Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


-семинар: «Адам », «жеке адам», «жеке адамилық», «тұлға ұғымдарының өзара байланысы»



бет8/46
Дата25.07.2023
өлшемі0,85 Mb.
#104786
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
5-семинар: «Адам », «жеке адам», «жеке адамилық», «тұлға ұғымдарының өзара байланысы».

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, жас мөлшері, жеке ерекшеліктер, дарындылық


Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі мен дамуы. Тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты және қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталады.
Белгілі кезеңдегі балалардың жас мөлшері дегенде олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен сипаттары бар. Бұл ерекшеліктер педагогикалық процесте ескеріліп, пайдаланылуы керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6-12 жас аралығында бала денесінің салмағы 18-ден 36 килограмға дейін артады. Бала миының көлемі 5 жаста үлкен адам миының 90 % болса, 10 жаста 95 % тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер, баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің негізін қалайды. Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттері сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Бастауыш сыныпта оқушы баланың білім алу іс-әрекеті өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала жазу, есептеу, оқу және тағы басқа оқу еңбегінің түрлерін үйрену арқылы өзін - өзі өзгертуге талаптанады, яғни ол іс-әрекеттік және ақыл-ойды дамытатын әдістерді меңгереді. Өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстырып, өз бойындағы жетістіктерін анықтайды.
Білім алу іс-әрекеті бала үшін маңызды әрекет – бұл оның өзіне деген рефлексиясы, қол жеткен жетістіктері мен өзгерістерді қадағалай алуы. Баланың субъекті бола алуы, оның оқу іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кіріскенін білдіреді.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгерсе де, психологиясы мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті - ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті дамуды қажет етеді. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аз болуы ескеріледі.
Мектептегі баланың алдына оқу іс-әрекетін орындау шарттары қойылса, ол оның оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне мүмкіндік береді немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады. Сонан мектепте оқуды ұнатпау сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Өмірде білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқу іс-әрекетінің ойыннан ерекше екендігін бала түсінуі керек, сонда ғана ол оқуға ынтамен, шын көңілмен назар аударады. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын ажыратса да, оқу тапсырмаларына қалайда орындауы керектігін білуі тиіс.
Ойын барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналасып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте-бірте түсініп, саналы ойнайтын болады. Ойын арқылы бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды қалыптастырады. Ойын үстінде ынтымақтастық пен бәсекелестік, жалпы адамгершілік сезімі жетіліп, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Бала психикасының ерекшелігі – танып-білуге деген белсенділігі. Бала ойын арқылы тәжірибені меңгереді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады. Сол жағдайды шешу үшін іштей әрекеттесуден туындаған бейнелі образды меңгереді. Бейнелі ойлау – бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керектігін және неден кейін нені орындауды білетінін байқауға болады. Бастауыш сыныпта бала өзінің мінез-құлқын өзі үйлестіре алады, дегенмен де оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайлары көбірек болады. Ал бала назарының анда-санда басқа жаққа ауып отыруы, оны тез шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс-әрекетті онымен жиі алмастырып отыру керектігін дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар зияттық тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл ерекше ерік-жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс-әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына еслестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады.
Егер баланың сөйлеу және қиялдай қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болған рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей мәні бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық қабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы – тапсырманы орындаудағы қиындықты жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды басқару, кейіпкерлердің әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызмет ретінде жаттықтырады.
Қиялға берілуі үлкен адамға қарағанда баланың өмірінде үлкен рөл атқарады, қиялдың жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің шеңберінен шығып кетуге жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншілігімен тікелей жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Ақыл–ойдың дамына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресе оқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады: қалыпқа сәйкес әдеби тілді меңгеру, оқи және жаза алу. Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі тиіс.
Бастауыш сынып жасы - айналаны баланың өз бойына сіңіріп, білімін жинақтап, осыларды игереді. Балаға мынадай бейімділіктер тән: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленуі, аңғал ойын баласының қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жыл өткен сайын өзгеріп, жетіліп отырады. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болады. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының келешегінің алғы шрты болып табылады.
Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жасөспірім шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді: тамақтануы, еңбек, спортпен айналысуы. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді. Бала денесінің өсуіндегі осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағанда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Соның әсерімен баланың мінезінде ашушаңдық, қызбалық пайда болады.
Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қан жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.
Бала жасөспірім шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақылау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді.
Жасөспірім өзің қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол – айналаға сын көзбен қарайды, өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көріп, сол үшін қиналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.
Баланы әлеуметтендіру факторларының бірі - қоғамның алғашқы ұжымы болатын – отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді. Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады. Жасөспірімдік өтпелі кезеңнің ерекшелігі – жасөспірімнің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасында қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жасөспірім үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.
Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.
Жасөспірімдерді өмірдің қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі - өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен қарым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше. Әдебиет жасөспірімнің алдына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка – адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жасөспірімдердің тыңдайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жасөспірімдер қоғамдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады. Білім жасөспірім үшін еңбектің бастысы болып табылады. Кейбір жасөспірімдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызығушылықпен айналысу жасөспірімдерге тән.
Жасөспірім өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жасөспірімнің досы – жасөспірімнің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жасөспірімдік шақтың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.
Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жасөспірімдер өмірінде, әсіресе, толық орта білім алу жолына таңдау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.
Жоғары сынып жасындағы балалардың сипаттамасы. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста (15-17 жаста) адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін таңдау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен – бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған.
Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Дамудың бастапқы кезінде пайда болған физиологиялық даму адамның жас мөлшеріне, жынысына байланысты.15 жастың мән-мағынасын бір қалыпқа салып айтып беру мүмкін емес, себебі бұл кезде баланың өзіндік ерекшеліктері тез айқындалып келе жатады. Бұл 15 жастағы жаңа өзгерістер, яғни, отбасындағы да, мектептегі де қарым-қатынастарында қиыншылық туғызатын тәуелсіз болуға ұмтылысының айқындалуы, өзін сырттай бақылап отырғандардан бостандыққа шығуға деген құштарлығы өзін-өзі алып жүре алатындай өзін-өзі тәрбиелей алудың бастауы. Осының барлығы жасөспірімнің жандүниесінің тез жараланып қалғыштығына және сыртқы зиянды әсерлерге тез бой алдырғыш болуына себеп болады. Ал 16 жақа келгенде мінездегі тепе-теңдік тағы да орнығады: келіспеушілік күйдің үнемі жоғары болуымен алмасады, өзіне өзі ие бола алу қабілеті де артады, әсерленгіштігінің де қалыпқа түскені, көпшілдігі, болашаққа деген зор сенімі аңғарылады.
Бозбалалық шақ деген ұғым әрқашан да өтпелі кезең, жыныстық жағынан жетілу болып табылатын физиологиялық процесс деген ұғыммен тығыз байланысты. Физиологиялық бұл процес шартты түрде екі фазаға бөлінеді: пубертаттық кезеңнің алдындағы немесе дайындық кезеңі; өзіндік пубертаттық кезең, бұл кезеңде жыныстық жетілудің негізгі процестері жүзеге асырылады; пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең, бұл кезде адам ағзасы толық физиогиялық жетілу деңгейіне жетеді.
Егер осы бөлінулерді әдеттегі жас мөлшері бойынша біріктіріп қарайтын болсақ, пубертаттық кезеңнің алдындағы кезең жасөспірімдік щаққа дейінгі кезеңге сәйкес келеді, ал пубертаттық - жасөспірімдік кезеңге, пубертаттық кезеңнен кейінгі кезең - жастық шаққа сәйкес келеді.
Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.
Жоғары сынып оқушылары “Неге” деген сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардң ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олра мұғалімдерге сын көзбен қарйды. Пәннің қызғылықтығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар бір нәрсені қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге құштар.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процес - өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік “Меннің” бейнесінің қалыптасуы болып табылады. Жастық шақтағы “мен” әлі толық анықталмаған, бұлыңғыр сезім, ол көп жағдайда ішкі дүниесі бос қалғандай әсерде болып, оны толықтыруды қажетсінетіндей сезімге келеді. Осыдан келіп басқалармен араласуға деген құштарлық, сонымен бірге кіммен қарым-қатынаста болудың да таңдалуы пайда болып, оңаша болуды қалайды.
Үлкендермен қарым-қатынасы жатық шақтың ең маңызды мәселесі болып табылады, оның әлеуметтік және психологиялық та жағы бар. Ал оны дұрыс жолға қою үшін, жас айырмашылығын және қарым-қатынаста болатын, бірақ әрқайсысы өмір жолының әр кезеңінде келе жатқан адамдармен өз арасындағы айырмашылықты шектеуді қажетсінеді. Мұндай айырмашылықтар әр түрлі және өзіндік қасиеттер мен қарым-қатынастарды қамтиды.
Жыныстық жетілу - өтпелі кезеңнің ең өзекті процесі. Ер балалардың жыныстық жетілуі кешірек болады, бірақ қыз балаларға қарағанда тез дамып, шұғыл жетіледі. Ер балаларға жасөспірімдік “гиперсексуалдық” деп аталатын жағдай тән. Гиперсексуалдық кезең жыныстық жағынан жоғары қозғыштық және эротикалық қызығушылықтар болуымен ерекшеленеді. Ал қыз балаларда басқаша дамиды. Олар ер балаларға қарағанда ертерек жетілгенімен, оргазмдық белсенділігі ер балалардағыдай бірден дамып кетпейді, ол жәй және бірте-бірте дамып, өзінің пісіп-жетілу кезеңіне көптеген жылдардан соң ғана жетеді. Әйелдердің сексуалдығында ер адамдардағыға қарағанда психологиялық жағынан да өзгешелік бар. Қыз балаларда алғашқы кезде ер балалармен психологиялық жағынан қарым-қатынаста болу қажеттілігі оянады, эротикалық қажеттілік кейін келеді. Сезімталдық пен нәзіктіктің ара қатынасы әйелдерде ер адамдарға қарағанда түбегейлі өзгеше.
Тәрбиеде әр балаға жеке қарау – бұл оқушыны басқалардан айырып тұрған жеке бас ерекшелігін есепке алу ғана емес. Оқушыға әр уақытта және барлық қарым-қатынастарда жеке тұлға ретінде, іс-әрекеттің жауапты да өзін-өзі тани алатын субъектісі ретінде қарау. Жастық шақ - жеке тұлғаның қалыптасқан кезеңі. Бірақ жоғары сыныптағылардың бірден көзге түсетін ерекше жеке тұлға екендігін ұмытпауымыз керек.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алуы үшін көмектесу.
Бұл кезеңде тәрбиенің маңызды қызметі оқушының өз мамандығын таңдауына көмектесу, өзінің отбасын құруына дайындау және азаматтық көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік, Отанға деген белсенділігін қалыптастыру болмақ.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары, дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірдегі өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.
Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі. Жеке ерекшеліктерді есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвинник – еті тірі; флегматик – жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик – ойлы, терең толғанысты/.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.
Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет