Сенімхаттың мерзімі жазбаша көрсетіледі және қолдану мерзімі уш жылдан аспауы тиіс. Егер сенімхат мерзімі көрсетілмесе, ол жасалған күннен бастап бір жыл ішінде өзінің күшін сақтайды.
Өкіл сенімхат бойынша не жеке өзіне қатысты, не бір уақытта өкілі болып табылатын басқа тұлғаға қатысты іс-әрекеттерді жүргізе алмайды. Мысалы, заемшы заешыластың атынан сенімхат бойынша әрекет ете алмайды, өйткені бұл жағдайда заемшы жеке өзіне қатысты әрекет ете алады.
Сенім білдіруші сенімхат үлгісінде көрсетілген операцияларды (шоттарды жүргізу бойынша, кредиттік операцияларды жүзеге асыру бойынша және т.б.) жүзеге асыру бойынша өкілеттіктерді ұсыну қажеттілігі тұрғысында сенімхат мазмұнын тексеруі тиіс.
Сенімхат үлгісінде көрсетілген өкілдің өкілеттіктері өзгертілуі (қателіктерге, түзетулерге және грамматикалық қателерге жол берместен) мүмкін, бұл жағдайда келесі тармақтар міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
Қосымша ақпаратты алуға арналған тегін қолдау телефондары: 300, 8-8000-801-880. Сенімхат үлгісінің электронды нұсқасы www.hcsbk.kz сайтында орналастырылған.
Сенімхат үлгісі "Отбасы банк" АҚ
СЕНІМХАТ
_________ қ. ______________________(куәландыру орны мен күні) Мен, аз. ___________________________________, (туған күні, айы, жылы), (аты-жөні толығымен), ЖСН ______________________, _________________________________ тумасымын, тұрғылықты мекенжайым: _____________________________, аз. ______________________ (туған күні, айы, жылы) (аты-жөні толығымен), ЖСН ___________________, __________________________ тумасымын, тұрғылықты мекенжайы_____________________, "Отбасы банк" АҚ-дағы менің мүдделерімді танытуға, соның ішінде менің атымнан жинақ/ағымдағы/арнайы шоттарын ашуға және тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарттарды, ағымдағы шот шарттарын, арнайы ағымдағы шот шарттарын жасауға, барлық жинақ шоттарымды пайдалануға және иелік етуге, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттарда, ағымдағы шот шарттарында және "Отбасы банк" АҚ-ның ішкі құжаттарында көзделген барлық іс-әрекеттерді менің атымнан жүргізуге, соның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттар бойынша құқықтар мен міндеттерден шегінуді жүзеге асыруға, осы шарттарға қатысты кез келген қосымша келісімдерге қол қоюға, "Отбасы банк" АҚ-дағы маған тиесілі жинақ/ағымдағы шоттарына ақшалай қаражаттарды енгізуді, шешіп алуды, алуды және аударуды жүзеге асыруға, тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттарды бұзуға, жинақ/ағымдағы шоттарды жабуға және сондай шоттарда бар ақшалай қаражаттарды алуға, сондай-ақ кредиттік өтінімді рәсімдеу үшін қажетті барлық құжаттарды менің атымнан рәсімдеуге және "Отбасы банк» АҚ-ға ұсынуға сенім білдіремін, сол үшін мен оған құжаттарды өткізу және алу, қол қою, осы тапсырманы орындаумен байланысқан өзге қажетті іс-әрекеттерді жүргізу құқығын беремін.
Мен осы сенімхатты кері қайтарған күннен кешіктірмей, "Отбасы банк" АҚ-ны жеке өзім осы жөнінде хабардар етуге және сонымен қатар тиісті өтінішті ұсынуға, сондай-ақ сенімді тұлға тарапынан мен танитын барлық тұлғаларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттердің (мәміле) жүргізілгендігі жөнінде оларды жеке хабардар етуге міндеттенемін. Осы міндеттемені орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, мен барлық ықтимал жауапкершілікті өзіме аламын және ____________________ (сенімді тұлғаның аты-жөні) жасалған мәмілелердің барлық талаптарын толық, тиісті түрде орындауға міндеттенемін.