111
– оқушыға терең білім беру болса, сол мақсатқа жетуде оқытудың жаңа
технологияларын меңгеру, сабақтарда жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіру. 2015
жылы Орал қаласындағы Педагогикалық Шеберлік Орталығынан бірінші
(ілгері)деңгей курсынан өтіп сертификатталды. Осы бағытта мектебімізде
өзгеріс тобын құрып, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің
білімін жетілдіру үстінде. Сонымен қатар,мектеп-гимназиясында өзгеріс
енгізуде,мектептің даму жоспарын құруда өз үлесін қосуда.2001 жылы
аудандық «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы,облыстық кезеңінен
«Жаңашыл ұстаз»номинациясына ие болды.2009 жылы аудандық «Үздік
тәрбие сінің меңгерушісі» атағын жеңіп алды.Елеулі еңбегі үшін 2012 жылы
аудандық,облыстық «Құрмет грамотасымен»марапатталды.
Шәкірттері аудандық, олимпиадаларда орын алып жүр. Атап айтсақ: Хамитов
М,Гайнуллина Ж,Қобан А. 2011-2012 оқу жылында бір оқушысы Куангалиева
Ж «Алтын белгі»иегері атанды. 2015-2016 оқу жылында оқушысы аудандық
«Ғылымға алғашқы қадам»атты ғылыми жобалар байқауында Кубайдолла
А 2 орынға иеленді.Орыс тілі пәні бойынша ұйымдастырылған қашықтық
КИО олимпиадасына қатысып сертификатталды.5 сынып оқушысы Хамит
Селена халықаралық «Я-юный гений» атты қашықтық байқауға қатысып 2
дәрежелі дипломмен марапатталды.
Өмірлік ұстанымы: Нашар ұстаз шындықты көрсетіп береді, ал жақсысы-
оны таба білуге үйретеді.
* * * * *
САРИЕВА РИТА САБИТОВНА
Туған күні, айы, жылы: 30.09.1982 жыл
Білімі: Жоғары, 1998-2002 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Мамандығы: «Екі шет тілі: ағылшын - неміс тілі»
Санаты: ІІ санат Жұмыс өтілі: 13 жыл
Жұмыс тәжірибесі: 2002 – 2008 жылдары Ғ.Бегалиев атындағы ожббм шет
тілі мұғалімі , 2009-2010 жылдары Бірік ожббм шет тілі мұғалімі , 2010-
2012 жылдары Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп - гимназиясында шет тілі
мұғалімі, 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін А.Оразбаева атындағы
ожббм шет тілі мұғалімі қызметінде
Оқушы жетістігі: 2015-2016 оқу жылында «Еnglish concourse» атты
қашықтық олимпиададан шәкірттері орын алғаны үшін «Алғыс хатпен»
марапатталды.
Таратылымы: Аудан көлемінде «Travelling to the countries» іс – тәжірибе
жұмысы таратылып, облыстық кезеңге ұсынылды , 2015ж.
Өмірлік ұстанымы: Жақсы ұстаздың жемісті еңбегі - ізденісте.
* * * * *
112
АЙТКАЛИЕВА ДАРИҒА КАБДОЛҚЫЗЫ
Туған күні, айы, жылы: 18.11.1972 жыл
Білімі: Жоғары, 2003-2006 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық
академиясы
Мамандығы: Қазақ тілі ,әдебиеті
Санаты: ІІ санат Жұмыс өтілі: 7 жыл
Жұмыс тәжірибесі: 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ғ.Бегалиев
атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі қызметінде
Жетістігі: Аудандық: Аудан әкімінің «Алғыс хаты», 2010жыл; Аудандық
білім бөлімінің мадақтамасы, 2011жыл; Аудандық білім бөлімінің «Алғыс
хаты», 2015ж; Аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі пәнінен Қазбек Г
- ІІ орын, 2014жыл, Жауметова А – ІІІ орын, 2015 жыл, аудандық сырттай
шығармалар «Жасұлан әлемінде » атты байқауында Сапарғали Б –ІІ орын,
Хайнешева Г – ІІІ орын,
Таратылымы: Республикалық 45minut.kz басылымына «Жай сөйлемдер»
тақырыбындағы іс тәжірибесі жарияланды - 2016 жыл, Республикалық
ғылыми журналына «Шешен. Шешенге қойылатын талаптар» тақырбындағы
іс - тәжірибесі жарық көрді – 2012 жыл №4 саны, аудандық тамыз кеңесінің
секциялық отырысында сабақтары іс - тәжірибесі ортаға салынды.
Өмірлік ұстанымы: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
* * * * *
КЕНЖЕГАЛИЕВА САЛИЯ УТЕПОВНА
Туған жылы, айы, күні: 03. 28. 1977 жыл
Білімі: Жоғары, М. Өтемісов атындағы БҚМУ, мамандығы-мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту.
Жұмыс тәжірибесі: 2006-2010 ж.ж-Тереңкөл орта жалпы білім беретін
мектебі жанындағы «Балдырған» шағын орталығының аға тәрбиешісі.
2010-2016 ж.ж-Казталов аудандық білім беру бөлімінің «Жігер» бөбекжай-
балабақшасы меңгерушісі.
Шет тілдер: Орыс тілінде еркін, ағылшын тілі сөздікпен.
Кәсіптік дағдылары: жаңалыққа құштар, мектепке дейінгі ұйымның
жұмысын нормативтік құжаттарға сәйкес ұйымдастыра біледі, жалпы
адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатады, компьютерді жақсы меңгерген.
Жетістіктері: Нұротан» ХДП «Алғыс хат» 2013 жыл Тереңкөл ауылдық
округ әкімінің «Алғыс хаты» 2015жыл, Аббб-нің «Құрмет грамотасы»
2015жыл, Республикалық білім-ғылым порталының баспа редакциясы
«Алғыс хаты» 2016жыл.
Өмірлік ұстанымы: Өз жұмысымды жақсы білу, білгенімді басқаға үйрету.
* * * * *
113
КЫДЫРОВА ШЫНАР ЖАСКАЙРАТОВНА
Туған жылы, айы, күні: 04.08.1982 жыл
Білімі: Жоғары 2013 – 2015 ж.ж. Батыс Қазақстан инженерлік –
гуманитарлық университеті «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
мамандығы бойынша бакалавры.
Жұмыс тәжірибесі: 2009 – 2010 ж.ж –Тереңкөл орта жалпы білім беретін
мектебі жанындағы «Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі. 2010-
2016 ж.ж - Казталов аудандық білім беру бөлімінің «Жігер» бөбекжай-
балабақшасы тәрбиешісі.
Шет тілдер: Орыс тілінде еркін , ағылшын тілі сөздікпен
Кәсіптік дағдылары: Тәрбиешінің негізгі міндеті тәрбиелеу ұйымдастыра
білу.
Жетістіктері: Аудандық «Үздік жобалық жұмыс» бас жүлде 2015 жыл.
Обылыстық «Үздік жобалық жұмыс» сертификат 2015 жыл. «Жігер»
бөбекжай -балабақшасының «Құрмет грамотосы» 2015 жыл.
Өмірлік ұстанымы: Балаға жеке тұлға ретінде қарап, дұрыс тәрбие беру.
* * * * *
АЙМУКАШЕВА ГУЛЬНАР КАРИМУЛЛИНОВНА
БҚО Казталов ауданы Г.Бегалиев атындағы ОЖББМ,
Қошанкөл ауылы. Бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі
Математика пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 29 жыл. І категориялы, ІІІ деңгей
мұғалімі. Еңбек жолында кабинет жетекшілігі, сынып жетекшілігі, бірлестік
жетекшілігі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры
қызметтерін үлкен жауапкершілікпен атқарды. Семинарлар мен қоғамдық
жұмыстарға белсене қатысады. Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту
технологиясы бойынша курстан өтіп, жаңа технология бойынша аудандық
семинарда өткізген ашық сабағы оң бағасын алды. Әріптестерімен ой
бөлісіп, жас мамандарға қолдау көрсетеді.
Гульнар Каримуллиновна өз ісіне тиянақты, шеберлігі мол, өз пәнін
жетік меңгерген маман. Мұғалім «Жаңа технология элементтерін қолдана
отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын жетілдіру» тақырыбында
жұмыстанып келеді. Сабақтарында дамыта оқыту, Шаталов тірек-
сызбалары, СТО элементтері мен проблемалық оқытуды тұрақты қолданады.
«Кенгуру» халықаралық математикалық байқауда, «Ақ бота»
интеллектуалдық марафонында оқушылары жүлделі орындарды иеленді.
Аудандық олимпиадада Чапаева Л. ІІорын(9с-2013), Батаева А. белсене
қатысқаны үшін(10с-2014) дипломдарын иеленді.Ұстаздық жолын қуған
шәкірттері Химединова З.,Супушева Т., Аманғалиева Зухра -мұғалім,
Батай Ақылжан (IVкурс, грант иегері) БҚМУ математика факультетінің
студенті. 2016 жылғы 11 сынып оқушысы Батаева Ақнұр Қ.А.Ясауи
114
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен
өткен ІІІ Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасына қатысып жүлделі
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және осы университеттің гранты
негізінде білім алу үшін сертификатын иеленді. Ұстаздық еңбек жолындағы
марапаттаулары: Аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасы» -
2016ж, Аудандық диплом - 2005, 2014ж, мектепішілік мадақтамалар – 2012-
2015ж.
* * * * *
ТАБЫЛДИЕВА ШЫНАР НАСЕКЕНОВНА
БҚО Казталов ауданы Г.Бегалиев атындағы ОЖББМ,
Қошанкөл ауылы. Бірінші санатты орыс тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
1972 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы Орал педагогикалық
училищесін бітіріп бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша
Казталов орта мектебінде, кейін 1993жылы Алма Оразбаева мектебінде
бастады. 1996 жылдан бастап Гали Бегалиев атындағы орта жалпы білім
беретін мектебінде орыс тілі және орыс әдебиеті пәні мұғалімі болып
жұмыс жасап келеді. 2000 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-не түсіп,
2005 жылы «орыс тілі және орыс әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп
шықты. Мұғалімнің назарында оқушылардың тілін дамыту және білім
сапасын көтеру бағытында инновациялық технологияларды қолдану. І
санаттағы тәжірибелі мұғалім ауданның білім жүйесіндегі шығармашылық
еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін
аудандық «Құрмет грамотасы»(2008), аудандық білім бөлімінің Алғыс
хатымен (2013), аудандық орыс тілі пәні мұғалімдерінің арасында өткізілген
пән олимпиадасында (қазақ сыныбы бойынша) ІІ орын алғаны үшін (2016),
Республикалық «Мен - Қазақстан патриотымын!» атты шығармашылық
байқауына шәкірттерін қатыстырып, белсенділік танытқаны үшін
дипломмен марапатталды. Республикалық Ұстаздар сайтына (www.45minut.
kz) (2013), Infourok.ru (Инфоурок) сайтына (2015) Ұстаздың жеке еңбектер
жинағы Интернет ресурсында жарияланды.
«Жаңа технология тәжірибесінде» атты аудандық семинарында тәжірибемен
бөлісті. (СПП с придаточными обстоятельственными).
Шәкірттерінің жетістіктері: Аудандық шығармалар сайысы «Тәуелсіз
Қазақстан» ІІІ орын – Рыскалиева А (2011-2012).
Аудандық пәндік олимпиадасы І орын – Рашид Ж. (2014-2015)
Аудандық пәндік олимпиадасы ІІ орын – Ильясова А . (2014-2015).
Республикалық «Мен - Қазақстан патриотымын!» шығармашылық байқауы
І орын- Боранбаева Г.
* * * * *
115
АЙТКАЛИЕВА ГҮЛНАЗ ЗЕЙНҚЫЗЫ
БҚО, Казталов ауданы, Қошанкөл ауылы
Г.Бегалиев атындағы ОЖББМ
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, еңбек өтілі 20
жыл. Батыс Қазақстан Гуманитарлық Университетінің түлегі. 1996 жылдан
бері Г. Бегалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде ұстаздық
етіп келеді.
2014 жылы Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ педагогикалық шеберлік
орталығы ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының І
(ілгері) деңгейі бойынша сертификатталды.
Өмірлік ұстанымы: пәндік білім негізінде бойында метасана қалыптасқан,
еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді,
сыни-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық
танытатын, санасына ұлттық тәрбие сіңірген оқушы даярлау.
Халықаралық деңгейде “Бейбітшілік әлемі” халықаралық қазақ
творчестволық бірлестігі өткізген “Өшпес рух” (Абылай ханның 300
жылдығына арналған) ғылыми-практикалық конференциясына “Жас ұрпақ
бойына ізгілік дарытудағы қазақ әдебиетінің орны” баяндамамен қатысып,
жинақ кітапқа енгізілді. “ХХІ ғасырдағы білім:теория, тәжірибе және даму
бағыттары” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына “Қазақ
тілін оқытуда ақпараттық–коммуникативтік технологияларды қолдану
тиімділігі” баяндамамен қатысып, zkoipk.kz сайтына жарияланды және
жинақ кітабына енгізілді. (2014) Халықаралық ынтымақтастықты дамыту
бағытында облыстық білім басқармасы мен ОБЖТжЭО ұйымдастырған
“Білім.Туризм.Интеграция” халықаралық форумына мұражай бағыты
бойынша қатысып, “Мұражай қорын толықтыру жолдары” атты баяндама
оқып, іс-тәжірибеммен бөлісті. Облыс көлемінде “Келешек ұрпаққа тәрбие
берудегі келеңсіз оқиғалардың алдын-алу барысындағы мектептің ролі”
семинар-практикумында “Отбасының функционалдық сауаттылығын
арттырудағы мектептің ролі” баяндамасын оқып, “Жасөспірімдердің
өзіне деген жауапкершілігін арттыру” коучингін өткізді. “Мемлекеттік
тілді оқытуда ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз ету жолдары”
семинарында “Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
тиімділігі” баяндамасын оқыды. Аудан көлемінде «Жаңа технология
тәжірибеде» шеберлік-сыныбын, “ҰБТ-дағы кемшіліктерді болдырмау:
білім, ізденіс, тәжірибе” семинарын және “Қазақ тіл білімі салаларын
тәжірибемен ұштастыруда құрдастар тобында оқытудың маңыздылығы”
(Фонетика, синтаксис салалары бойынша) шебер-сыныбын, “Ұлттық
бірыңғай тестілеуге дайындауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсіл жолдары”
семинары аясында “Мұғалімнің тиімді оқытуы – сапалы білім негізі”,
116
“Қазақ тіл білімі салаларын тәжірибемен ұштастыруда құрдастар тобында
оқытудың маңыздылығы” (Сөз таптары бойынша) шеберлік-сыныбын
,“Білім беру ұйымдарындағы бірлестік жетекшілері құжаттарының
қызметін ұйымдастыру” дөңгелек үстелін, “Сындарлы оқыту арқылы
оқушы мен мұғалімнің құзіреттілігін арттыру” семинарында “Мектептегі
көшбасшылықты дамыту” коучингін өткізді. Республикалық “Қазақ
тілі мен әдебиеті” журналына (2015 жыл, №12) “Қазақ тілін тереңдетіп
оқыту – білім жолындағы ізденіс қадамдары” авторлық бағдарламасы,
“45 minut,kz. Республикалық ұстаздарға арналған басылым “Болашақты
бірге жасаймыз” ғылыми-практикалық семинар материалдарының № 3
жинағына “Мектептегі көшбасшылық” коучингі, Қазақстан Республикасы
www.bilimnur.kz ұстаздарға арналған басылым редакциясына “С.Аронұлы
“Жақсы мен жаманның айырмасы” сабағы жарияланды.
Жетістіктері: ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты респубикалық
қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының “Алғыс хаты” (2015
жыл), облыстық білім басқармасының “Құрмет грамотасы” (2015 жыл),
облыстық БЖТ жЭ орталығының “Алғыс хаты” (2014 жыл), аудан
әкімінің “Құрмет грамотасы” (2014 жыл). Облыстық «Хрусталды шоқыр»
байқауында «Үздік мұражай жетекшісі» номинациясы бойынша гран-при,
облыстық мектеп мұражайлары фестивалінде «Үздік мектеп мұражайы»
гран-при жүлдесіне ие болды. 2016 жылы ресейлік www.umnata сайтындағы
мұғалімдерге арналған интернет-конкурстың “Портфолио” бөлімі бойынша
ІІІ орын иеленді. Аудандық “Үздік педагог” байқауының және қазақ тілі мен
«әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткізілген пән олимпиадасының ІІІ
орын иегері.
Республикалық қашықтық олимпиадасы: күміс жүлдеге сай нәтиже -
Жасим Әдемі (ІІ орын), Ерланқызы Гүлім (ІІ орын), Қалмақанова Орнай
(ІІ), Қайырлиева Мадина (ІІ). Жұматаев Заманбек, Мағзом Назерке - үздік
нәтиже. (2015)
Аудандық қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиада: Сахан Диана
жүлделі І орын (2013-2014), Айболатова Нұрлы - жүлделі І орын (2014-
2015), 2015-2016 оқу жылында І орын, облыстық кезең қатысушысы.
“Қазақ даласының ұлы тұлғалары” республикалық интернет байқауы:
Жасим Әдемі ІІ орын, Айболатова Нұрлы ІІІ орын.(2015)
“Ақ бота” интеллектуалдық марафоны: Батаева Ақнұр ( ІІІ), Хамитова
Саида ( ІІІ), Мақсұт Ақерке ( ІІІ).
Облыстық “Жас дарын” шығармашылық байқауы: Рысқали Айсана І орын,
Битебаева Айгерим ІІ орын.
* * * * *
117
ТЕМИРБОЛАТОВА КУНСУЛУ БАТАЕВНА
БҚО, Казталов ауданы, Қошанкөл ауылы
Гали Бегалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
I санатты бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілімі: 29 жыл.
Негізгі жұмыс істеу бағыты, жұмыс әдісі: «Интерактивті технология
арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру»
Жетістіктері: Мектепшілік «Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз
тәрбиелейді» атты тәлімгерлер мен жас мамандар онкүндігі (2013 ж), аудан
әкім Н. Бекқайырдан алғыс хат (2014 ж), ауыл әкімінен алғыс хат (2015 ж),
аудандық Құрмет грамотасы «Менің алғашқы ұстазым» атты акциясында
шығармашылық еңбегі мен ұрпақ оқытудағы табыстары үшін, аудандық
«Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» сырттай байқауында «Әдістемелік
дәлелдігі» номинациясы (2015 ж), облыстық «Білім беру мазмұнын жаңарту
жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа тұрғысы» ғылыми-
тәжірбиелік интернет-конференция (2015 ж), халықаралық infourok.
ru порталында «Кішкентай сұлтан -2014» еңбегі жарияланды (2015 ж),
республикалық bilim-gylym.kz порталына еңбегі жарияланды (2015-2016
ж.ж), мектепшілік «Педогогикалық рейтинг» шарасынан «Үлгі тұтар ұстаз»
номинациясы (2015-2016 ж.ж), аудандық «Білім беру үрдісінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану» атты оқыту-практикалық
семинарына қатысқаны үшін сертификат (2016 ж), Орал қаласы №42
«Ақ ниет» гимназиясына «4 сыныпта жазба есептерді шығару жолдары»
тақырыбындағы семинарға қатысушы.
Өмірлік ұстанымы: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай,
келешек заманына лайық ,білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару».
* * * * *
ЖҰМАҒАЗИЕВА ГАУҺАР ХАБИЖАНҚЫЗЫ
Туған жылы,айы, күні: 18 ақпан 1989 ж.
Білімі 2004-2008 ж. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
Мамандығы: «Шетел тілі»
Біліктілігі: «Негізгі мектептің шетел (ағылшын) тілі мұғалімі және жеке
компьютерді пайдаланушы»
Еңбек өтілі: 11.11.2008 – қ.у. №30 «Жұмбақ» балабақшасы
Лауазымы: ағылшын тілінің оқытушысы Санаты: ІІ санат
Қосымша ақпарат: Орындаушы, ұқыпты, тіл тапқыш, өмірлік ұстанымы
белсенді, әдепті, алға мақсат қоя білу, зейінді, мейірімді. Кәсіби өсу мен
дамуға ұмтылу. Жаман әдеттерден аулақ, өнегелі, жауапты, еңбекқор,
өзгелердің пікіріне, көзқарастарына құрметпен қарайды. Моральді-
этикалық мінез құлық иесі. Мінезі – сабырлы, төзімді. Хоббиі — кітап оқу,
118
аспаздық
Марапаттар, грамоталар, алғыс хаттар, сайыстар
2011 ж. – Балабақшаішілік кіші педагогикалық оқу – І орын;
2011 ж. – Ерен еңбегі, шығармашылық ізденісі үшін – Грамота «Ең үздік
балабақша оқытушысы»;
2011 ж. – Қалалық білім бөлімі - «Білім беру мазмұнын жетілдіруде
инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлға қалыптастыру» XII
Қалалық педагогикалық оқу - ІІ дәрежелі диплом;
2011 ж. - Қалалық білім бөлімі - «Баламалы бағдарламалар және әдістемелік
нұсқаулар» конкурсы - «Таңдаулы көмекші дидактикалық құрал»
номинациясы;
2012 ж. – Балабақшаішілік «Мамандығым мақтанышым» атты конкурста
–Гран при;
2015 ж. – «Театрлық іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы мектеп жасына
дейінгі баланың сөздік шығармашылығын және мәнерлеу тілін дамыту»
атты педагогикалық шеберлік апталығында «Үздік ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетін» көрсеткені үшін Алғыс хатпен;
2015 ж. - «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған
дидактикалық ойындарды педагогикалық процессте қолдану» атты
педагогикалық шеберлік апталығында өз шығармашылығын көрсете білгені
үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Басылымдар: 2012 ж. - Республикалық, мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне
арналған, ғылыми әдістемелік, педагогтік «Отбасы және балабақша» атты
журналының, наурыз-сәуір, №2 басылымына - «Ит қалай үй тұрғызды?»
атты сабағы;
2015 ж. – Республикалық, мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне арналған,
ғылыми әдістемелік, педагогтік «Отбасы және балабақша» атты
журналының, наурыз-сәуір айындағы №2 басылымына «Амандасу – «Gret-
ting» тақырыбындағы сабағы;
2015 ж. - Республикалық «45 minut.kz» газетінің сайтына – «Ағылшындар
несімен ерекше?», «», «Ғажайып қала – Лондон» атты сабақтар;
2016 ж. - Мұғалімдерге арналған «kopilkaurokov.ru» сайтында «Санта
Клаустың сәлемдемесі» атты авторлық жұмысы;
2016 ж. - Ұстаздар мен оқушыларға арналған «oqu-zaman.kz» қосалқы
білімді сайтында «Санта Клаустың сәлемдемесі» тақырыбындағы жұмысы;
2016 ж. – «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ағылшын тілінің
ғажайыптары» атты әдістемелік құрал жарық көрді.
* * * * *
119
АГЛЕНКИНА АҚМАРАЛ ЖУМАГУЛОВНА
Ақтөбе облысы. Ембі қалалық №7 орта мектеп жанындағы
интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Ұстаздық еңбек жолында оқушыларға білім берумен қатар білік
дағдыларын қалыптастыруға назар аударып келе жатқан педагог. Қалалық,
аудандық және республика деңгейінде марапаттарға ие болды. Аудандық
білім бөлімінен 2010 жылы, 2012 жылы қала әкімінен Алғыс хаттарға ие
болды. 2013жылы Республикалық «ҰБТ қортындысы» бойынша «Өте
жоғары көрсеткені үшін» 2015 жылы мамыр айында Халықаралық Экология
және Инженерлер Ғылыми Академиясының ұйымдастыруымен жаңа жыл
мейрамына орай өткізілген «Ручных поделок» атты жарыста оқушысы
(Алдашова Л 4 класс) 1 орынды жеңіп алды.
Осы қызмет еткен жылдар аралығында оқушылар жетістігі: Ең
алғашқы түлектері: Нағиев Ізгілік Байдрахманұлы «45минут.kz» редакторы
болса, 2012 жылы оқушысы Азатова Гүлдана «Алтын белгі» иегері атанды.
Қазіргі таңда оқытушылық қызметін шығармашылықпен атқарып келе
жатқан ұстаз.
Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша,
қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйуін түйгенінше айтуға жарау.
Айта білетін адам табылса, тіл пайдалануға әрқашан жарайды. Тек айта
білетін адам табылуы қиын», – деген.
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының
стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің
жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдестерді ескеретін
жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа
заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім
мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер
мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен
өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе
білетін, мәдениетті тұлға.
Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез
–келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға
жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол
– өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды
қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны
дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды
және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Нағыз сабақ –
ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай
жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
* * * * *
|