Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


-семинар: Жеке тұлғаның әрекетте даму динамикасы. Жеке тұлғаның әрекеті мен қалыптасуының арақатынасы



бет15/46
Дата25.07.2023
өлшемі0,85 Mb.
#104786
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

8-семинар: Жеке тұлғаның әрекетте даму динамикасы. Жеке тұлғаның әрекеті мен қалыптасуының арақатынасы.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі дұрыс табылғанда – кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндік туады.
Педагогикалық қарым-қатынас оқытудың – оқу, тәрбиелік, дамытушы функциясын атқарады.
1. Оқытудың оқу функциясы былай жүзеге асырылады:
– мұғалімнің оқушымен психологиялық байланысы;
– мұғалімнің оқыту процесін оқушылардың оқу әрекетіне айналдырады;
– оқытудың қолайлы жағдайын қалыптастыру;
– оқу процесінде оқушы өзінің шығармашылық ойын айқындауы тиіс.
2. Тәрбиелік функциясы: мұғалім мен оқушының психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым-қатынас жүйесін орнату:
– оқушыға тұтасты кешенді тәрбие ықпалын жүзеге асырудың мүмкіншілігі;
– оқушылар ұжымындағы өзара қарым-қатынасты ойдағыдай қалыптастыру.
3. Дамытушы функциясы: оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік-психологиялық негізін орнату:
– жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама-қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату;
– жеке адамның дамуына ықпал ететін, мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;
– қарым-қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік-психологиялық факторларды меңгеру.

Педагогика ғылымында оқытудағы жаңа бағдар, яғни технология өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастап кеңірек құлаш жайып, оқу үрдісін тиімді құрастыру жолдары мен обалауды жетілдіру арқылы білімдендірудің арнасы кеңейтіле түсті. Педагогикалық технологиядағы негізгі идея - оқу үрдісін басқарып, жобалап, берілетін білімді оқушының нақты меңгеруін жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Ал дәстүрлі оқытудағы әлсіздік - қойылған мақсаттың жүзеге асу нәтижесі күңгірт, оқыту әрекетін басқару мен шәкірттің білімді қаншалық меңгергендігін ажыратуда көмескілік көп болатын, сондай-ақ тұлғаның қол жеткен табысын айқындап, оны бағалаудағы кері байланыс жеткіліксіз болатын.


Оқыту технологиясына тән басты сипат мынада:

  • Оқыту мақсатына байланысты қойылатын диагностика айқын болуға тиіс.

  • Оқыту барысында атқарылатын іс-әрекеттің барлығы да оқу мақсатының орындалуына кепілдік берерлік бағытта ұйымдастырылуға тиіс.

  • Ағымдағы бақылау да, нәтижелік бағалау да түлғаның нені біліп ұғынғандығын айқындап отырарлықтай кері байланысқа негізделуі керек.

- Оқыту барысындағы іс-әрекеттің бәрі де берілетін білімді меңгеруге бағытғалады.
Оқыту мақсатын айқындаудағы шарт - оқыту диагностикасын белгілеу. Өйткені алдын ала жобалап, мұғалімнің атқарған іс-әрекеті оқушының меңгерген білімінен көрінетін болуға тиіс. Шэкірттің алған білім деңгейі, қойылған талап, нәтиже бағаланып отырады. Ал дәстүрлік оқытуда білімдік мақсат көрсетілгенмен де оқушының меңгерген білімінің нәтижесі, оны қандайлық дәрежеде меңгергендігі үнемі айқыңдала бермейді, дәлді белгіленбей күңгірт күйінде қалып қояды. Ал мұнда шәкірттің оқуға деген белсенділігін жетілдіруде мақсатқа байланысты диагностика белгіленген болса, оқушы атқаруға тиісті іс-әрекетің реті белгіленіп, олар нені біліп, нені ұққандығы және алған білігін жүзеге асырып, қолдана алуы көрсетіледі.
Оқыту технологиясында окытылуға тиісті материалға байланысты іс-әрекет толық сипатталып, оны меңгерудегі білімдік мағлұмат — мақсаттың орындалып жүзеге асу кепілдік береді. Қойылған мақсаттың диагностикасын айқындағаннан кейін оқушы меңгеруге тиісті тұтас материалын топтастырады. Сол топтастыру бойынша оқушының қаншалық меңгергендігін тексеріп, бақылап, егер толық игермеген жағдайда қайталап оқуына, пысықтауына мүмкіндік жасалады. Көрсетілген бөлшекті толық меңгеруі талап етіледі. Ағымдағы бағалауда оқушы «меңгерді» «меңгерген жоқ» деген тұрғыда белгіленеді. Нәтижені жинақтау кезінде әрбір оқушынын қаншалық еңбектенгендігі де айқын болып шығады. Жекеден тұтастыққа көшу қағидасы өрістейді. Әрине, мұнда негізінен репродуктивтік жол үстемдік құрғанымен де тұтас материалдың бөлшектерін білу арқылы оның тұтас жүйесін меңгеру мүмкіндігі туады.
Репродуктивтік біліктен оқушыны өзіндік іс-әрекетке баулып дағдыландыруда мынандай тәсілдер де қолданылады:

  1. Тиісті білімдік мағлұматты түсіндіру.

  2. Репродуктивтік жолмен біліктік дағды қалыптастыру барысында мынандай тәртіп жүзеге асырылады:

а)Тұтас білімдік мағлұматты жеке бөлшектерге бөліп беру арқылы біртіндеп білгізіп, ұғынған түсінігін түрлі жазу жолымен көрсетеді.
ә)Ойды бірден күрделендірмей қарапайым мәнде машықтандырып жаттығу ұйымдастырылады.
б)Бір-біріне байланысты мәселені оқушының өздігінен атқаруы ұйымдастырылып және оны жүзеге асыра алатындығына олар сенуге тиіс.
3.Меңгерілген білім негізінде оқушының өздігінен ізденуіне бағдар беріп, тиісті нәтижеге жетуіне назар аударылуы керек:
а) Проблемалық ситуация туғызуды ұйымдастырып, нақты міндеттерді шешіп, тиісті модель құруға көңіл қойылады.
ә) Оқушы сыныптастарымен, мұғаліммен бірлесе отырып өзі атқарған іс-әрекетіне талдау жасай білуге тиісті.
Бұл жүйе оқытылатын тақырып пен онын тиісті бөлімдеріне байланысты мұғалімнің оқушыларға бағдар беріп, олардын өздігінен ізденуіне жол сілтеп, оның орындалуын қадағалаи білуге де қатысты.
Оқыту технологиясында меңгерілуге тиісті мәселені оқушының игеруі үшін мына мәселелерге мән беріледі: оқыту мақсатын айқындап, меңгерілуге тиісті материалдың деңгейін алдын ала бағдарлап, оқу барысында атқарылатын іс-әрекеттің өзара байланысын және оның нәтижесін бағалау, соған орай жаңа мақсаттар белгіленуі керек. Мұндай жағдайда оқу үрдісі модульдік сипатқа ие болады да онда оқылатын тақырыптың әрқайсысы модульдік- блоктарға бөлініп көрсетіледі.
Оқыту технологиясындағы басты сипаттың бірі - білімге шынайы бақылау жасап, кері байланысты қамтамасыз ету. Білімнің деңгейін айқындап, оны нақты бағалау мәселесі бүгінде тиянақты шешімін таппағандығы белгілі. Оны дәл белгілей қою оңай емес. Осыдан барып білімді бағалауда формализмге ұрынушылық та жиі ұшырасады. Ал білімді бағаламай қоюға тағы болмайды. Өйткені оқушының біліміне баға берілмесе, оқытудын мән-мазмұнына деген олардың сенімі болмай қалуы да ықтимал. Екіншіден бағалау - оқыту жүйесіндегі дидактикалық үрдісті басқарып, бағдарлаудағы басты компоненттердің бірі екені белгілі. Мұны ескермеуге тағы болмайды. Бұл проблеманы шешуге байланысты әр түрлі ғалаптар жасалған. Оқыту технологиясында соңғы кезендерде ағымдағы білімді, стандарттық тапсырмаға байланысты оқу деңгейін, ондағы мақсаттың орындалуына байланысгы сауалдама-тест жүйесі өріс алып отыр. Соның нәтижесінде 2004 жылы Қазақстан Республикасында орта оқу орнын бітірушілер ұлттық бірыңғай тест тапсырды.
Оқу технологиясында тест жүйесінің түрлі жетісгіктерімен бірге оның өзіне тән кемшіліктері мен олқылықтары да бар. Дәлірек айтқанда, тұлғаның дербес ерекшеліктерін айқындап, ішкі түсініктерін ашуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар шәкіртті репродуктивтік жолға бейімделуге ұрындырып, жаттандылықтын шырмауында қалдыруға соқтырады. Білім алу және оның нәтижесін сынау барысындағы іс-әрекетке оқушыны психологиялық жағынан бөгеп, еркін ойлап шығармашылыққа бейімделуіне тосқауыл жасауы да мүмкін.
Қазіргі орта оқу орындарындағы оқыту жүйесі бойынша пәндік оқытудың мақсаты мен мазмұны тиісті құжаттарда айқын көрсетілген. Ал ондағы бағдарламалық талаптардың деңгейін және оны меңгерудегі оқушының түсінігін дәлді белгілеу тестінің өзіндік мәнін төмендетпей, барлық мезгілде болмағанымен де, тиісті талаптарды айқындауда қолдану екендігі белгілі.
Білімдендіру барысындағы оқыту тәсілінде «моделдік ойлау» амалын мұғалімнің сабақ кезінде қолдана білуіцің де мәні зор. Моделдік ойлауды жүзеге асыруда оқушының қиналуы да, қателікке ұшырауы да ықтимал, кейбір жағдайда өзіндік жол тауып, моделге байланысты жанаша пікір ұсына білуі де мүмкін.
Оқытудың технологиясы дидактиканың қолданбалы жолдарын дамытуға әсер етіп, оқушылардың бірыңғай жаттанды жолмен кетпей, өзінше пікір ұсынып, өзінше ойлана білуге және сол ойына орай пайымдау жасай алуға бағдарлайды. Білімдік деңгейдің нәтижелі болуына да ықпал етіп, оқушыны саналы түрде ойлана білуге баулиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет