кезеңнің өзіне тән дамуы, оның өз ерекшеліктері болады. Ол қоғамдық жағдайларға, әдебиеттің
қалыптасу деңгейіне де байланысты. Бүгінгі әдеби процесс немесе әдеби даму ертең әдебиет
тарихына айналады. Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің,
аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи –
заңды қозғалысы. Әдеби процесс әрбір тарихи кезеңде әлеуметтік, идеологиялық және
эстетикалық тұрғыдан жазылған әр алуан сападағы кесек образдар мен қарапайым кескінделген
қарадүрсін шығармалардан – көпшілікке арналған әдебиеттерге дейін өз бойына үздіксіз сіңіріп
отырады.
Дәстүр мен жаңашылдық – әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен
жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым.
Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас
түсініктер жатады. Жаңашылдық – өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің
ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының
шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жалпы
өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық –
диалектикалық бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды,
өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды
байланыс – материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен
әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық – әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың
нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте,
өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын
қажет етеді.
Бекіту сұрақтары
1. Әдеби процесстің басты кезеңдері қандай?
2. Әр әдеби кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болды ма?
3. Дәстүр мен жаңашылдық дегенді қалай түсінесіздер?
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0.
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы:
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018.
- 172 бет.
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана:
Фолиант, 2005. - 536 б.
Достарыңызбен бөлісу: