Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі434,94 Kb.
#8012

Атыңнан айналайын, 

Қарқаралы, 

Сенен бұлт, менен  қайғы 

тарқамады... 

Осынау текті де кекті ән-өлең XX 

ғасырдың басында Алаш аспанында 

қалықтады. Ежелден қасиет қонған, 

киелі  Қарқаралыны әлдилеген бұл 

трагедиялықтуындының иесі - Мәди 

Бәпиұлы. Ол - өз дәуірінің өзгеше 

тұлғасы. Аз жазса да, саз жазған 

саңлақтың бірі. 

Мәдидің шығармашылығы деге-

німізде, ең алдымен оның сегіз қыр-

лы, бір сырлы сері екендігі есімізге 

түседі. Ал ақындығы, сазгерлігі, 

әншілігі - бір биік таудан бұлқынып, 

жарыса аққан үш өзенді көз алдымы-

зға әкеледі. Дәл осылай ағысты үш 

өзен қосыла келе таланттың тамаша 

теңізіне айналған. 

Мәдидің  қанында тектілік, туған 

жерінде кие болғандықтан,  қара 

өлең мен асқақ ән қатар келіп, қаси-

ет боп қонды. Оның буырқанған аду-

ынды (бунтарь) ән-өлеңдері сонау 

Күлтегін мен Махамбеттің аралығын-

дағы, одан беріде Мағжан,  Қасымға 

жалғасқан  ұзақ-сонар бекзат бол-

мыстың туын биіктете түсті. 

Сақтардың соңғы тұяғы, көш-

пенділердің кесек көрінісі, ұлтымыз-

дың  ұлы сазгері, текті тұлға Мәди 

Бәпиұлының шырғалаңды өмірін, 

ғажайып өнер өрімін айғақтайтын 

қазақ әдебиетінде біраз шығарма-

лар баршылық. Солардың алдыңғы 

легінде халық жазушысы Әлжаппар 

Әбішев ағамыздың «Найзағай» деп 

аталатын романы тұр. Басқа да көр-

кем туындылар һәм деректі дүние-

лер Мәди образын жарқыратып 

көрсетуге сүбелі үлестерін  қосты 

десек те, айта кетер бір жайт, Мәди 

өлең-әндерімен өз бейнесін өзі жа-

саған өнерпаз. 

Мәселен: 



Арғы атам - әулие өткен Ер  Қазыбек, 

Бекболат - оның  ұлы болыпты бек. 

Тіленші - одан туған абзал шері, 

Қараданхан боп өткен бәрі асыл тек. 

Атамыз одан кейін Алшынбай-ды, 

Аруағын естіген жан  қалшылдайды. 

Атағың Апатаудай бабаларым, 

Көрдің бе осы күнде біздің жайды. 

Сұрасаң, Мәди еді менің атым, 

Кем емес еш адамнан салтанатым. 

Кешегі бауыр Бошан ортасында, 

Жаралған артық болып 

асыл затым... 

Бұл - өлеңмен жазылған көркем 

шежіре. Ата-текті түгелдеутектіліктің 

белгісі. Түп тамыры ежелгі сақ, 

ғұндардан басталған алтын арқауды 

айтпағанның өзінде, бергі бабасы 

Қаздауысты  Қазыбектен тараған 

жібек желінің өзі осал емес. Жалпы, 

тектілікті айту, насихаттау - ол мақ-

танғандық болмаса керек. Кері-

сінше, адамның рухын көтеру, жас 

ұрпаққа табандылық, ерлік дарыту. 

Батыр бабалардың ерлік істерін айта 

отырып, жауқазын жастың жүрегіне, 

санасына асыл  қасиеттерді сіңіру. 

Күнделікті өмірімізге аса қажетті пат-

риоттық гәрбие дегеніміздің өзі осы 

емес пе?! 

Мәдидің өз басы  қайшылықты 

қоғамда өмір сүрді. Екі ғасырдың то-

ғысында, тарихтың толғағында шы-

ғармашылығы дүниеге келді. Өзінің 

өлең-әндерімен өнерпаздың өршіл 

тұлғасын әрі асқақ рухын  қалыптас-

тырды. Әдебиет пен өнердегі өз 

бейнесін көрсете алды. 

Дүрбелең жылдардың тұзақты 

торында ғұмыр кешкен абзал жан-

ның азапты өмірі жайында мұрағат-

тарда сақталған біраз деректер бар 

екен. Осы деректерді жинастырып, 

баспасөз бетінде жариялап жүрген 

белгілі журналист, зерделі ғалым 

Зарқын Тайшыбай ағамыздан 

естіген мына бір сөздерде үлкен 

шындық жатыр. 

... Жасынан сері атанып, ел-

жұртының мақтанышына айналған, 

атақ-даңқы дүрілдей бастаған Мәди-

ге қастандық жасаған, ол киіп жүрген 

ою-өрнекті оқалы шапанға «ұры» де-

ген  қара жамауды  қасақана жамат-

қан өзінің аталас туыс-ағайындары 

еді. Әкесі Бәпимен бірге туған Қақа-

бай және оның балалары болып 

шықты. Өйткені, бүкіл қазақ қауымы-

на аты мәшһүр  Қазыбек бабалары-

нан жалғасқан атақ-даңқ осы әу-

леттің кенже өкілі Мәдиге қонуы ата-

лас ағайындардың қызғанышын қоз-

дырып кетсе керек. Алғаш айыпталу-

ына себеп болған «4 қой хикаясы...». 

Төрт қойымызды ұрлады деп, сотқа 

арыз берген ағайындарының кесі-

рінен әуелде 3 айға айыпталған қай-

ран Мәдиге тағылған жала жалға-

сып, әуре-сарсаң 10 жылдан аса 

уақытқа созылған.  Құлдық психоло-

гиядағы,  құлқын  қамын күйттеген 

сұмдар осыншама  ұзақ мерзім 

ішінде текті тұлғаның алтын басын 

қор  қылып, тебен иненің тесігінен 

өткізгісі келгендері өтірік емес. 

Арыз, айдау, абақты, жалған 

жала, өсек-аяң сияқты түрлі жан 

түршігерлік теріс әрекеттерді өз жа-

қындарынан көрген Мәдидің  қысқа 

ғұмыры қасіретке толы еді. 



Мұның дәлелі мынадан көрінеді: 

Сұрасаң, руымды  Қаракесек, 

Досымнан дұшпаным көп 

қылған өсек. 

Дұшпанның 

қуғындаған жаласынан, 

Жатқаным  қу  қарағай болып төсек. 

Мәдидің әкесі Бәпи жуастау, 

адал адам болғандықтан, өздеріне 

тиесілі еншісін де алмаған. Ендеше, 

ел  қатарлы еншісі бөлінбеген есіл 

Мәди төрт  қонақасылық төрт  қой 

үшін айыпқа тартылып,  қаншама 

уақыт  қудалауға түсіп  қиналғаны 

аянышты. Осы арада патша үкіме-

тінен зардап шеккен Мәди мүмкін 

кейін революционер болған шығар 

деген бір ойдың көкейде көл-

денең дейтіні анық. 

1917 жылғы төңкеріс кезінде екі 

тап бір-бірне тап-тап беріп, жеңіс 

еңбекші халық жағына ойысқанда 

Мәди де бір кісідей  қуаныпты. Оған 

куә боларлық өлең жолдары да бар: 



Жастық шақ жиырма-отыз 

бұғауда өтті, 

Қырықта бостаншылық шықтым 

тауға. 

Болғанда тілім-қылыш, 

қалам-найза, 

Сілтейін, кетпесін кек, залым жауға. 

Иә, даңқы дүрілдеген Мәди қан-

ша жерден өнерпаз, сері, текті 

тұқымнан болғанымен, жасынан 

әділет сүйіп, әлі де есесі кеткен ха-

лық жағында жүргендігі белгілі. Бүкіл 

өмірі мен өнерін зорлықшыл шон-

жарларға, тоқ  қарын топастарға 

және шолақ белсенділерге  қарсы 

күреске арнаған. Өмір бойы шырыл-

дап шындық, әлекке түсіп әділет 

іздеген. 

Азаттық, теңдік аңсаған текті жан 

алғашында қуанғанымен, көп ұзамай 

жаңа кеңес үкіметінен де көңілі қала-

ды. Өйткені, қайда барса да алдынан 

бұрынғы арам  қулар мен пысықтар 

шыға береді.  Қызылдардың өзі тағы 

қудалауға ұшыратады. Сол аласапы-

ран тұсты өкінішпен көрген Мәдидің 

қапылыста  қазаға  ұшырар алдын-

дағы соңғы өлеңдерінің біріне ден 

қойсақ: 

Қып-қызыл нарттай  қара шың, 

Қази-ау, зарлап  қаласың... 

Қызылдар, ақ боп бөлініп, 

Елімнен кетті-ау жарасым, -деген 

шеменді шерін тектен-текке айтпа-

ғанын аңғарармыз. Өте аянышты, 

ауыр ғой.  Қайғылы,  қасіретті сөз. 

Түсінгенге - мұның астарында түпсіз 

терең мұң жатқан сияқты. 

Өмірінің біраз жылдарын  Қарқа-

ралы түрмесінде өткізген тұстарда 

Алаштың Ахмет Байтұрсынұлы, Жа-

қып Ақбайұлы секілді озық ойлы аза-

маттарымен бірге отыруды дейтін 

пікірлер  қисынға келеді. 

Ол кезде Мәдидің өнері де исі 

қазаққа танылған болатын. Атақты 

Қоянды жәрмеңкесі Мәди ауылымен 

шектесіп жатыр. Сол замандағы 

белгілі адамдардың біразымен бірге 

жүріп, аралас-құралас, дәмдес бол-

ғандығы, оның үстіне  ұлы Абайдың 

өзіне  ұнаған балдызы екендігі де 

мұндай ой-пікірлерге жан 

бітіретіндей. 

ХІХғасырдың орта шенінен қазан 

төңкерісіне дейінгі орыс әдебиетінің 

поэзиясында орын алған асау да 

тентек ағымдар, тіпті, кейбір ақын-

дардың әділетсіз қоғамға бөгелекше 

тиіскен «бүлікшіл» элементтері сияқ-

ты, қазақ өнерінде де осы тұста асау, 

өршіл рухтағы әндер мен күйлердің 

тұтастай галереясы  қалыптасқаны 

айдай анық. Оның қайнар көзі, бас-

тау бұлағы сонау көне замандардан 

басталып, жолай жыраулар поэзия-

сымен жанданып, жалданып жетті. 

Біржан, Ақан,  Құрманғазы, Мәди, 

Жаяу Мұса, Иманжүсіп секілді өнер-

паздар аталмыш ағымның басты 

өкілдері. 

Ол кезде  қазақтар осынау асау 

ағымды поэзиядан гөрі ән мен күй 

әлемінде жақсы жеткізе алған. Азат-

тық аңсаған, өршіл рухтағы күрескер 

ән-күйлер теңсіздік, әділетсіздік 

жайлаған ескі  қоғамды теңселте 

түскендей еді. Мәдидің және оның 

өнерпаз замандастарының мықты-

лығы сол, олар өнерлері арқылы 

зұлым заманға қасқая қарсы тұрып, 

шешілмей жатқан шерменде сұрақ-

тарға нақты жауаптар іздеді. Ән-

күйдің күшті әсері арқылы  қорғау, 

қоғамның  құбыжық суретін салды. 

Әрбір ән мен күйден замана зары, 

дәуір дерті анық сезілгендіктен, сол 

туындылардың барлығы да класси-

калық деңгейге көтерілді. 

Мәдидің мұрасы дегенде, бізге 

белгілі толықсып туған айдай 4 ән-

өлеңі ойымызға оралады. Олар: 

«Қарқаралы», «Қаракесек», «Үшқа-

ра», «Шіркін-ай». Көпшілікке жетпе-

ген, бізге белгісіз басқа ән-өлеңдері 

болуы мүмкін. Дегенмен, осы төрт 

әннің өзі-ақ Мәдидің музасын 

мәңгілік етті. 

Сазгердің сезімді тербер 

«Шіркін-ай» әні, атының өзінде 

айтылғандай, замананың ғажап үні. 

Тыңдап отырсаң, бұл әннен Мәдидің 

мұңы мен сағынышына  қасіреті 

қосылып, көз алдымызға  қанаты 

сынған  қыранның  қайғылы кейпі 

елестері сөзсіз. Мұнан Мәди мұңы-

мен бірге мезгілдің де мұңы анық 

байқалатындай. Ал, атақты «Қара-

кесекті»  қалықтатқан кезде аспан 

аясында Мәдидің асау рухы алапат 

күшпен азаттық әлеміне  ұмтылады. 

«Қарқаралы» мен «Үшқара» туынды-

лары өзінің асқақтығымен әрі 

тереңдігімен  қымбат. Бұл -  қитұрқы 

қоғамға  қарсы атылған азалы жыр, 

айбынды ән. Ашынған ақын-саз-

гердің ғаламат дауысынан оның 

портреті, азаматтық болмысы, тағ-

дыры түгел көрініп тұрғандай. 

«Үшқара» әнінің сөздерінде 

үлкен салмақ бар: 

Сүйендім абақтының шарбағына, 

Сыйындым бабам  Қазыбек 

аруағына. 

Бір кезде  қаршығадай  қалықтадым, 

Бұл күнде мен аңшының 

қармағында. 

Түз тағысы  қаршығаның торға 

түскен  қиын халін,  қармаққа ілінген 

шортанның шерлі күйін аз сөзбен 

алдымызға жаяды. 

Осы өлеңнің соңғы шумағын-

дағы: 

Есіме  қайран елім сен түскенде, 

Көл  қылып көздің жасын баса 

алмадым... -

деген пікірі Иманжүсіп ақынның: 



Еске түссе,  қайтейін, Ерейментау, 

Көзімнен ақты парлап жастарым-ай! 

-дейтін өлең жолдарымен үндеседі. 

Заманы, зары, тағдыры бір  қос 

тұлғаның елім деп еңіреген көз жас-

тары бір арнада тоғысқандай. Бұл 

өлеңдерден азап шеккен азаматтың 

туған жерге, елге деген сағынышын, 

қимас сезімін анық көруге болады. 

Бір ерекшелігі - Мәди өлеңде-

рінде символистік, сентименталистік 

сарындар байқалмайды. Ол жаны 

қанша  қиналып, азап шеккенімен 

өмірден түңілмейді. Тәуекелге бел 

байлап, келешегін көргісі келеді. 

Айталық: 

Немене, көрген қызық көрмегендей, 

Жас дәурен жауар бұлт өрлегендей, 

Жастық шақ көк семсердің 

жүзі емес пе, 

Қайрап ап



  қалың жауға 

сермегендей 

Әмірдің қысқапығы, қызығы, жа-

стық шақтың жайлауы, сол жайлау-

да еркін көсілген тұлпардың дүбірі, 

зеңгір аспанда  қалықтаған хас 

қыранның саңқылы, сал бөктерде 

жортқан жас бөрінің жауға ұмтылған 

адуынды бейнесі шағын ғана шу-

маққа сыйып кеткен. 

Сыйындым бабам  Қазыбек ару-

ағына, -деуінде де үлкен мән жатыр. 

Аруаққа сыйыну - рухты көтеру. 

Олай болса, ақын туындыларында 

оптимистік көзқарас, болашаққа де-

ген үміт-арман тұнып тұр. 

Кезінде музыканың маманы, ака-

демик АхметЖұбановтың: «Мәдидің 

«Қаракесегі» бүкіл  қазақ халқының 

гимні ғой» деген пікірі бұл сөзімізге 

дәлел. 

Шындығында, «Қаракесек» ән-



өлеңі - Мәдидің реквиемі. Мәдидей 

мұзбалақтың торға түскен, буыр-

шынның мұзға тайған мұң-зары. Жан 

азасынан жазылған  қайғылы шері. 

Мұндағы  Қаракесек Мәди -  қазақ! 

Ол - басына бұлт төнген Алаш елі. 

Жалқының жүрегі жалпыны  қамты-

ған. Жалғыздың жанайқайы асқақ 

романтикалық леппен аспандап ба-

рып, Күн сияқты күллі Алашын айма-

лап тұрғандай. Академик ағамыз ай-

тқандай, гимн десе - гимн, әнұран 

десе - әнұран! Махамбеттің «Мұнар 

күні» секілді, Мәдидің «Қаракесегін» 

де тұмар  қылып тағып жүрсек, ар-

тығы бола қоймас. 

Қорыта келгенде, Мәди Бәпиұлы 

- кеудесін кек кернеген керемет 

тұлға. Өз ән-өлеңдерімен өзіне өл-

местей қылып ескерткіш соққан зор 

талант иесі. 

Биыл осы ардақты да аяулы 

өнерпаздың туғанына 125 жыл толып 

отыр. Бұл туралы баспасөз бетте-

рінде ақын Серік Ақсұңқарұлы, жур-

налист Ермек Балташұлы ағалары-

мыздың ой-пікірлері жарияланып 

жатыр. Солардың ішіндегі әр түрлі 

деңгейдегі мәдени шаралар, сазгер-

ақынның мұраларын кеңінен наси-

хаттау, көше-мектептерге атын беру, 

ескерткіш орнату секілді ұсыныстар-

ға біз де қосыла отырып, «Қарқара-

лы басындағы жалғыз аршаға» 

көпшіліктің көңілі, басшылардың 

ықылас-ниеті түссе екен деген 

тілегімізді білдіреміз. 

Әлімжан  ҚУТЖАНҰЛЫ, 

Е.Бөкетов атындағы 

ҚарМУ-дың аға о қ ытушысы . 

Орталық Қазақстан. -2005. -21 сәуір.- 7 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет