
негізгі компоненттері жəне олардың өзара əрекеттестігі.
Сабақтың мақсаты: Мектептің тәрбиелік жүйесіне сипаттама беру және құрылымы туралы мәлімет беру.
Негізгі сұрақтар: 1. Мектептің тәрбиелік жүйесі дегеніміз не?
2.Сыныптың тәрбие жүйесінің фунциялары, мақсаты мен міндеттері
3.Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйеге сипаттама беріңіз
4.Тәрбиелік жүйенің құрылымы мен даму кезеңдерін атаңыз.
Әдістемелік нұсқаулық:Ұжымдық тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру моделі (белгілі қағида және талаптарды пайдаланып кез-келген іс-шараны дайындау және өткізу әдістемесі). Нақты модель талдауы: балаларды топта өз жұмысының мазмұның анықтай алу, оны жоспарлау, міндеттерді бөлу, дайындық жұмыстарын алып бару, жұмысты жүргізу және талдауға қалай үйретуге болатындығы жайлы.
Өткізу формасы: «Бумеранг» Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Студенттердің барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, оқытушы өзі сұрақ қоюына болады, әр топқа.