Серік Мырзалы философия оқу құралы


«техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше  түрлі  құралдарды



Pdf көрінісі
бет399/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   521
«техника»
деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше 
түрлі 
құралдарды
айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ 
еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пен-
деге айналған жоқ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене 
мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене 
мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды 
да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып, қоршаған 
ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері оның өміріне керек 
белгілі бір қызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, 
өзінің мәресіне жетсе, адамдікі ондай жетілген болмаса да, өзінің жан-
жақтылығымен көрінеді. Мысалы, адамның қолын алайықшы: оның 
жан-жақтылығы соншалықты, тек таңғаласың. Бұл жолда дәрігерлердің 
микроскоппен жасайтын операциясынан бастап, алып механизмдерді 
жүргізетін дәрежеге дейін неше түрлі деректерді келтіруге болады.
Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да 
көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» 
мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл 
ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер 
техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, 
технологияға
белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау 
жолындағы 
әдістерді
, олардың бірінің соңынан бірі келетін 
тәртібін
айтамыз. Ендеше, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да 
қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып 
шығарылған заттың сапасы биік болады. Қазақстандағы кеңес зама-
нында салынған біршама алып өндіріс кешендерінің тоқтап тұрғанының 
себебі де осында: ондағы ескі технологиялар дұрыс нарықта өтетін
тауарларды шығаруға мүмкіндік бермейді.


472
Технология ұғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Оны 
біз өндірісте ғана емес, қоғамның басқа салаларында да қолданып 
жүрміз. Бүгін біз саясатта «пиар-технология», қоғамдық пікірді 
қалыптастыру жолында «ақпараттық технология», білім беру жүйесінде 
«педагогикалық технологиялардың» т.с.с. неше түрлерін көріп те, естіп 
те жүрміз.
Қайсыбір затты жасау үшін белгілі бір шикізатты әкелу (көлік), 
содан кейін оны өңдеу (технология), осы жолда біршама күш-қуат 
жұмсау (энергия) және шешім қабылдау мен оның іске асуын бақылау
керек. Тарихтың алғашқы сатыларында оның бәрін де адамның өзі 
жасады. Бірақ, жүре келе, жануарларды үйретіп, көлік ретінде пайда-
лана бастады. Үй салу жолында адам неше түрлі тастарды жоғарыға 
көтеретін алғашқы дәнекерлерді жасайды да, соңынан оның ішкі 
сырын ашып, механиканың алғашқы қағидаларын тудырады. Содан 
кейінгі үлкен жаңалық – адам су шығыршығын ойлап шығарып, ағыс 
күшін игерді, нәтижесінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет