Діни нанымдары мен ғұрыптары
Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. Олар: аспан әлемі, жер әлемі және
жер астында әлем бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт бұрышы оң, сол,
артқы және алдынғы жағы болған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Еск қорғанынан
табылған сақ ханзадасының ас киімінде бейнеленген. Бұлар- күн, қанатты пырақтар және
4 алтын жебенің суреті. Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып
саналады.
Ғұндар
Ежелгі заманда Орталық Азия аумағын
мекендеген ең ірі ру-тайпалар бірлестігі
көшпенді хунну — ғұн тайпасы болды.
Ғұндар тарихының басталуы қытай
дереккөздері бойынша Шань-Гуй-фан,
Чжоу-Хянь-Юнь және Хань-Хун-Ну
әулеттері тұсындағы Яо дәуіріне (б.з.д.
2356 — 2256 жж.) қатысты. Ғұндарды
шань-жун-таулық жундар деп атаған. Ол
замандарда ғұндар Қытайдан солтүстікке
және солтүстік-батысқа қарайғы өңірде
өмір сүрген. Қытайдың олар туралы ең
ежелгі аңыздары Шу-цзин деп аталады
24 тайпадан тұратын ғұн одағы шығыс қанат және батыс қанат болып бөлінді. Әр қанатқа 12 тайпа
кіретін, бұдан кейінгі ғасырларда бұл «оң ғар» — он қанат және «сол ғар» — сол қанат болып билік
басында жоғарғы көсемге бағынатын, «жауке», «дуки» (данышпан) деген атақтары бар екі көсем
тұратын. Ғұндардың жоғарғы көсемі «тәңрі» немесе «тәңрі-құт», шаньюй (кытайша айтылуында
таньғой) деген атақпен аталды. Тәңрі-құт пен 24 тайпаның көсемдері мемлекеттік басқарудың өзегі
болды. 24 тайпалық көсемнің әрқайсысының бағыныштылығында мыңбасы, жүзбасы, онбасылар
болып, бұлар атқарушы биліктің міндеттерін орындады. Әр тайпа көсемінің қарауын — 10 000 салт
атты болды.
Шаруашылығы
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал
өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң
аулау, егіншілік дамыды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас
пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек
маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді
Ғүндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары
да болған. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Егіншіліктің
жақсы дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер,
дәнүккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал-
саймандар табылған.
Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда
бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды,
тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық
Қазақстанда дамыған.
Қаңлылар
Қаңлы мемлекеті – Қытай жазба деректерінде
канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сырдария,
Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың
адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген.
Астанасы Битян қаласы.
Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы
«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш
кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық
Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде
Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері
қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі
рөл атқарды.
|