Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата11.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#42442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Дәріс тезисі: Типтендірусіз, көркем жинақтаусыз өмір шындығы өнер шындығына, яғни көркем 
шындыққа айналмайды. Орыстың В.Днепров, Б.Сучков сынды ғалымдарының пікірінше 
типтендіру (типизация) өнердің реалистік арнада дамуының жоғары кезеңінде ғана байқалатын 
ерекшелік. Нағыз реалистік өнерге тән заңдылық. Типтендіру проблемасының ғылымда ХІХ 


ғасырдың ІІ жартысында қатты көтерілуі, күн тәртібіне қойылуы тегін емес. ХІХ ғасыр 
реализмнің, реалистік өнердің Европада, орыс әдебиетінде айырықша дәуірлеген кезеңі. Төл 
әдебиетіміздегі Абай өлеңдеріндегі үздік көркемдік жинақтау үлгісін еске түсірейік. Абайдың 
сатиралық өлеңдеріндегі типтер, саяси-әлеуметтік лирикасындағы өмір шындығының терең 
бейнеленуі, мұның бәрі шынайы, кемелденген реалистік өнерге тән ерекшеліктер. 
Типтендіру яки көркем жинақтау, сонымен өнер заңдылығы. Бұл қаламгердің жазатын 
тақырыбына, өзін толғандырған өмір мәселелеріне орай зерттеп-жинаған материалын (тарихи 
деректері, ауызекі әңгіме, шешендік сөз, архив құжаттары, кино-теледидар хабарлары
қойылымдары, баспасөз материалдары, өмірбаяндық жайлар, естеліктерді, түрлі құжаттар т.б.) 
шығармасында бейнелер уақытқа, кезеңге, кейіпкерлер болмысына, танытпақ идеясына, 
көзқарасына сәйкес лайықтап екшеп-елеуі, аса мәнді, қажетті деген дерек, фактілерді, оқиғаларды 
сұрыптауы. Сөйтіп осындай сүзгіден өткен, таңдалып-іріктелген материалдарды шығарманың 
сюжеттік-оқиғалық желісінде, көріністерде кейіпкерлер тұлғаларын даралау, мінездерін айқындау, 
бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелеу мақсатында шеберлікпен қолдана білу. Өмір шындығынан 
алынып, сұрыпталып, жинақталған әрбір дерек, деталь, факт шығарма идеясына сай суреттеліп 
отырған оқиғалар желісінен, кейіпкерлерді қарым-қатынасы жүйесінен, тартыстан өзінің лайықты 
орнын алуы шарт. 
Бекіту сұрақтары 
1. Өмірдегі типтік құбылыстар, көріністер дегеніміз не? Олардың өнер туындысында бейнелену 
себебі не?
2. Кейіпкерлерді тип, яғни, типтік тұлға немесе эпизодтық, екінші кезектегі бейне деп бөлу неге 
байланысты?
3. Бүгінгі өмірдің типтік құбылысы деп нені атауға болады?
4. Типтік бейне қандай тұлға? Мысал келтіріп дәлелдеу.
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292 
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы: 
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 
- 172 бет. 
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана: 
Фолиант, 2005. - 536 б.
6 Тақырыбы:Көркем шығарманың құрылысы. Мазмұн мен пішін. 
Сағат саны 1 
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары 
1. Көркем шығарманың құрылысы. 
2. Әдеби шығарма – көркемдік әлемі. 
3. Мазмұн пен шішін, олардың бірлігі. 
4. Мазмұн мен пішін элементтері. 
Дәріс тезисі: Пішін мен мазмұн. Әдетте қарапайым өмірде Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні. 
Оның енді ішкі қасиеті, анықтамасы – мазмұн. Мазмұнның сыртқы қасиеті – пішін. Қандай 
жағдайда болмасын, әуелі мазмұн туады да өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек 
мазмұн пішіннен басым (примат). Ал көркем әдебиеттегі пішін мен мазмұн қандай? Әдетте 
шығармадағы мазмұн көркем ой көрігінен түрленіп шыққан өмір шындығы делінеді. Бұған негіз 
бар. Алайда мазмұн деп суреттелінген өмір құбылыстарын айту қисынды болмас еді. Өйткені 
шығарманың мазмұны – баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай өмірлік құбылыстардың тікелей 
өзі емес соның көркемдік көрінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті. Өмір шындығы әдебиет 
шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой – 
сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат-идеалдары келіп қосылады. 
Шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы, ал 
пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым – қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, 
композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки 
көркем шығарманың тілі. Форма дегеніміз – мазмұнның сыртқы көрінісі. Форма мынадай 
компонеттерден құралады, яғни форманы ашатын амал-тәсілдері образ, сюжет пен композиция, 
метод, жанр, өлең құрылысы, ырғақ, әуен, интонация т.б. жатады. З.Қабдолов мазмұны мен форма 


туралы: «Әдеби шығарманың мазмұны – өз эстетикалық идеалының тұрғысынан сурткер таныған 
ақиқат өмір, пішін (форма) – осы шындық түтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни 
әдеби қаһармандар өмірі», – деп анықтама береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет