404
Бүгінгі ғылымның нәтижелеріне сүйене отырып, ғарыштағы жүріп
жатқан екі үдерісті айтсақ та болғаны.
Біріншіден, термодинамикадағы (әртүрлі энергияның бір-біріне
өту заңдылықтарын зерттейтін ғылым) 2-ші бастамаға сәйкес,
дүниеде ыдырау, жылы зат энергиясының айнала қоршаған ортаға
тарауы (энтропия) өтіп жатыр. Ол – біржақты үдеріс. Бұл заңдылықты
ашқан Р.Клаузиустың тұжырымы бойынша, «Жылылық өз-өздігінен
суық денеден ыстық денеге тарамайды». Керісінше, ыстық денеден
суық денеге ғана өтеді. Бұл заңдылық ашылған уақытта неше түрлі
пессимистік көзқарастар пайда болды. Мысалы, ғарыш ең соңғы саты-
сында толығынан ыдырап, хаосқа айналады деген пікір де айтылды.
Алайда мұндай көзқарас адамдардың санасында келесі сұрақты
тудырды: егерде ғарыш хаосқа қарай өтуге бағытталса, онда бүгінгі
таңдағы биік дәрежеде ұйымдасқан дүние тәртібі қалай пайда болды?
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы өсімдіктер мен жануарлар
әлеміндегі өне бойы тарихи созылған күрделенуді, ұйымдасу деңгейінің
өсуін, энтропияға қарсы бағытталған күш-қуатты көрсетті.
Философия саласында бұл сұраққа өзінше жауап берген ұлы фран-
цуз ғалымы Пьер Теяр де Шарден болды. Өзінің «Адам құбылысы»
деген еңбегінде ол дүниенің екі бастамасы бар дейді. Оны бірі –
тангенциалдық, яғни физикалық, заттық болса, екіншісі – радиалдық,
яғни рухани энергия. Дүниені күрделендіріп, оның біртұтастығына
жауап беретін соңғы радиалдық күш болмақ. Ал оның қайнар көзі
Құдайда деген пікірге келеді (қараңыз: П.Т. де Шарден., Феномен чело-
века. М., Прогресс, 1998, 165-б.)
Ал материалистік бағыттағы философия өзінің басынан-ақ
материяның өзіндік дамуға деген қабілетін мойындаған болатын.
Бірақ ол жалпы болжам ретінде мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп,
нақтылы мазмұнға ие болған жоқ-ты. Тек қана ХХ ғ. 70 жылдарынан
бастап, бельгиялық ғалымдар Г.Хакен мен И.Пригожин жаңа ғылым
саласын – синергетиканың негіздерін жасап, жоғарыдағы көрсетілген
материалистік постулатқа жаңа тыныс береді. Синергетика (cіnergіa –
грек сөзі, бірігіп іс-әрекет ету деген мағына береді) – өзіндік ұйымдасу
теориясы. Оның негізгі идеялары:
А) ғарышта бір-бірімен байланысты екі үдеріс бар. Оның бірі –
қирау, құру, ыдырау болса, екіншісі – қайта құрылу, күрделену, ретке
келу болмақ.
В) жасампаз үдерістің (күрделену мен ретке келтірудің өсуі) қандай
жүйе болса да бірегей алгоритмі бар. Ол үшін:
– дамитын жүйе
Достарыңызбен бөлісу: