Инновациялық білім беру мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін жоғары мектеп оқытушысының инновациялық әрекетке даярлығын қалыптастыру алғы шартын зерттеу мысалында қарастырдық. Инновациялық қабілеттілік оқытушыға өз педагогикалық іс-әрекетін зерттеу үшін және білім алушыға өзінің оқу іс-әрекетін жетілдіру үшін қажет. Инновациялық ЖОО-дар жаңа білім беру үлгілерін құрып, жаңа технологияларды өңдеу арқылы жаңа педагогикалық жүйеде әлі пайда болмаған мәдени білімді қалыптастыра бастайды.
Оқытушының инновациялық мәдениетін арттыру жағдайына ғылыми-әдістемелік жұмыс жатады (кафедрадағы, зерттеу топтары және т.б.), озық педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық инновацияның ғылыми талдауы, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін кешенді түрде ендіру; психологиялық-педагогикалық түрлі теориялардың өзара әрекетін жүзеге асыру, мына сызба бойынша: «теория – тәжірибе – теория», педагогикалық инновациялық әрекет, зерттеу жұмыстары. Құрастырылған үлгінің оқу үдерісінде жүзеге асыру тетіктері магистрлерді инновациялық іс-әрекетке даярлау тиімділігін арттырудың дидактикалық жағдайларымен анықталады (10-сурет ЖОО оқытушысының инновациялық әрекетке даярлығы үлгісі). Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын диагностикалау тәжірибелік-педагогикалық жұмысты бастамас бұрын және аяқталған соң анықталып отырды. Инновациялық іс-әрекетке даярлығын анықтау өлшемдері ретінде келесі көрсеткіштерді анықтадық:
инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін түсіну;
ЖОО-ның тәжірибелік жұмысына жаңаны ендіру бойынша шығармашылық іс-әрекетке даярлығы;
инновацияны ендіруге бағытталған әрекетінің жемісі болатынына сенімділік;