Семинар тақырыбы: Мектептің тəрбиелік жүйесі: мəні, құрылымы, қағидалары, негізгі компоненттері жəне олардың өзара əрекеттестігі



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі309,95 Kb.
#113742
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
2апта


2 семинар тақырыбы: Мектептің тəрбиелік жүйесі: мəні, құрылымы, қағидалары,
негізгі компоненттері жəне олардың өзара əрекеттестігі.
Сабақтың мақсаты: Мектептің тәрбиелік жүйесіне сипаттама беру және құрылымы туралы мәлімет беру.
Негізгі сұрақтар:
1. Мектептің тәрбиелік жүйесі дегеніміз не?
2.Сыныптың тәрбие жүйесінің фунциялары, мақсаты мен міндеттері
3.Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйеге сипаттама беріңіз
4.Тәрбиелік жүйенің құрылымы мен даму кезеңдерін атаңыз.

1.Мектептің тәрбие жүйесі дегеніміз - мектептің тұтас әлеуметтк- пед. құрылымын құрайтын және тәрбиенің күшті және ұдайы әрекет ететін факторы болып табылатын өзара байланысты компоненттердің (тәрбие мақсаттары, оларды іске асыратын адамдар, олардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы, басқа да қатынастар, өмірлік кеңістік) жиынтығы.Мектептің тәрбиелік жүйесі жеке тұлғаның дамуына тиімді және мақсатты әсер ететіндей етіп құрылған,реттелген тәрбие үрдісінің құрамды бір бөлігі.


Тәрбие бұл тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс.Бұл тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің тәрбие мақсатына жетуге бағдарланған арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын өзара әрекеті.Тәрбие көптің ісі.Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар,мекемелер, және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана оң нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең көлемде, яғни,табиғат және әлеуметтік ортаның мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Мектептің тәрбие жүйесінің әдістемелік ұйымдастыру негізі мынадай: -Мектептің біріңғай даму тұжырымдамасы,оның Жарғысы. -Оқушылардың дамуына бағытталған мектепшілік басқарудың құрылымы -Жалпы мектепшілік дәстүрлі шаралар,мектеп ұйымдарын,бірлестіктерін қалыптастыру. Жоспалау
Мектептің тәрбиелік жүйесі – бұл мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу
ортасы. XXІ ғасырдағы жалпы орта білім беретін мектептердегі тәрбиелік жүйе
ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік
еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын кіріктіреді.
Ұжымның тәрбиелік жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міндеттерді
бөліп қараған жөн:
- денсаулық пен саламатты өмір салтына тәрбиелеу;
- жеке тұлғаның бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;
- тұлғада адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыру;
- тұлғаның бойына біткен тума қабілеттерді одан әрі дамыту.
Мектептің тәрбиелік жүйесі жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін әрекет етеді
2. Сыныптың тәрбие жүйесі-бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды қолайлы жағдай қалыптастыратын ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.

3. Қазақстан мектептеріндегі тәрбиелік жүйе


Қазіргі кезеңде мектептерде жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты –оқушылардың сабақ кезіндегі, сабақтан тыс уақыттағы әрекетінің тиімді байланыстарын табу; шығармашылық қабілетін дамыту процесін жекелендіруді күшейту; креативті тұлғаны тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру процестерінің өзара байланысын қамтамасыз ету; жеке тұлғаның
сұранысын, қажеттіліктерін ескеру; тұлғаның дамуы үшін материалдық, кадрлық-педагогтық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік тұрғысынан тиімді жағдайлар жасау.
Тәрбие мақсатын жүзеге асыруда тәрбиешінің рөлі зор. Қазіргі кезеңде тәрбиеші – ол саясаттың нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін, тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге, нарықтық экономикаға өту жағдайында келу салдарын, педагогикалық процестерді жаңа мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтимал мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген, кәсіби шебер маман.Тәрбиелік жүйеде сынып жетекшісі мен мектеп өкілінің рөлі қалай өзгереді? Жаңарған мектептегі олардың функциялары қандай? Тәрбиешілер, ата-аналар, мектептен тыс мекеме қызметкерлері тәрбие процесін ұйымдастыра отырып нені ескеруі қажет? Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиешіге біріншіден,ортаның тәрбиеленушіге әсер етер ықпалын, екіншіден,өзі істейтін әлеуметтік тәрбие институтының ерекшеліктерін, олардың тәрбие ісіндегі барлық мүмкіндіктері мен функцияларын білу өте маңызды. Жалпы білім беретін қазіргі мектептің даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негізгі блоктары болып саналатын:
диагностикалық,
мазмұндық-тұтастық,
ұйымдастырушылық іс-әрекеттік, технологиялық, нәтижелілік-бағалаушылық, өңдеушілік сияқты тәрбие процесінің логикасы мен құрылымын жақсы білу және дұрыс пайдалану қажет.
Қазіргі кезеңде заман ағымына орай жаңа өрімдер, тың ойлар, соны бағдарламалар көрініс табуда. Бұл – өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне тікелей қатысты. В.Г.Белинский: «Ең ескі дүниені жаңамен байланыстырып, өзгеше сипат беріп, жаңалық ашуға болады» – деген болатын. Мысалы, С.Н.Лысенкованың оза отырып оқыту технологиясы педагогикада қолданылғанымен, жалпы орта білім беретін мектептердің қазіргі даму жағдайына байланысты оны «жаңа» әдіс-тәсіл ретінде, яғни өзгерістерді өмірге енгізу арқылы тәрбиешілердің жұмысында қолдануға болады.
Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінің талаптарына сай жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырауда. Оған себеп болған жағдайлар:
-ақпараттық жаңа технологиялардың қарқынды дамуы;
-жаңа үлгідегі жалпы орта білім беретін мектептердің пайда болуы (гимназия, лицей, зияткерлік мектептер);
-қабілеті жоғары балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге келуі;
-жас ұрпаққа көптілді меңгерту.
Осы ұстанымдардың мағынасын жете түсіну, мектеп жасындағы балаларғабілім беру кезінде осы тұжырымдарды басшылыққа алу – әр тәрбиешінің ұстанымына айналуы тиіс. Себебі, жалпы орта білім беретін мектептерде жас ұрпаққа саналы тәртіп пен сапалы білім берудің алғы шарты – жаңа технология болуы қажет.
Жаңа технологияны пайдаланудағы негізгі мақсат – өскелең ұрпақтың қабілетін ашу, өз-өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылдыру. Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Өйткені, ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады. Тәрбие процесінің үзіліссіз жағдайы қоғамның талабына сай оның үнемі дамуымен сәйкес келеді, қозғалмалылығы – жанұя тәрбиесі, мектептегі мақсатты әртарапты тәрбиелік іс-шаралар мен мектептен тыс мекемелердің әртүрлі қызметі және баланың қызығушылығымен байланысты түрлі іс-әрекеттері, мүмкіндіктері, өмірлік тәжірибесі және әлеуметтік ортасы қарастырылса, ол мұғалімге тәрбиеде манёврлілік жасауға, қажетті кезде нәтиже беретін жол таңдауға мүмкіндік береді. Өзгермелілігі – оның жағдайға, тұрғылықты мекен-жайға, балалардың жас ерекшелігі мен жеке басының мүмкіндігін ескерумен, сондай-ақ өмірдің әртүрлі жағдайына, баланың өмір сүріп отырған ортасына т.с.с. тәуелді болуымен сәйкес анықталады.
4. Тәрбие жүйесі педагогикалық жүйе,дидактикалық жүйе,тәрбие жұмысының жүйесі секілді ұғымдардың ішінде манызды орын алады.Өйткені бұл кең көлемді ұғым.Ол өзінде жоғарыда айтылған үш жүйені өзінің компонеттері ретінде қарастырады.Жүйе-белгілі бір қатаң тәртіппен,логикалық тұрғыда өзара байланысты болып келетін элементтердің құрылымы.Құрылым-структура\ латынша structura-строение\ -бұл жүйедегі элементтердің орналасу тәртібі.Жүйенің құрылымын қабылданған өлшем бойынша элементтер құрайды және олар бір бірімен өзара байланыста болады. Тәрбие жүйесі статистикалық, бір ғана немесе мәңгілік қалыптасқан құрылым болмайды. Ол үнемі өзгереді, дамиды. Оны дамытудағы бірден-бір мақсат - тәлімгерлердің тұлғасын жан-жақты дамыту қажеттілігімен байланысты қарастырылады. Әртүрлі тәрбие жүйесін дамыту бірнеше кезеңдермен жүзеге асыруда мүмкін болмақ. Сондықтан да тәрбие жүйесін қалыптастыру процесі әрі ұзақ және ол жекелеген кезеңдерден тұрады. Олардың қатарында міндеттер, әрекет түрлері, ұйымдастыру формалары қарастырылады.
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет