АСТАНА
8.00 «Ялла — шайханаға шақырады» атты
«Ялла» тобының ән кеші. 9.25 Новости. 9.45
Жаңалықтар. 10.05,14.45 «Әзілстан». 10.15
«Право на качество». 10.40 Сериал «Домашние
войны». 12.50 Фильм «Кубанские казаки». 15.00
«Айтыс: «Жүйріктер мен үздіктер». 16.40 «Қыз
ғұмыры». 19.00 «Жүрек жарған». Телехикая.
20.50 «Той жыры». 21.15 «Астана кеші көңілді».
22.30 Фильм «Эквилибриум». 0.30 «Лица
столицы». 0.50 «Kaznet».
«ЕВРАЗИЯ»
6.00,12.00 «Идеальный ремонт». 7.00,3.00
Мелодрама «Катина любовь». 8.30 «Таңғы
пошта». 9.00 Новости. 9.10 «Смак». 9.45
Мелодрама «Услышь мое сердце». 11.30
«Фабрика грез». 13.00,3.45 Фильм «Травма».
14.00 Фильм «Станица». 21.00 Новости.
21.30,22.15 Сенбілік жаңалықтар. 21.45 «Тілші
түйіні». 22.35 «Кешкі кездесу». 0.00 «Точь-в-
точь». 4.30 «Контрольная закупка».
«ҚАЗАҚСТАН»
7.00 «Мәлім де беймәлім Қазақстан». 7.25
«Диего». Мультхикая. 8.20 Фильм «Зак пен
ғажайып күшіктер». 9.45 «Айгөлек». 11.05 «1
KZ ЛОТО». 11.35 «Ақсауыт». 12.10 «Сәнді
баспана». 12.40 «Ұлттық шоу». 13.40 «Әке
серті». Телехикая. 15.10 «Шаттық Отаны».
Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка
академиясының концерті. 16.30 «Замана
бұлбұлдары». 17.00 «Сыр-сұхбат». 17.35
«Шарайна». Телесаяхат. 18.05 «Әзіл әлемі».
19.40 «Ғасырлар үні». 20.30,2.10 «Апта.KZ».
21.05 «Жайдарман». 22.50 «Алаң». 23.40
Мелодрама «Мектеп мюзиклі». 1.25 «Телқоңыр».
«ХАБАР»
07.00 «Махаббат мерейі». 8.31 «Айбын». 9.01
«Тренк кішкентай рыцарь». 10.00 «Приключения
маленького Марко Поло». 11.00 «Тайна
мунакра». 12.40 «Кирику и дикие звери».
13.50 «Ас арқау». 14.20 «Жан Анам». Концерт.
16.30 «Базар жоқ». 17.30 Кино.«Гараж». 20.00
Жаңалықтар. 20.15,21.15 «Жұлдызды дода.
Звездные войны». 21.00 Новости. 22.00 Драма
«Древо жизни». 0.20 «Грейс Б.Джонствң
құтқару». 2.00 Телехикая «Көкжалдар мекені».
АСТАНА
8.00 «Жасай бер, Қазақстан!» Е.Хасанғалиевтің
ән кеші. 10.00 «Суперпапа». 10.35 Сериал
«Карамель». 14.05 «Астана кеші көңілді».
15.20 «Айтыс: Жүйріктер мен үздіктер». 16.55
«Қыз ғұмыры». 18.25 «Жүрек жарған». 20.10
«Бірегей». Д.Тілендиева. 20.35 «Ән мен әзіл».
22.00 Фильм «Мечта Кассандры». 23.55 Фильм
«Быть Стенли Кубриком».
«ЕВРАЗИЯ»
6.00,3.45 «Идеальный ремонт». 7.00,2.15
«Катина
любовь».
7.45,8.30
«Сенбілік
жаңалықтар. 8.00 «Тілші түйіні». 8.45
«Воскресные беседы». 9.00 Новости. 9.10
«Здоровье». 10.10 «Казлото». 10.55 «Среда
обитания». 12.00 «Август восьмого». 14.30
«Минута славы». 16.00 «Добрый вечер,
Казахстан!». 17.10 «Как же быть сердцу». 21.30
«Артефакт». 23.30 «Знакомьтесь: Дэйв». 1.25
«Среда обитания». 4.30 «Контрольная закупка».
11
2 тамыз, 2014 жыл
№31 (5951)
ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ
Бұл ретте Жезді кентіндегі
№48 өрт сөндіру бөлімінің №2
жасағы қызметкерлері қауіпті
жағдайдың алдын алу жайлы
кент тұрғындарымен әңгіме
өткізіп, үнемі үн-парақтар
таратып отыруды әдетке
айналдырған. Көбіне өрт
шығудың салдары шырпыны
оңайға қою, балаларды
пәтерлерде жалғыз қалдырып
кетуден туындап жатады. Кей
кездері ересектердің де темекі
тұқылын сөндіріп тастамауы
себебінен болатыны айқын.
Міне, осындай қатердің
алдын алу жайында ӨСБ
қызметкерлері маусым айында
№6 Жезді орта мектебі мен
аралас мектеп-интернатының
9-11 сынып аралығындағы
оқушылармен әңгімелесіп,
практика жүзінде түсіндіру
шараларын ұйымдастырды.
ӨСБ-нің №2 жасағындағы ішкі
қызметтің міндеттері мен басты
мақсаттары жайында пікірлер
айтып, өрт сөндіру құралдары
мен автокөліктерді таныстыру
жұмыстары жүргізілді. ӨСБ-
нің №2 жасағындағы ішкі
қызметі мен міндеттері,
басты мақсаттары жайлы
мәліметтермен қаныққан
оқушылар өрт сөндіру
кезіндегі деректі фотосуреттер
көрмесімен танысып, түсірілген
бейнекөріністерді тамашалады.
Балалар өрт қауіпсіздігін
сақтау жайлы пікірлерді мұқият
тыңдап, өрт болған жағдайда
101 телефон нөміріне қоңырау
шалу керектігін зерделеріне
тоқыды. Өрт сөндіру қызметінің
жұмысын көзбен көріп, көңілге
түйген оқушылардың арасында
осы мамандықты ұнататындар
да табылып жатты.
Иә, жас жеткіншектердің
ертеңгі күндері өрт сөндіру
мамандығын таңдап, қоғам
мүлкін өрттен қорғап қалар
патриоттарының бірі болары
анық.
Ратхум ИБРАГИМОВ.
Жезді кенті.
От қазаныңды қайнатып, пәтеріңді жылулыққа
бөлейтін тіршіліктің көзі болып есептелгенмен
де соңы өртке ұласып жатса, тілсіз жауға
айналатындығына кәміл сенімдіміз. Телехабарлардан,
баспасөз ақпараттарынан өрттен адамдардың жапа
шегіп жатқандықтарын күнде көріп, әр уақыттарда
біліп отырамыз.
ХАБАРЛАМА
Майтонов Жумабек Амирхановичтің атындағы ИП «Майто-
нов Ж» (Сериясы 09915, №0093924) жеке кәсіпкерлігінің
жабылғаны хабарланады.
Ұлытаудың
біртуар
азаматы
Еділбаев Лазыр Жәкенұлының
да дүниеден озғанына он жыл
болды. Қайран зымыраған уақыт-
ай десеңізші! Үлкенге іні, кішіге
аға, достарына деген адалдық,
тазалық көңіл күйімен өзін ерекше
сыйлата алатын өзіңдей жандар
кемде-кем болар сірә де. Лазыр
Жәкенұлы досымыз ауданымыздың
әлеуметтік-экономикалық дамуына
өзінің
қолғабысын
қалдырған
азамат. Қай қызметті атқарса да
еліне, халқына адал бола білді.
Сол кездегі Ұлытау совхозының
Айыртау бөлімшесінде қызмет атқарған ол осы аталмыш
совхоздың шаруашылық жөніндегі директорының орынбасары
болғанын білеміз. Аудан орталығындағы (сол кездегі) жалғыз
жанар-жағар май бекетінің қызметінде тазалықпен атқарды.
Аудандағы сүт өңдейтін шетелдік (италяндық) қондырғы
орнатылған мерзімде бұл істі тез игеріп кететін, қондырғылар
технологиясының, (әрине цехтың кейбір басшылық үшін де
сыры беймәлімдеу болғандығы да рас). Осы мерзімінде де
басшылықта отырғандар Лазыр Жәкенұлына қолқа салып кіші
сүт өңдеу зауытының басшысы етіп осы кісіні тағайындады.
Иә, қай жұмысты болса да берекелі, беріле істеп өзгеге үлгі-
өнеге бола білген бұл азамат-досымыз өмірден ерте озды.
«Орнында бар оңалар» дегендей орнында шаңырағын
шайқалтпай отырған Базаркүл жұбайы, балалары, немерелері,
бауырлары бар.
Бүгінгі күні өзіңді асқан сағынышпен еске ала отырып жаның
жәннатта, топырағың торқа болғай досымыз дегіміз келеді.
Өзіңді үлкен сағынышпен еске алушы достарың:
Талғат,
Жағыпар-Гүлнәр,
Сәбит-Кәмила,
Шамған-Қалимаш,
Елтынды-Күлзипа, Бейбіткүл (Есен құрдасының жұбайы),
Хайдарбек-Бибіған.
ЕСКЕ АЛУ
Қасиетті Ұлытаудың баурайында дүниеге келіп
алғашқы еңбек жолдарын Ұлытаудан бастаған текті
жердің ұрпағы, абзал азамат,аяулы ұл, қимас бауыр,
асыл жар, ардақты әке, немерелерінің сүйікті атасы
Ғабдулуахитов Серікжан Ғабдулуахитұлының
өмірден өткеніне 29 шілдеде 40 күн толды.
Ғұмыры қысқалау болғанымен артындағы ұрпағы,
ағайын-туысы мақтан ете алатындай ұлағатты өмір
сүрген асыл ағамызды сағынышпен еске аламыз.
Жатқан жерің жарық, топырағың торқа болсын
деп рухыңа мына өлең жолдарын бағыштаймыз.
40 күн сен кеткелі, қалды-ау орының
босап бізге
Жан ағам-ау, қамығып көңіл, қия
алмай сізді іздеуде.
Тежей алмай өзімді, екі көзге келеді жас
Қатар құрбың, достарыңмен кездескенде.
Көз салып бұл өмірдің мән-жайына,
Адал болдың туыстыққа, жан-жағыңа.
Сұм ажал қыршыныңнан қиып түсті-ау,
Немерелер қызығын көрер шақта.
Ағайын қалды зар жылап,
Тойымсыз ажал ағамды ап.
Жасаған болдың тас-керең
Тілекті бермей құлақ сап.
Қимаушы едік өлім түгіл өкпеге,
Жан едің жаратылысың басқа мүлде.
Ортамыздан ойып алды-ау тәуірді,
Жақсылар керек екен о дүниеге де.
Еске алады сені таныс қауымың
«Азамат еді, төресі еді-ау жігіттің» деп.
Еске түссең кеудені басады мұң
«Тар маңдайға сыймай кеткен ағашым» деп.
Ізіңді жалғастырар Өркенің бар,
Нүркенің мен Заринадай қызғалдағың
Немерелер сөндірмес сан арманды,
Жолдасың отбасыңның жан ардағы.
Сексеннің төртеуіне аяқ басқан,
Анаң да қалды-ау еңіреп.
Қабыл болсын дұғалар сізге арнаған,
Қолымыздан біздің енді не келет.
Жалғанда жарық күннің кеңдігі мың,
Қайырын құдай берсін ендігінің.
Мейірімсіз қара жерге қия алмадық,
Өзіңдей мейірімді «елдің» ұлын.
Ағатайым, жан ағам, ақтаңгерім,
Қашан да ел-жұртыңа мақтан едің
Бұл өмірдің заңына бар ма шара?
Жаның пейіште, жарық болсын жатқан жерің.
Сағынышпен еске алушы:
бауырларыңның
атынан қарындасың Гауһартас.
«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда делдал,
екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген
мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот ісіндегі
тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-
бір жолы болмақ, яғни екі тарапты қанағаттандыру
негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі.
«Медиация» сөзі латын
тілінен аударғанда делдал, екі
тарапты мәмілеге келтіруші
үшінші тұлға деген мағынаны
білдіреді. Медиация тәсілі
сот ісіндегі тазалықты, әділ
төрелікті қамтамасыз етудің
бірден-бір жолы болмақ, яғни
екі тарапты қанағаттандыру
негізінде жүргізілетін келіссөз
рәсімі. Бейтарап медиаторды
тарту арқылы келісімге келу
жолымен уағдаластырылатын
рәсім. Бұл тәсіл алпауыт
елдерде ертеректе
қалыптасқан, заңдастырылған.
Көбіне сот шешіміне бір
ғана тарап қанағаттанады,
екінші тарап сот шешіміне
риза болмағандықтан істі
апелляциялық, кассациялық
және қадағалау сатыларында
қайта қарауға өтініш береді.
Аталған сатылардың
әрқайсысының өзінің уақыт
мерзімінде байланысты істерді
қарауды бірнеше айларға, ал
кейбір жағдайларда жылдарға
созылып кетеді. Медиация әдісі
арқылы азаматтар уақыт пен
қаржы шығындарын үнемдейді.
Үлкен өмірлік тәжірибесі,
жоғары білімі бар, жасы 25-тен
асқан азаматтар, отставкадағы
судьялар, прокурорлар
медиатор бола алады. Қазіргі
сәтте ҚР Жоғарғы Сотының
бастамасымен «Медиация
туралы» Заң қабылданды.
Заң бітімгерлік рәсімдер
(медиация) институтын
ұйымдастыру және оның
қызметінің тәртібін белгілейтін
бірқатар баптардан тұрады.
Заң ҚР-ның аумағында
бітімгерлік рәсімдер институты
қызметінің құқықтық негіздерін
белгілейді және медиатордың
қатысуымен дауларды шешу
жөніндегі қатынастарды
реттейді. Медиатор –
тараптардың дауларын реттеу
мақсатында олардың арасында
бітістірушілік рәсімдерді
(медиация) жүзеге асыратын
дербес жеке тұлға. Заңның
3-бабы негізінде бітімгерлік
рәсімдерді жүргізетін медиатор
тараптардың тең құқықтылығы
мен әділеттілігін сақтауы
тиіс. Кез-келген уақытта
тараптар бітімгерлік рәсімдерді
(медиация) жалғастырудан бас
тартып, жалпы тәртіппен сотқа
жүгінуіне болады. Заңның
7-бабы бойынша медиацияға
қатысушы тұлғалар бітімгерлік
рәсімдер барысында белгілі
болған мәліметтерді осы
ақпаратты берген тараптың
келісімінсіз жария етуге
құқысы жоқ. Медиатордың
өкілеттілігі туралы Заңның
13-бабында медиатор
тараптармен бірлескен немесе
жеке кездесулерді өткізуге,
қажет болған жағдайда
медиатор даудың техникалық
аспектілері бойынша
сарапшының қорытындысын
талап етуге құқылы. Бұл ретте
тараптар қорытындыны алуға
байланысты шығындарды
өтеуге келісуі тиіс. Егер
медиатордың пікірі бойынша
бітімгерлік рәсімдерді одан
әрі жүргізу яғни, тараптар
арасындағы дауды шешу
мүмкін болмаса, медиатор
істі жүргізуді тоқтатуға
құқылы. Сондай-ақ, медиатор
өзінің функцияларын жүзеге
асыруына кедергі болатын
мән-жайларды білген
жағдайда бұл істен өздігінен
бас тарта алады. Медиация
тәсілін отбасылы дауларға,
жасөспірімдер жасаған
қылмыстарға қолданған
тиімдірек. Қазіргі кезде
жасөспірімдер қылмысы өршіп
келеді. Оларды бірнеше жыл
түрмеде ұстаудың өзі қасірет.
Ш.АСАНХАНОВА,
аудандық соттың
бас маманы.
ЕСКЕ АЛУ
Ардақты әкеміз, анамыздың асыл жары
Лазыр Жәкенұлы Еділбаев
тірі болса биыл 61 жасқа келер еді. Сұм ажал осыдан 10 жыл бұрын,
2004 жылдың 21 тамызында арамыздан алып кетті. Алланың ісіне
шара бар ма? Сарғайған сағынышпен еске алып, дұғадан жоқтап,
Алладан алдынан жарылқай гөр – деп тілегеннен басқа амал жоқ.
Азамат едің ардақты,
Ақылды, абзал, салмақты.
Білімің терең жан-жақты,
Жасыңды сенің жасатпай,
Сұм ажал салды қармақты.
Тағдырға әке бағындық,
Өзіңді қатты сағындық.
Жәннатта болсын жаныңыз,
Тілекті Алла қабыл қып.
Әмин!
Еске алушылар:
зайыбы Базаркүл, балалары, немерелері, бауырлары.
ЕСКЕ АЛУ
Жаңа оқу жылының басталуына көп
уақыт қалған жоқ. Арамызда әлеуметтік
көмекті қажет ететін отбасылар да аз емес.
Жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол»
акциясы биыл да 1 тамыз — 1 қыркүйек
аралығында жалғасын табады.
Акцияға бәріміз де атсалыса білейік!
Аудандық білім және
денешынықтыру бөлімі.
АКЦИЯ ЖҮРІП ЖАТЫР
МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
инд: 101500
Қарағанды облысы,
Ұлытау ауданы,
Абай көшесі, 23-үй.
Тел: 2-13-72
эл.пошта:
ulytau-oniri@mail.ru
Бас редактордың
орынбасары
Мағзұмбек
МАШАЙЫҚҰЛЫ
Газет аптасына бір рет шығады
таралымы — 1500 дана
Көлемі — 3 баспатабақ
Тапсырыс — 31
Аудандық «Ұлытау өңірі» газеті редакциясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС)
ГАЗЕТТІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:
«Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Газетте жарияланған
мақала авторларының пікірі
редакцияның көзқарасына
сәйкес келе бермейді.
Газет Қазақстан Республикасының мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде
тіркелген №2199-Г куәлігі берілген. Астана қаласы.
07.08.2001ж.
Хабарландыру мен құттықтау-
лардың мазмұнына редакция
жауап бермейді. Мақалалардың
нақтылығы үшін автор жауапты.
Газет «Мысты өңір» редакциясының компьютер орталығында беттеліп, Қарағанды қаласындағы
Қарағанды «Полиграфия» ЖШС-нің баспаханасында басылады. Ермеков көшесі, 33 үй.
12
2 тамыз, 2014 жыл
№31 (5951)
ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ
ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ
Өмір – тарих,
Тарих – сенсің, Ұлытау!
Өмір жайлы, ойлағанда
ел жайлы
Мүмкін емес, өзің жайлы
ойламау,
Мүмкін емес, өзің
жайлы толғамау.
Шежіреші,
Көне көз,
баба тауым.
Жаңғырар Ғасыр үні шың
басында
Ерліктің куәсі – тау-тасың
қатпарлы
Елімнің тарихы сақтаулы
осында.
«Таңбалы тас» –
Үш Жүздің қолтаңбасы
Қалайша бұл дерекке
таң қалмассың?!
Қасиетті құт мекен
Ұлытауда
Үш Жүздің даналары
қосқан басын.
Мекен еткен өңшең батыр
Ел басқарған бұл жерде
хандар жатыр.
Топырағын жамылып
қарт Ұлытаудың
Елдің қамын ойлаған
жандар жатыр.
Ұлытауым –
Әруақты жер, киелі
Сақтаған ел бірлігін,
салтын мықты
Қасиетті топырағыңа
бас иемін,
Ұрпағыңа сыйлаған
ұлылықты.
Ұлытауым –
Ұлтымның
мақтанышы
Басыңа – бақ, бойыңа –
құт дарысын
Қасиетіңді ұқсын терең
жас ұрпақ,
Өшпестей тарихыңды
ел танысын.
Кәмшат ҚҰСАЙЫНОВА,
Жезді кентіндегі кітапхана
қызметкері.
24 шілде күні Ұлытау ауданына
қарасты Қаракеңгір елді мекенінде
аудандық орталық және аудандық
балалар кітапхана қызметкер-
лерінің ұйымдастыруымен «Әлемді
кітаппен бірге ашамыз» атты
библиодесант өткізілді. Библиоде-
сант Қаракеңгір ауылының Мәде-
ниет үйінде өтті. Библиодесанттың
іс-шаралары бірнеше бөлімнен
тұрды, яғни бір уақытта өткізілді.
Аудандық кітапхананың директоры
библиодесанты ашып беріп, яғни
бағдарламасымен таныстырып
өтті.
Бірінші бөлімінде аудандық
кітапхананың методисі «Мен
оқимын! Біз оқимыз! Барлығымыз
оқимыз!» атты блиц-сауалнама-
ларды қатысушылар таратып, сау-
алнамадағы сұрақтарға толығымен
жауап ала алды және Ұлытау
ауданының 75 жыл толуына орай,
«Ұлытаудың ұлағатты перзенттері»
атты буклет тұрғындар арасында
таратылып, насихат жұмыстары
жүргізілді.
«Поэтикалық алаң» бөлімін
өткізуші аудандық орталық кітапха-
наның аға кітапханашысы Р. Сай-
мағанбетова. Бұл сайысқа жастар,
зейнеткерлер, жоғары сынып
оқушылары Абайдың, Мұқағали-
дың, Фаризаның, Махамбеттің
өлеңдерін жатқа оқып берген
белсенді қатысушылар өте көп
болды. Атап айтсақ, ауыл имамы
Ж. Кеңпейілов өзі шығарған өлеңін
көрермендерге тарту етті, жоғары
сынып оқушылары А.Баймышева
«Отырар», «Ұлытауға барғанда»,
«Ұлы Абайға» арналған өлеңдерін
жатқа оқып берді. Ал, Н.Мұсыл-
манбек болса М.Мақатаевтың
«Аққулар ұйықтағанда», «Шеше
сен бақыттысың» жатқа оқып
берсе, Г.Әділбек Абайдың «Қалың
елім қазағым», Махамбеттің «Қы-
зғыш құс» өленін Ж.Тәртіпбай және
Ж.Хачатурян өз тілінде ән орындап
берді. Жас ақын Д.Сайлау өз
өлеңін оқып берді.
Поэтикалық алаң бөлімінде
осы саланың мамандары осы
ауылдан дарынды, алғыр, білімді,
бірінен-бірі асып түсетін жастардың
көп екенін аңықтады.
«Бір ел-бір кітап» акция бойын-
ша С. Мұратбековтың «Басыңда
үш қараның», «Жусан иісі» атты
шығармаларынан викторина
ұйымдастырылып, жазушының
Бірінің өнерінен бірінің
өнері озатын бұл жастардың
ішіндегі мың бұралған буын-
сыз бишілері әр ұлттың биін
нақышына келтіріп билегені
қандай?! Бәрін айт та бірін
айт, осындай көңілді кештің
мәйегі болған Д.Ширекбаева
кезінде ҚР-ның еңбек сіңір-
ген әртісі Б.Төлегенованың
«Бұлбұл» әнін қазіргі заманауи
түрде әрлеп айтқанда, ауыл
тұрғындары орындарынан тұра
қол шапалақтап, ырза болға-
ны сонша осы «Бұлбұл» әнін
қайталап айтқызуға шақырды.
Осындай жастарды қол-
паштап, көтермелеп жіберетін
аға-апаларымыз болса, талай
жастардың жұлдызы жанып
кетері сөзсіз.
Кешкісін дәм ауыз тигеннен
соң «Алға, бас» театры жаста-
рына Мәдениет үйінің меңге-
рушісі Гүлжауһар Тақашқызы
ақжол тілеп, ауылымыздың
имамы Ж.Кеңпейілов ақ батасын
беріп, қимастықпен шығарып
салдық.
С.СҰЛТАНОВ.
ҚАРАКЕңГіР ауылы.
Өнер, білім бар жұртта,– деп Абай атамыз айтқандай,
шілденің 20-жұлдызында Жезқазған қаласының «Алға, бас»
театры сағат кешкі 7-де Қаракеңгір ауыл тұрғындарын
концерт-шоу кешіне шақырды. Кіл жастардан тұратын
концертті тамашалауға келген ауыл көрермендерімен ине
шаншар жер жоқ. Берісі 13-14, әрісі 25-26 жастағы жастар-
ды осындай концерт қояды деп ойламаған едік. Көркемдік
жетекшісі Динара Ширекбаева жас болса да бас болғанын
шынымен дәлелдеп берді. Домбырамен қазақтың халық
әндерін шырқата салған Әйгерімнің өнері бір төбе десек,
қосылып дуэт боп ән салған Ширекбаеваларға қошемет
тоқтаусыз соғылды.
Адам баласының рухани жан азығы кітап десек, кітап-
хана сол азықтың «қамбасы» іспеттес. Кітапсүйер
оқырман қауымға, кітапханадағы бөлімдерінде білім
мен ғылымның, әдебиет пен өнердің, медицина мен
спорттың, жалпы қоғамның өткені мен бүгінгісі, ер-
теңі туралы мағлұматтарға толы орын. Оқырман-
дарға қай жағынан алғанда да мінсіз қызмет ету–
кітапхана қызметкерлерінің кәсіби міндетті болса
керек. Сондықтан да соңғы жылдары аудан көлемінде-
гі түрлі деңгейдегі заман талабына сай кітапхана қы-
зметкерлері оқырмандар арасында іс-шаралар өткізіп
отырады.
өмірбаяны мен шығармашылық
жолындағы жетістіктер жайлы
көрермендер слайд арқылы
танысты. Викторина қызықты өтті
және жеңімпаздары көп болды.
Белсене қатысқан және сұрақтарға
дұрыс жауаптарын берген жастар
Ә. Мақсұтбек, А.Төлеубек, Н.
Мұсылманбек, Г.Әділбек, А.Жен-
сікбаева, А.Жұмағали, А.Сейтқали,
П.Әбдіқапарова өздеріне деген
жақсы мағлұматтар алды.
Өлкеміздің мерейтойына орай,
«Ұлытаудың ұландары» атты
сөзжұмбақ ұйымдастырылды. Ж.
Бижігітов, Ж. Қожабай, Ұ.Тұрғын-
баевтар сөзжұмбақтын шешімдерін
дұрыс тапты.
Аудандық балалар кітапханасы
қызметкерлерінің ұйымдасты-
руымен «шебер қолдар» (ермек
саз), «сиқырлы суретшілер» атты
бастауыш сынып оқушылар ара-
сында сайыс ұйымдастырылды.
Қатысушылар түрлі-түсті қаран-
даштар, ермек саздар арқылы қол
өнерлерін қағаз бетіне түсірді.
Библиодесанттың соңында
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» атты ин-
теллектуальдық жастар арасында
жұмбақ сайысы өткізіліп, Сөз
жұмбаққа жастар (студенттер)
белсене қатысып, білімдерін
сынап, жұмбақтардың шешімін
таба білген жастарымыз Ж.Бай-
торина, Ж.Қожабай, А.Хасен, Б.
Шертай, А.Төлеубек. іс-шараның
соныңда «Кітап–сарқылмас қазы-
на» атты кітап көрмесі ұйымдасты-
рылып, шолу жасалды.
іс-шараның соңында сайысқа
қатысқан ауыл тұрғындарының
еңбектері бағаланып, сыйлықтар-
мен марапатталды. Қаракеңгір
Мәдениет үйінің өнерпаздары кон-
церттік нөмір берді. Библиодесант
өте жақсы, тартымды, қызықты,
көңілді ұйымдастырылып өткізіл-
ді. Мәдениет бөліміне, аудандық
орталық және аудандық балалар
кітапханасына, Мәдениет үйінің
қызметкерлеріне алғысымызды
білдіреміз.
Ж.КЕҢПЕЙІЛОВ,
Қаракеңгір ауылының
имамы.