Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет12/46
Дата20.06.2023
өлшемі0,85 Mb.
#102699
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру үшін мынандай іс-әрекеттердің маңызы бар екендігін қарастырайық:

  1. оқушылардың бірлестігі – ұжымдық еңбек әрекеті барысында – қарым-қатынасты қолданудың шарты болады; Еңбек әрекетінің құралы – қарым-қатынас;

  2. адамды қалыптастыру процесі – біздің қоғамымыздың осы міндетті шешу үшін жасаған барлық жағдайлардың бірлігімен анықталады; экономикалық және рухани өміріміздегі мәселелерді шешудегі барлық жағдайлардың бірлігімен анықталады;

  3. баланың (жеке тұлғаның) қалыптасуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің маңыздысы – педагогикалық ықпал ету құралдары (сол нақтылы жастағы топтарға тән негізгі іс-әрекеттердің түрлері деп есептеуге болады, ал әдістер – сол іс-әрекеттерді жүзеге асырудың құралы болады).

Бұл қорытындымен психологтардың да пікірлері сәйкес келеді.
Мектеп пен әлеуметтік ортаның ықпалдарымен оқушылардың мақсаттары, алға талпынушылығы қалыптасады. Бірақ оқушы тек әлеуметтік орта арқылы ғана тәрбиеленбейді, ол ортадан өзінің дамуына қажетті талабына, нышанына сай құрылыс материалдарын алады. Оқушы ата-анасымен, мұғалімдермен, семья мүшелерімен, жолдастарымен т.б. әр салалы қатынас орнатады. Міне, осы қатынастар оның қалыптасуында шешуші рөль атқарады.
Егер, балалар ұжымын қалыптастыру үшін мұғалім әртүрлі ықпал ету құралдарын қолдана алса (ерікті қарым- қатынас, ойын, әртүрлі еңбек түрлері, қоғамдық ұйымдағы, өнер саласындағы, табиғаттағы іс-әрекеттер), онда балалардың өз арасындағы қарым-қатынасын сауатты түрде ұйымдастыру керек.
Педагогикалық ықпал жасау дегеніміз – алдын ала қойылған мақсатқа байланысты қалыптасу үстіндегі жеке тұлғаның ортамен (әлеуметтік, табиғи, рухани) өзара әрекеттерін реттеу деп түсінеміз.
Іс-әрекеттерді жүзеге асырудың құралы – әдістер. Педагогикалық ықпал ету құралдарын кешенді түрде қолдану, оларға сай әдіс-тәсілдерді, формалар жиынтығын таңдап алуды қажет етеді. Педагогикалық тиімді ұйымдастырылған іс-әрекеттер, педагогикалық ықпал ету іс-әрекеттері оқушылардың белсенділік жағдайына негіз бола алады.
Оқушы белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі – қарым-қатынас жасау белсенділігі. Қарым-қатынас жасау белсенділігі білім алу, еңбек ету, әртүрлі жұмыстарға қатысу, өзін-өзі тәрбиелеу, бүкіл өмір сүру барысында жеке адамның қасиеттерінің (марқабаттық, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Мақсатты, нысаналы, саналы, белсенді іс-әрекет баланың өзін-өзі тәрбиелеуімен байланысты. Өзін-өзі тәрбиелеуде міндетті түрде қоғамдық-әлеуметтік мотив байқалады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін еске ала отырып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеті.
Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздері.
Оқушының таным іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады. Таным қабілетін дамыту туралы совет педагог-ғалымдарының (Н.Дайри, М.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.И.Пискунов т.б.) тұжырымдары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мынадай:
1) танымдық қабілеттің дамуы – бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеттері.
2) оқушыларға білім беру және обьективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың рөлі.
3) оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4) мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы – оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдары болып табылады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет – ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Мұғалімнің барынша күшті, барлығын жұмысқа тарта және қызықтыра білетін педагогикалық құралы – оқушылар ұжымы. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпей оқу іс-әрекеттеріне қатыстырады. Әрбір бала сабақта кезек бойынша әр баламен жұмыс істей отырып, кейде үйренуші, кейде үйретуші, ал ұжым әрбір баланы оқытады, тәрбиелейді. Оқытудың ұжымдық формасы динамикалық (қозғалғыш) немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді.
Оқыту процесінің логикасы, оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің
звенолары – танымдық іс-әрекеттердің кезеңдері кіреді:
– таным міндеттерін жете түсіну;
жаңа материалды қабылдау;
– ұғыну – жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
– білім, іскерлік, дағдыны бекіту және жетілдіру;
– білім, іскерлік, дағдыны практикада қолдана білу;
– оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет