7 АПТА
№7 семинар тақырыбы: Түрлер инвентаризациясы.
Мақсаты: Түрлер инвентаризациясының маңызын меңгеру.
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Жер бетінде түр санының тарихи өзгеруі.
Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағттары мен заңдылықтарын зерттейді. Эволюциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882 жж.).
Қазіргі кезде вирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың 100 мыңнан, өсімдіктердің 350 мыңнан астам және жануарлардың 1,5 млн-дай түрі ғылымға белгілі. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде 1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.
Жер бетінде тіршіліктің тарихи дамуы туралы ертедегі көзқарастар. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның тарихи дамуы туралы әрбір халықтың өз көзқарастары бар. Ондай кзөқарастар көбіне аңыз - әңгімелер түрінде ауызекі ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырған. Үңгірлердің қабырғаларына , тасқа салынған суреттерде көбіне ертедегі адамдардың аулаған жануарларының суреттері бейнеленген. Ондай суреттердегі жануарлар бейнесі табиғи қалпына сәйкес салынған. Мұндай тасқа салынған суреттер Қазақстан жерінде де көптеп кездеседі.
2. Организмдердің негізгі топтарының Жер бетіндегі түр алуантүрлілігіндегі үлесі.
3. Организмдердің негізгі топтарының Жер бетіндегі түр алуантүрлілігіндегі үлесінің болашақта өзгеруі.(Кестеде көрсетілді)
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырып бойынша семинар сұрақтарына дайындалу. Жер бетінде түр санының тарихи өзгеруіне кесте бойынша түсініктеме беріңіз (Лебедова.., 1 кесте, 92 бет). Осы оқулықтың 4 және 5 суреттері негізінде 1-кестені толтыру.
Кесте 1. Организмдердің негізгі топтарының Жер бетіндегі түр алуантүрлілігіндегі үлесі және болашақта өзгеру тенденциясы
№
|
Организмдердің негізгі тобы
|
Планетадағы жалпы түр алуантүрлігіне шаққандағы үлесі, %
|
Планетадағы жалпы түр алуантүрлігіне шаққандағы үлесінің болашақта өзгеруі, %
|
1
|
Вирустар
|
1
|
3
|
2
|
Бактериялар
|
1
|
3
|
3
|
Саңырауқұлақтар
|
4
|
8
|
4
|
Қарапайымдар
|
2
|
2
|
5
|
Балдырлар
|
2
|
2
|
6
|
Жәндіктер
|
9
|
4
|
7
|
Омыртқасыздар
|
3
|
1
|
8
|
Омыртқалылар
|
4
|
0
|
9
|
Көбелектер
|
9
|
3
|
10
|
Қатты қанаттылар
|
24
|
25
|
11
|
Өрмекшілер
|
4
|
6
|
12
|
Моллюскалар
|
4
|
2
|
13
|
Шаянтәрізділер
|
2
|
1
|
14
|
Қосқанаттылар
|
7
|
13
|
15
|
Құрттар
|
1
|
4
|
16
|
Қатқыл қанаттылар
|
8
|
19
|
Бақылау сұрақтары:
- К.Линней 1758 жылы қанша өсімдік және жануар түріне сипаттама берді?
4236 жануар түріне, 10 мыңдай өсімдік түріне сипаттама берді.
- Батыс Қазақстан облысы флорасы мен фаунасында П.С.Паллас алғаш сипаттама берген түрлерді атаңыз.
Өмірінің соңғы жылдарында, басқалармен қатар, Паллас Ресейдің фаунасы туралы үш томдық «Zoographia rosso-asiatica» («Орыс-Азия зоологиясы» (лат.)) Еңбегін дайындаумен айналысқан. омыртқалы жануарлардың 900-ден астам түрін, оның ішінде сүтқоректілердің 151 түрін ұсынды, оның 50-ге жуығы жаңа түрлер. Материалдың кеңдігі мен аңғарымпаздықтың жан-жақтылығы, жан-жақтылығы үшін оның ұзақ уақыт бойы теңдесі болған емес. 20 ғасырдың басына дейін кітап Ресей фаунасы туралы негізгі білім көзі болып қала берді. Бірінші том 1806 жылы дайын болды, бірақ Германияға кетіп қалған Гейзлер суретшісінің кесірінен баспаға шығару және басып шығару ширек ғасырға созылды.
- Қазіргі кезде толық сипаттама берілген қанша өсімдік және жануар түрі белгілі?
Қазіргі таңда құстардың шамамен 9800 түрі тіршілік етеді.
Өсімдіктердің 350 мың түрі, ғалымдар тек 287 655 түрін ғана игерді,оның ішінде 258 650 гүлді түрі,16 000 мүк секілділері,11 000 көк жапырақты гүлсіз түрлері және 8000 жасыл балдырлар.Жануарлардың әлемде 170-ке жуық түрі ғана белгілі екен,әрине ғалымдардың айтуы бойынша.Профессор Брейннің айтуы бойынша:әлемде балықтардың 25 мың-ға жуық түрі бар екен.Және ғалымдар әр жыл сайын олардың жүздеген түрін ашады.
- Қазақстан Республикасының түрлік алуандық шоғырланған аймақтарды атаңыз.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
- Болашақта тірі организмдердің қандай ірі топтарына қауіп-төніп тұр? Себебін түсіндіріңіз.
Мысалы мұхиттарға қоқыс лақтырып,ластайтын болсақ, орман жануарлары,әсіресе терілі тасбақалар мен итбалықтар өледі.Олар полиэтилен пакеттерді медуза деп жұтады,қарындары керек емес заттармен толып,өледі.Көптеген теңіз жануарлары қалыпты тіршілік ете алмайды. Ескерту: мұхитқа табиғатта ыдырамайтын заттарды лақтыруға болмайды.
Биосфераның қорықта әдетте зерттеу нәтижелері флора мен фаунаны инвентеризациялау жөніндегі кадастрлік зерттеулерді орынды қамтамасыз ететін мамандарарға жұмыс жүргізуге рұқсат беріледі.Қорық әкімшілігіне есеп беру міндеттеледі.
Әдебиеттер:
1. Лебедева Н.В., Дроздов Н.Н., Криволуцский Д.А. Биологическое разнообразие. – М.: Гуман.центр ВЛАДОС, 2004. – 432 с. (С.91-97).
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 31 қазандағы N1034 Қаулысы.
3. Қазақстан Республикасының Қызыл Кітаптары.
Достарыңызбен бөлісу: |