Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


Педагогиканың, білім беру философиясының, дидактиканың философиясының, педагогиканың философиясының іргелі негіздері тұжырымдамалық деңгейде қалыптасты



бет24/103
Дата14.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#74341
түріСеминар
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103
Педагогиканың, білім беру философиясының, дидактиканың философиясының, педагогиканың философиясының іргелі негіздері тұжырымдамалық деңгейде қалыптасты.
Т урбовской Яков Семенович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Я.С. Турбовской - Ресей білім академиясының Білім беруді дамыту стратегиясы институтының жетекші ғылыми қызметкері; білім беру философиясы зертханасының меңгерушісі. Зертхана 1970 жылдардан бастап педагогика ғылымы мен практикасының өзара әрекеттестігінің басқарылу тұжырымдамасын жасап шығарды. Себебі педагогиканың тәжірибелі диагностикалау қажет болды.
Профессор Я.С. Турбовскойдың зерттеу алаңы мына мәселелерді қамтиды: білім беру әлемі мен әлеуметтің арақатынасы; білім беру философиясын құруды талап ететін білім беру әлемінің заңдылықтары мен арнайы ерекшеліктері; білім беру әлемі философиясының категориялары. Оқу-тәрбие жүйелерін құрудың негізі ретіндегі кеңістік, уақыт, орта, әдістер, технология, педагогикалық мақсат технологиялары жасақталды.
Я.С. Турбовскойдың жаңа идеялары «Педагогикалық аксиоматика» атты кітабында көрініс тапты. Ғалым кеңінен педагогика ғылымы мен білім беру практикасының өзара әрекеттестігінің әдіснамасын, озат педагогикалық тәжірибені жинақтау мен пайдалану жүйесін зерттеді, руханилықты әдіснамалық тұрғыдан қарастырады.
Гершунский Борис Семенович 1935 жылы Киев қаласында дүниеге келді. Педагогиканың практикалық әдістерін жүйеледі, дидактикалық прогностика, прогностикалық зерттеу әдістері туралы еңбектер жариялады.
Г ершунский Борис Семенович Ресей Білім академиясының құрылтайшыларының бірі (1992 ж), педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
Б.С. Гершунский «әдіснамалық ұстаным» ұғымын әрекеттің теория мен практикада мақсатқа жетуге бағытталған басқарушы нормасы, білім берудегі стратегиялық шешімдерді бағалаудың өзгермелілігі және көп критерийлігі, білім беру аймағындағы стратегиялық шешімдердің ұжымдық негіздемесі ретінде сипаттауды ұсынады
Академик Б.С.Гершунский педагогикалық зерттеулердің бағыты ретінде прогностиканың теориясы мен әдіснамасын жасады, педагогикалық прогноздың негізгі бағыттары мен кезеңдерін анықтады. Б.С.Гершунский үздіксіз білім беру, білім беру философиясы және прогностикасының теориясы мен практикасын зерделеді.


Академик В.И.Журавлев педагогикалық ғылымның, педагогика әдіснамасының ұғымдық-түсініктік аппараты, ғылымның басқа салаларымен педагогиканың байланысы, педагогикалық өлшемдер және педагогикалық ғылымтану мәселелерін зерделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет