Бірінші кезең – жүйенің құрылуы. Ондағы негізгі мақсат– жаңа педагогикалық жобаны құру, пікірлес ұжымды қалыптастыру. Соған сәйкес, онда белгілі бір әрекеттің түріне қатысты адамдарды көптеп тарта бастайды. Содан кейін біртіндеп дәстүрлерді және оған қатысушы тараптардың өзара әрекеттесу тәсілдерін, құндылық бағдарды қалыптастыра бастайды. Бұл жағдайда жүйені тәртіпке салу жұмысы басымдық танытады. Жаңа мен ескінің арасында күрес болып тұрады. Бұл кезеңде жүйенің қоршаған социуммен өзара әрекеттесуі стихиялық (бей-берекеттілік) жағдайда болады.
Екінші кезең-мектеп өмірін тұрақтандыру.Олтәрбие жүйесінің құрылымы мен жүйе құрушы ұжымның іс-әрекетінің мазмұнымен байланысты анықталады.Бұл кезенің ерекшелігі жүйедегі компоненттердің ішкі байланысы әлі де болса тұрақсыз болып келеді,брақ оларды тәртіпке салу процесі үнемі жүріп тұрады.Мектеп әкімшілігіұжымдық іс-әрекетте тәжірибе жинақтайды,әрекеттегі ең нәтижелі тәсілдер мен дәстүрлер бекітіледі.Бұл кезеңде мектептің оқу ұжымы мен өзін-өзі басқару ұйымдары,спорт,көркемөнер,техникалық шығармашылық, клуб жұмыстарысаласында даму процессі анық қарқын ала бастайды.
Үшінші кезең-тәрбие жұмысының жүйесін құру аяқталады,оның компоненттерінің ішкі байланысы тұрақтанады,мектеп өмірі тәртіпке келеді,оқу-тәрбие жұмыстары қабылданған ережеге сәикес атқарылады.Бұл кезеннің негізгі бір маңызды ерекшелігі оқушылардың ұжым болып шығармашылықпен өзара жұмыс істеуінің басымдылық жағдайда болуы