Бекіту сұрақтары
1. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштеріне қандай мәдени мұралар жатады?
2. Қазақ халқының өнері, мәдениеті, әдебиетінің тарихы, дүниетанымдық ой-көзқарасы ұлттық
тарихымен байланыстылығы неде?
3. Әл-Фарабидің «Поэтика» атты еңбегінің құндылығы неде?
4. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің ізі қандай ескерткіштерде сақталған?
5. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өнер салаларының теориясына қосқан үлес-салмағы қандай?
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0.
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы:
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018.
- 172 бет.
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана:
Фолиант, 2005. - 536 б.
3 Тақырыбы: Қазақ ұлттық әдебиет теориясының тарихи даму жолы.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. ХХ. ғ. қазақ баспасөзі және әдеби-эстетикалық талап-тілектер.
2. М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың әдеби әдіске қатысты пікірлері.
3. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» – қазақ әдебиеттануындағы алғашқы теориялық
кітап.
4. 1920-30 жж. әдебиет тарихының зерттеулері және әдеби сын.
5. 1920-30 жылдардағы әдеби-теориялық ой-пікірлер.
6. Қазақ әдебиеттану ғылымының даму жолдары (1940-1955).
7. Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдоловтардың әдебиет теориясы туралы оқулықтары.
8. Әдебиет теориясын зерттеген қазақ ғалымдары мен олардың еңбектері.
Дәріс тезисі: ХХ ғасыр басындағы ғылыми-зерттеушілік пікірлер саласындағы ізденістер, әдеби
мұраны игеру проблемалары ұлттық әдебиеттің ғылыми тарихын жасау мен әдеби-теориялық ой-
тұжырымдар сол ғасыр ұсынған талап-тілектермен бетпе-бет келді. Әдеби мұраға ғылыми тұрғыда
қарау тенденциясы қалыптаса бастады, оның қоғамдық-әлеуметтік ой-пікір ортасына айналуы
ұлттық публицистиканың дамуына ықпал етті. Сонымен қатар баспасөз халықтық эстетикадан
бастау алып, ХІХ ғасырдан жанрлық сипат алуға ұмтылған әдеби сынды тудырды, ол көркем
әдебиеттің дамуы мен оны зерттеу мәселесін нақты және жан-жақты сөз етуде сәтті қадамдар
жасады. ХІХ ғасырдан жанрлық сипат алуға ұмтылған әдеби сынды тудырды, ол көркем
әдебиеттің дамуы мен оны зерттеу мәселесін нақты және жан-жақты сөз етуде сәтті қадамдар
жасады. Жазба әдебиет өркен жайып, жанрлық түрлері дамыды, қазақ лирикасы мен прозасы жаңа
көркемдік ізденістерге ұмтылды. Фольклор мен классикалық мұраның таңдаулы үлгілері
жарияланды, әдеби жинақтарға енді, жеке кітап болып басылып шықты. Осыған сай әдеби сын да
әр дәуірдегі эстетикалық биіктерге қол соза бастады. Кітап шығару ісі қызу қолға алынды. ХХ
ғасырдың 20-жылы ішінде 500-ге тарта кітап жарық көрді: Ибн Сина, Шоқан, Абай, Ыбырай,
Шортанбай, Дулат, Мұрат, т.б. шығармалары жарияланды. Олар өз тарапынан қалың оқырман мен
қалыптасып келе жатқан қазақ зиялыларының бойында ғылыми-зерттеушілік ой-пікір және сыни-
эстетикалық көзқарасты қалыптастырғандығы сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: