Серік Мырзалы философия оқу құралы


болмысын жоғалтып, мәңгүрттiкке



Pdf көрінісі
бет286/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   521
болмысын жоғалтып, мәңгүрттiкке 
жол сал-
мауы керек. Ол үшiн тек қана өз руханиятына 
сәйкес
келетiн (ал оның 
өзi – Абай мен Шәкәрiм көрсеткен «нұрлы ақыл», «ар-ұждан») басқа 
цивилизациялардың құндылықтарын 
таңдап алу
арқылы iске асуы 
керек. Сонда ғана ол өз жемiсiн бермек. Қандай ғажап ойлар!
Бүгiнгi таңда ХХ ғ. басында өмiр сүрген ойшыл-демократтардың 
асыл арманы – халықтың бостандығы мен егемендiгi – iске асты. 
Олардың айтқан көп гуманистiк-демократиялық идеялары бiрте-бiрте 
өмiрге енуде. Президенттiң халық алдына қойған «Қазақстан-2030» 


318
бағдарламасы 30 жылдардағы ұлттық зияткерліктің қойған өзектi 
мәселелерiн қамтып, оларды ары қарай дамытты.
Кеңес дәуiріндегi отандық философия
Кеңес дәуiрiнiң бастапқы кезiндегi ахуалды бiз жоғарыда әңгiме 
еткен болатынбыз. Әрине, кеңес заманын сыңаржақты бағалауға бол-
майды. Көп нәрсенi жоғалтқанымызбен, қол жеткен жетiстiктерiмiз 
де аз болған жоқ. Әсiресе 50 жылдардың аяғынан бастап, жеке 
басқа табыну әшкереленгеннен кейiн, қоғамның өрлеуi басталды. 
Қазақстандағы тың игеру үдерiсi елдi көпұлттық қоғамға әкелдi. Жер 
байлығы игерiлiп, жаңа қалалар, жоғары оқу орындары, театрлар мен 
кiтапханалар, мұражайлар бой көтердi. 
Философия саласына келер болсақ, Қазақ Мемлекеттiк универси-
тетiнде арнаулы факультет ашылып, кәсiби философия дүниеге келiп, 
олар зиялылар тобының iшiнде ерекше орынға ие болды. Сөйтіп, 
ұлттық тарихта классикалық философия дискурсының үлгiсiмен 
қалыптасқан философиялық ой-өрiс дүниеге келдi.
Қазақ философтары маркстiк парадигманың (үлгiнiң) шеңберiнде 
әсiресе 60 жылдары үлкен жетiстiктерге жеттi. Бiршама дарынды жас 
философтар жоғарыдан түсiрiлетiн «тапсырмалы тақырыптардан» 
бас тартып, сол кездегi саяси жағынан алғанда қауiпсiз логика сала-
сына назар аударады. Оларды айрықша көзге іліндіріп, дүниежүзiлiк 
деңгейге көтерген философия саласы – ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет