Оқыту мен тәрбие процесін ажырамас бірлікте қарастыру идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді.
«Педагогикалық процес» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы Петр Федорович Каптерев енгізді.
«Педагогикалық процес - өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғанын жан-жакты жетілуі».
Ол педагогикалық процес пен тәрбиені үйлесімдікте, яғни педагогикалық процесті тұлғаның жан-жақты жетілу процесі ретінде карастырды.
П.Ф. Каптерев педагогикалық процесті әтүрлі кырлар мен құралдардан тұратын біртұтас қүбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезендері болатынын атап көрсетті
Педагогикалық процестің белгілері мен сапа-қасиеттері:
педагогикалық процес әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен аныкталады;
2) ынтымактастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуынын шарттарын бейнелейді;
3) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процес ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
4) педагогикалык процестің негізгі интегративтік қасиетін әр- түрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының калыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) кайта құру белсенділігімен сипатталады.