Семиотика



Дата25.03.2022
өлшемі16,67 Kb.
#28798
Байланысты:
мәдениет


Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология)[1] — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлардүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдіңеңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропадәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синонимретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасыгуманитарлық Семиотика сының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады

Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прагалингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарама-қарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген: 

  1. Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика;

  2. Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін семантика;

  3. Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін прагматика.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет