Еркіндік пен шығармашылық- адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі
Абайдың «толық адам»концепциясы
Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары
Еркіндік пен шығармашылық – бұл адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүру тәсілі.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Ал еркіндік осы шығармашылық таңдау жасай алуымен анықталады. Шығармашылық еркіндік – бұл еркіндіктің ең жоғары формасы. Шығармашылық – ол адам және қоғам үшін жаңа пайдалы, сапалы жаңа нәрсені ойлап шығаруы. Шығармашылық еркіндігі берілген қоғамның дамуы көш ілгері болады.
Еркіндік пен шығармашылық- адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі
Шығармашылық еркіндігі адам өмірінің көптеген салаларын қамтиды: ғылыми, өндірістік-техникалық, шығармашылық, саяси және т.б. салаларының дамуына және жаңалықтарының ашылуына ықпал етеді. Философия шығармашылық ұғымының мәнін яғни адамзат дамуының әр кезеңіндегі шығармашылық ұғымының қалай өзгергенін көрсетеді.
Шығармашылықтың 4 фазасы.
Ағылшын ғалымы Г.Уоллес (1924) шығармашылықты процесті 4 фазаға бөліп қарастырды: дайындық, пісіп жетілуі (идеялар), жаңалық ашылуы, және тексеру. Осы процестің басты бөліктерін (пісіп жетілуі және жаңалық ашу) саналы-ерікті бақылауға алуға мүмкін емес болғандықтан бұл тұжырымдама шығармашылықты бесаналы және иррационалды факторға жатқызды. Шығармашылық бір бірін толықтырады. Өз ндивид өзобъектісіне берілгені соншалық өз-өзін бақыламайды, тек өз ойларының жалпы бағытын бақылайды: болжау, кездейсоқ шешімге келу, ашу, кездейсоқ шешім шығару сәттері сананың жарқын сәттері ретінде қабылданады