486
әр адамнан өз қабілетіне қарай, қайырымына еңбегіне қарай игіліктер
бөлінеді», – деп қорытады К.Маркс.
Бүгінгі таңдағы К.Маркстің коммунизм теориясын сынаушы-
лар өздерінше оны «сілейте сынап», оған қарсы теріске ешқашанда
шығарылмайтын деректер таптық деп масаттанады. Ондай «ғұламалар»
әсіресе бүгінгі «либералдардың» араларында жиі кездеседі. Ол қандай
деректер екен?
Біріншіден, әр адамның барлық қажеттіліктерін толығынан өтеу
үшін шексіз байлық өндірілуі қажет, ал оның ешқашанда болуы
мүмкін емес, бұл дүниедегінің бәрі шектелген деген «даналықты»
олар алға тартады. Осы арада дереу бізге мынандай ой келеді:
Бүкіл дүниежүзілік қауым мойындаған аса дарынды ойшыл қазіргі
кейбір майда қоғамтанушылардан да тайыз болғаны ма? Әрине, жоқ.
Дүниедегінің барлығы шектелген, ол рас. Сонымен қатар бұл қағида
адамға да қатысты. Мысалы, жеке адамға шаққанда жылына қанша
ет, көкөніс, май, т.б. тағамдар керек екен? Ол шексіз бе? Әрине, шек-
телген. Басқа да адамға қажет материалдық игіліктерді де осы секілді
қарастыруға болады. Бірақ бұл дүниеде шектелмейтін бір ғана нәрсе
бар: ол –
Достарыңызбен бөлісу: