Негізгі өкілдері
|
Тоқылдақ, дүпілдек, тотылар, бұлбұл, қайшыауыз, пайыз, шиқылдақ, көкек, жапалақ, көктеке, құр, саңырау құр, ұлар, жабайы банкив тауығы, тауыс, қырғауыл, т.б.
|
Жыртқыш құстар
Жер шарындағы және Қазақстандағы түр саны
|
Жер шарында 280-ге жуық түр, Қазақстанда 38 түр
|
Ерекшелігі
|
Негізгі қорегі – сүтқректілер, құстар, кейбірі бунақденелілерді аулайды. Тұмсықтары мықты, имек және үстінде балсірі болады. Аяқтарындағы өткір, имек тырнақтарымен жемтігін қармап ұстайды. Сирағы ұзын түрі – хатшықұс.
|
Негізгі өкілдері
|
Құмай, күйкентай, жағалтай, хатшықұс, бүркіт, үкі, жапалақ, тазқара, тұрымтай, тұйғын, жыланжегіш, сақалтай, кезқұйрық, жұртшы, ақсұңқар, ителгі, лашын, бидайық, т.б.
|
Құс шаруашылығы
Үй құстарының арғы тегі
|
1.Үй тауығының арғы тегі – жабайы Банкив тауығы.
2.Үйректің арғы тегі – жабайы барылдауық үйрек.
3.Қаздың арғы тегі – жабайы сұр қаз.
|
Үй құстарын алғаш қолға үйреткен орталықтар
|
1.Еуропа мен Батыс Сібірде жабайы сұр қаз қолға үйретілген (бұдан 7 000 –дай жыл бұрын).
2.Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында бір мезгілде жабайы қутұмсық қаз қолға үйретілген.
3.Бұдан 4 жарым мыңнан астам жыл бұрын Азияның оңтүстік-шығыс аймағында жабайы Банкив тауығын қолға үйреткен.
4.Үйректі бұдан 6-7 мың жыл бұрын Месопотамия мен Қытайда қолға үйреткен. (Мускусты үйректі алғаш Оңтүстік Америкада қолға үйреткен).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |