Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет407/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   521
өз сана-сезімін 
соған сәйкес
қалыптастырады. Яғни қоғамдық болмыс қоғамдық сана-
сезімнің қалыптасуына шешуші ықпал жасайды.
Сонымен, қоғамдық қатынастар деп адамдардың арасында 
қалыптасатын тұрақты да қайталанатын байланыстарды айтуымызға 
болады. Мысалы, бір-бірімен таныс емес екі адам кездейсоқ кездесіп
біреуі: «Абылай хан көшесі қай жақта?» – десе, екіншісі: «Сіз қайдан 
келдіңіз?» – деп сұрауы мүмкін. Әрине, олар байланысқа түсіп, ақпарат 
алмасты. Бірақ бұл кездейсоқ байланысты «қоғамдық қатынас» деп айту 
асырасілтеушілік болар. Егерде біз профессордың күнбе-күнгі студент-


481
термен кездесіп, білім беруін алсақ, оларды қоғамдық қатынастарға 
әбден жатқызуға болады.
Қоғамдық қатынастарды
, жалпы түрде алғанда, 
горизонтальды
және 
вертикальды
деп екіге бөліп талдауға да болады. Студенттердің 
оқу барысындағы бір-бірімен қарым-қатынасы, әрине, горизонтальды. 
Ал студенттер мен профессордың арасындағы қатынастар – верти-
кальды. Ол қатынастар заңмен бекітілген. Оқытушы мен кафедра 
меңгерушісі, соңғының оқу орнының басшысымен қарым-қатынасы 
да вертикальды. Өйткені оның негізінде әртүрлі дәрежедегі билік лау-
азымы жатыр. Олай болмайынша, қоғам бейберекеттікке айналып
ешқандай тәртіп орнамас еді.
Қоғамдық қатынастар қажетті түрде әртүрлі 
әлеуметтік рөлдерді 
тудырады. «Студент», «профессор», «кафедра меңгерушісі», «ректор», 
т.с.с. қоғам өмірінде мыңдаған рөлдер бар. Тұлға жалғыз ғана бір рөлді 
ойнап қоймай, оның сан алуанына ие болады. Мысалы, профессор соны-
мен қатар «әке», «ата», «саяси қайраткер», «спортшы», «театрсүйгіш» 
т.с.с. сияқты рөлдерді атқаруы мүмкін. Демек, тек актерлер ғана театр 
сахнасында ойнап қоймай, әр адам белгілі бір рөлдерді ойнайды, оның 
сахнасы әлеуметтік кеңістікте.
Оқырманның байқағанындай, әртүрлі рөлдер бір-біріне тең емес
әрбіреуінің өз «бағасы» бар. Оны әлеуметтануда 
мәртебе 
деген ұғыммен 
береді. Мысалы, қарапайым мұғалім мен ректордың мәртебесі екі 
түрлі. Бірақ сол қарапайым мұғалім ректорлық жұмысқа тағайындалса, 
ол дереу сол мәртебенің дәрежесіне сай келуі керек. Яғни мәртебе 
оның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, ой өрісі мен сөйлеген сөздеріне, 
іс-әрекетіне т.с.с. өз әсерін тигізбей қоймайды.
Әлеуметтік мәртебесі жағынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет