Көкейкестілігі жоғары зерттеулер Проблеманы әзірлеудің қажеттілігі өте жоғары. Проблеманың шешілуі практиканың көптеген жағына оңды ықпал етуі мүмкін. Ғылымда бұл тақырып зерттелмеген немесе өте жеткіліксіз зерттелген. Бұл тақырып бойынша тек аздаған мақалалар ғана бар. Проблема теориясының зерттелуі педагогиканың кйбір негізгі мәселелері бойынша көзқарастарымызды түбегейлі өзгертіп, қолданбалы зерттеулерде жаңа бағыттардың ашылуы мүмкін.
Көкейкестілігі жоғары жасалым Жасалымға сұраныс өте жоғары. Бұл тақырыпта немесе осы тақырып айналасында оқулық, әдістемелік құралдар жоқ. Ондай әдістеме мұғалімдерге, оқушылар мен өзге де адамдарға өте қажет.
2
Көкейкесті зерттеулер Мәселені шешудің практикалық қажеттілігі жеткілікті дәрежде айтылған. Мәселені шешу практиканың әртүрлі жағына жағымды әсер етеді. Бұл тақырып ғылымда жеткіліксіз қарастырылған. Көптеген қарама-қайшылықтар орын алады. Тақырыпты зерделеу бірқатар теориялық мәселелерге деген көзқарасымызды толықтыруы мүмкін. Қолданбалы зерттеулерге кең жол ашылады.
Көкейкесті жасалым Жасалымға сұраныс өте жоғары. Бар оқулықтар, бағдарламалар, оқу құралдары мәселені толыққанды шешуге қауқарсыз, оқушылардың талап етіліп отырған білім, тәрбие деңгейін қанағаттандырмайды Бұл жасалым мұғалімдер мен оқушыларға өте қажет.