Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


Қазақстан Республикасындағы жалпы орта



бет5/46
Дата25.07.2023
өлшемі0,85 Mb.
#104786
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Қазақстан Республикасындағы жалпы орта
білім беру жүйесін дамытудың негізгі тенденциялары
Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер – мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім беру аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Қазіргі кездегі республикада қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының саясаты – өткен жылдарда жинақталған алдыңғы қатарлы, оң тәжірибелерді сақтай отырып білім беру жүйесінің жаңа әлемдік стандарттар деңгейіндегі моделін жасау.
Білім беру ісіндегі жаңа процестің мән-мағынасын, сипатын, бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
– ҚР-ның тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
– экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
– ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Қазіргі замандағы білім берудің мақсаты – әлеуметтік-құндылық іс-әрекеттерге кірісуі үшін қажетті тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қасиеттерін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарының;

  1. білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының;

  2. білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдары мен оларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.

Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңға байланысты білім беру құрылымына, мазмұнына, оқу жоспарына, бағдарламаларға, оқулықтарға өзгерістер енгізілді. Заңда «Бәріне бірдей білім беру» моделінен «Таңдау бойынша білім беру» моделіне көшу арқылы жүзеге асыру көзделген.
Қазіргі мектептің болашағы туралы Н.Назарбаевтың Жолдауында (2004ж.) былай делінген: «әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет. Мектепке дейінгі даярлық бірінші сыныпқа сәйкес келетін болады. Балаларымыз он жыл оқудан кейін не жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға, не тиісті кәсіптік-техникалық білім алып, өз бетінше еңбек жолына түсу жөнінде шешім қабылдауға тиіс. Мұғалімдер мен балалардың жайлы мектепте оқып, жұмыс істеп, оқу жабдықтарының, кабинеттердің, спорт алаңдарының тапшылығын сезінбегені өте маңызды. Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуге тиіс».
Мектеп реформасы оның құрылымына өзгеріс енгізуді, оқу орындарының жаңа түрлерін құруды, оқытудың әдіс-тәсілдері мен мазмұнын жаңартуды, тәрбие жұмысының жаңаша түрлерін іздестіруді қарастырады.
Мектептің ерекше оқыту жағдайына байланысты түрлері:
Жалпы орта білім беретін мектеп – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш сатыдан: бастауыш, негізгі, жоғары сатыдан тұратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Жалпы орта білім беретін мектептің мақсаты – жеке адамның ақыл-ой, адамгершілік, эмоционалдық, дене дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін барынша ашуға, баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде гүлденуіне әртүрлі жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.
Жалпы орта білім – тұтас үздіксіз білім жүйесінің базалық звеносы ретінде қарастырылады.
Жалпы орта білім мақсаты – өзгермелі кезеңде өзінің алған білімі, кәсіби дағдысы негізінде еркін іске қосылып, өз бетінше шешім таба алатын тұлғаны қалыптастыру.
Гимназия – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқушыларды кәсіби бағдарлап, жоғары сатыдағы оқытуды іске асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Кәсіптік мектеп – жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін орта оқу орны.
Кәсіптік лицей – жалпы орта, бастауыш кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны.
Колледж – орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
Шағын жинақталған мектеп – сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны (формасы) бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп. Авторлық мектеп (Архимедов мектебі, т.б).
Экстернат – ерекше санаттағы адамдарға арналған оқыту нысандарының бірі, мұнда олар білім беру ұйымдарына үнемі бармай-ақ, білім беру бағдарламаларын өз бетінше меңгереді және қорытынды мемлекеттік атестаттауға жіберіледі.
Мектеп-интернат дарынды, мүмкіншілігі шектеулі балаларға бөлінеді. Ол жайында: «даму мүмкіндіктері шектеулі балалар байыпты назар аударуды талап етеді. Үкіметке әкімдермен бірлесіп балалардың осы санаты үшін мектеп-интернаттар желісін дамыту мәселесін пысықтауды тапсырамын» делінген Н.Назарбаевтың жолдауында.
Интернаттық ұйымдар – белгілі бір санаттағы азаматтардың жатын орын беріле отырып, білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін орта білім беру жүйесінің ұйымдары.
Мектептен тыс мекемелер – балаға қосымша білім мен тәрбиені қамтамасыз ететін орта білім жүйесі.
Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өмірінде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелері: ғылыми негізде оқытудың өмір және еңбекпен байланыстылығы; оқытудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдарламалап және дифференциалдық оқыту; кәсіптік бағдар беру; техникалық құралдар, компьютерлер, оқыту машиналары оқушылардың теориялық білімін одан әрі дамытпайтындығы; әр баланың табиғи, дербес ерекшеліктерін (нышан, темперамент, мінез-құлық т.б.) еске алмайтындықтары; т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет