Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет295/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   521
«алтын миллиард»

екiншi жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да «мил-
лиард», ал ол екеуiнiң ортасында аласапыран қиындықтарды басынан 
өткiзiп, жақсы өмiрге ұмтылып жатқан кедей елдердегi адамзаттың 
қалған 4 миллиарды! Бүгiнгi таңда ХХ ғ. орта кезеңiнде пайда болған 
адамзаттың жарқын болашағы жөнiндегi идеялар бiршама сөнiп
ғасырдың аяғына қарай пессимистiк 
антисциентистiк
дүниесезiм бой 
алып келе жатқан секiлдi.
Ал ендi ХХ ғасырдың рухани мәдениетiне тоқталсақ, ол да неше 
түрлi шытырман қайшылықтарға толы. Бiр жағынан, орасан зор 
ғылыми жетiстiктер, мәдениет құндылықтарын миллиондаған данамен 
басып, халыққа тарату мүмкiншiлiктерiнiң өсуi т.с.с., екiншi жағынан, 
адамның техника, өлi байлық, дене ләззатының құлына айналуы. Бiр 
жағынан, ХХ ғ. бүкiл адамзат тарихының беттерiнде сирек кездесетiн 


327
ұлы гуманистер – Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди 
т.с.с. өмiр сүрсе, екiншi жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссо-
лини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелдi.
Бүгiнгi адамзатқа керектi нәрсе – жер бетiндегi Ғарыштың әсем 
гүлi – өмiрдi сақтап қалу, ғылымның жетiстiктерiн адамгершiлiкпен 
ұштастырып, жаңа жағдайда «мәңгi сұрақ» – адамның өмiрiнiң 
мән-
мағынасы
мен 
не үшiн
жаратылғанына – жаңа шешiм iздеу, осы жолда 
бақталастық емес, халықтардың бiр-бiрiн 
толықтыруы
, өзара бiр-бiрiн 
ақтауы, көмектесуi
қажет сияқты. 
Әрине, мұндай талдауларды ары қарай жалғастыра беруге болар едi.
Бiрақ жоғарыда көрсетiлген сипаттамалар ХХ ғ. пайда болған 
философияның ағымдарын жете түсiнуге мүмкiншiлiк бередi деген 
ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық 
ағымдардың негiзгiлерiн талдауға көшейiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет