Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата11.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#42442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Бекіту сұрақтары 
1. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы дегенді қалай түсінесіздер? 
2. Ш.Уәлиханов еңбектерінің әдебиеттану ғылымындағы маңыздылығы қандай? 
3. Қазақ әдебиеттануындағы алғашқы теориялық кітап қалай аталады және авторы кім? 
4. ХХ ғасырдың 20 жылдарында әдеби-теориялық ізденістердің шындап қолға алынғандығын 
дәлелдейтін қандай еңбектер болды? 
5. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының басты тенденциялары қандай? 
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292 
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 


2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 
- 172 бет. 
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана: 
Фолиант, 2005. - 536 б.
 
4 Тақырыбы: Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» 
мәселелері.
Сағат саны 1 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері. 
2. Сөз өнерінің образдық-суреткерлік табиғаты. 
3. Көркем образ, оның түрлері. 
Дәріс тезисі: Әдебиеттің өзге өнер түрлерінен өзіндік басты бір ерекшелігі – бейнелеу құралына – 
көркем сөзге байланысты. Осы себепті де әдебиет сөз өнері деп аталады. Суретті сөз, бейнелілік 
деген ұғымдар тек әдебиетке, ондағы сөз қолданысына қатысты ерекшелікті танытады. Көркем 
сөздің құдіреті, оның мағыналық аясының кеңдігі, шексіздігі, әсересе бейнелілік – суреттілік 
секілді сиқырлы, сазды сипаты қаламгерге өмір-болмысты қалауынша қамтып, шындықты кеңінен 
жинақтап, оны қабілет-дарынына сай құлпытра, көркем кестелеп, жанды да, нақты танытуына 
мүмкіндіктер береді. Көркем әдебиеттің құдіретті күшін, яки оның өмір таныту, адам тәрбиелеу 
жайын ғана емес, күллі қоғамдық өзгертушілік қасиетін түсіну үшін оның эстетикалық табиғатын 
тану қажет. Өнер туындысынан адамның алар эстетикалық әсері туралы. Адамның көңіл-күйінде 
сан-сала құбылыстар туғызу күші – әдебиеттің эстетикалық әсері.
Әдебиет және эстетикалық категориялар. Көркем әдебиеттің құдіретті күшін, яки оның өмір 
таныту, адам тәрбиелеу жайын ғана емес, күллі қоғамдық-өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның 
эстетикалық табиғатын тану қажет. Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел 
баурайды: қуантады, сүйсіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді... қысқасы, 
адамның көңіл-күйінде сан-сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады.
Образ деген сөз көркем әдебиетте екі түрлі мағынасында қолданылады. Бірінші, көркем сөз 
мағынасында, екінші, адам образы – тип – мағынасында. Көркем сөз ұғымында образға теңеу де, 
эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп те 
айтамыз. Екінші адам образы – тип мағынасында қолданылады.
Бекіту сұрақтары 
1. Әдебиет өнеріне тән көркем бейне және бейнелілік деген ұғымдар аясын айқындаңыз?
2. Көркем бейне қаламгер үшін көркем таныту құралы бола ала ма?
3. Көркем бейненің жекелік (жалқылық) және жалпылық қырлары неден көрінеді? 
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292 
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 
- 172 бет. 
 
5 Тақырыбы: Өнердегі «типтілік» мәселелері. Типтендіру түрлері. 
Сағат саны 1 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Өнердегі типтілік мәселесі. 
2. Типтендіру – өнердің басты заңдылығы. 
3. Типтендірудің түрлері, ерекшеліктері. 
4. Типтілік пен көркемдік шарттары. 
5. Классикалық әдеби типтер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет