Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет42/46
Дата25.07.2023
өлшемі0,85 Mb.
#104786
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Оқыту тәсілі – бұл әдістердің құрамдас бөлігі: әрекет, нақты қадам.
Оқытуды ұйымдастыру формалары оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіппен, белгілі режимде өтілетін іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.
Оперативтік міндеттер бұл іс-әрекеттерін тікелей орындау, яғни тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді балалардың қатысуымен дереу шешу.
Орта білім – тұтас үздіксіз білім жүйесінің базалық звеносы ретінде қарастырылады.
Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған, арнайы міндет көздеген жұмысы, адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, білімін жетілдіруі.
Өздігінен білімін жетілдіру – бұл өзін-өзі дамытуға бағытталған ұрпақтар тәжірибесін меңгерудегі ұйымдастыру жүйесі.
Өзін-өзі оқыту бұл адамның ұрпақтар тәжірибесін қабылдау процесіндегі таңдаған құралдары.
Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады.
Пәндік үйірме сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда қолайлы жағдай туғызып отырады.
Педагогика – жас ұрпақ пен ересектерге жан-жақты тәрбие, білім беру, оқыту заңдылықтарын анықтайтын ғылым.
Педагогика пәні – адамның адамды тәрбиелеуі, тәрбиелік іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.
Педагогикалық іс-әрекет – білім беру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрі.
Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері: сұрақ, анкета жүргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау, т.б. (жылдам, әрі көп сандағы оқушыларға сұрақ қойып қойылған мәселені анықтау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет