«Сендер білесіңдер, бірақ білмейсіңдер». Оқушылар шеңберге тұрып,кезекпен «сендер білесіңдер менің осы сыныпта оқитынымды, бірақ білмейсіңдер билейтінімді»



бет7/7
Дата31.12.2021
өлшемі19,99 Kb.
#23631
1   2   3   4   5   6   7
V. Оқушыларға  ескерту  ережелер:

       Өз  болашағың  өзіңнің  қолыңда! Ендеше  өз болашағыңды анықтауда мына        ережелер назарыңда болсын:

·        Мамандық  таңдауда оның сырт келбетіне назар аударып қана қоймай, мүмкіндігінше  қалаған мамандығың жөнінде көбірек білуге тырыс.

·        Өмірлік  жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істегеуді игергенің аса пайдалы.

    Мектептегі  оқу  пәндері-  нақты  мамандық  емес  екендігін  есіңде  сақта!

  Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген ойдан  аулақ  бол!

Сен  үшін  өзіңнің  қолыңнан келетін істі  мамандық  етіп  таңдаған пайдалы  екенін есіңде  ұста!

  “Жақсы адам”- бұл мамандық емес.Егер саған бір адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деген қортынды жасауға болмайды.

Заман  ағымына қарай кейбір  мамандықтар ескіріп, оның  орнын  басқа мамандықтар басып   жатыр.Сондықтан қосалқы таңдаған мамандығың болуы шарт

Мүмкіндігіңше өзіңнің таңдаған мамандығыңның өз денсаулығыңа сай келетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның дұрыс!



    Өзіңмен алдын –ала психологиялық зерттеу жүргізбей –ақ , нық қадам жасап таңдай  беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ Өзіңмен алдын –ала психологиялық зерттеу жүргізбей –ақ , нық қадам жасап таңдай  беруге болатын бірде бір мамандықтың жоқ  екендігін есіңде  сақта!

          VІ. Сабақты  қорытындылау. Қонақтардың  пікірлерімен  және мұғалімнің қортынды  сөзімен:«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев  айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, бұл кездесу  оқушылардың болашақта  өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне  сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет