Тәрбие жұмысы жоспарының үшінші түрі: Сынып жетекші жоспарының үлгі құрылымы:
• сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайлы жалпы мәліметтер.
• сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
• тәрбие міндеттері.
• сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс.
• ата-аналармен жұмыс.
• сынып жетекшінің жұмыс есебін жүргізуі.
• сынып жетекшінің есеп беруі.
Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар:
• жоспардың қоғам талаптарына, мақсатына сәйкестігі;
• өмірмен тығыз байланыстылығы;
• жоспарға тәрбиенің барлық салаларынан жұмыстар енгізу;
• тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жасына, ұжымының ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне сәйкес болуы;
• жоспардық жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларын қамтамасыз етуі (комплексті тұрғыдан);
• жоспардың нақтылығы.
Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.